6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Заңсыз ойын бизнесі

Заңсыз ойын бизнесі – бұл мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, халықтың әл-ауқатын нашарлатып, жастардың болашағына балта шабатын, әлеуметтік қақтығыстарға апаратын көлеңкелі экономиканың бір бөлігі.
Өздеріңізге белгілі, 2021 жылы еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен, Қаржылық мониторингі Агенттігі болып құрылды.
Біздің орган экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарды ашу, алдын алу, анықтау және тергеумен айналысады.
Департаменттің негізгі бағыттарының бірі – қала аумағында заңсыз ойын бизнесімен күрес жүргізу.
Бүгінгі статистикада 2023 жылмен 2024 жылдың 9 айындағы атқарған жұмысқа тоқталам.
2023 жылы 13 қылмыс, ал 2024 жылдың 9 айында 7 қылмыс анықталды.
Анықталған 7 қылмыстың 5-і сот қарауына жолданып, айыптау үкімдері өз күшіне енген. Ал өткен жылғы 13 істің 10-ы сотқа жолданған болатын.
7 қылмыстық істің 4-і Instagram, TikTok желілерінде онлайн режимде ойнатылған.
2023 жылы 13 адам заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталған, оның 10-ы бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған, 1 тұлға қоғамдық жұмыстарға тартылса, 1 тұлға әкімшілік айыппұл төлеген.
Ал, осы жылдың 9 айында 13 адам осы қылмысты жасағаны үшін сотталып, сотпен айыптау үкімдері шықты.
Оның 4-іне бас бостандығынан айыру жазасы, 9-на бас бостандығынан шектеу жазалары тағайындалды.
Осы жылы қылмыстық істер аясында 18 ойын аппараттары, ноутбукпен компьютерлер, ойын карталары, фишкалар тәркіленіп, заттай дәлелдеме ретінде танылған. Сот үкімдеріне сәйкес, компьютерлік техникалар мемлекет есебіне өткізілген, ал ойын аппараттары жойылған.
Сонымен қатар, казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар тек Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.
Негізінде, Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Ойын бизнесі туралы» Заңымен реттеледі.
Осы Заңның 15-бабында — ойын мекемелеріне, букмекерлік кеңселердің немесе тотализаторлардың кассаларына келудің тәртібі мен ерекшеліктері көрсетілген.
Атап айтқанда, төменде көрсетілген адамдарға құмар ойындарға немесе бәс тігуге тыйым салынған:
1) жиырма бір жасқа дейінгі жеке тұлғалардың;
2) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген;
3) Борышкерлердің бірыңғай тізіліміндегі адамдарға тыйым салынған.
4) Мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер, құқық қорғау органы қызметкерлері.
Жалпы заңсыз ойын бизнесімен күресуде Департаментке заңсыз тұрған ойын автоматтары туралы ақпарат жолдайтын елдің белсенді азаматтары да маңызды рөл атқарады.
Осыған байланысты, Департамент басқа да азаматтарды көмек беруге шақырады.
Әрбір азаматты әлеуметтік жауапкершілік танытып, осындай фактілер жайлы хабарлауға шақырамын. Әрқайсысымыз балаларымызды құмар ойындарға тәуелділіктің зиянды әсерінен қорғай аламыз.
Егер сіз тұратын немесе мекендейтін жерде ойын аппараты орналастырылса, ол туралы Департаментке хабарлай аласыз.
Ол үшін Департаменттің +7 (7252) 77-14-48 сенім телефондарына хабарлассаңыз жеткілікті.
Шымкент қаласы бойынша ЭТД-і

Бөлісу

Related posts

город Шымкент: Проводится акция «Я твой участковый инспектор»

AdiletTV

Алматыда жер сілкінісі: Қытайда кезекті дүмпу болды

ТҰРҒЫНДАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

AdiletTV

Leave a Comment