9.3 C
Shymkent
24 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: «Құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N•108 ЖОББМ-те «Құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында 5, 6, 7-сынып оқушыларымен жедел профилактикалық жұмыстары жүргізілді. Жиналыс Қаратау АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Бексұлтан Әмзеев басшылығында өтті. Жиналыс барысында құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, кибербуллинг, жол ережесін сақтау, өзара қарым-қатынас, мектеп формасы, сабақтан себепсіз қалмау, сабақ кезінде жұмыс жасауға болмайтыны, смартфон телефон қолдану, қауіпсіздік ережелері, жұма намазы, түнгі уақытта жүруге тиым салынатындығы, ақша жинау, бопсалау мәселелері туралы айтылды. Оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Жиын соңында спорт саласында жетістікке жеткен 7-“Б” сынып оқушысы Мухаммад марапатталды. Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық-өркениетті қоғамның талабы,өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.
Балалар-еліміздің болашағы.Тек балалар үйінің тәрбиеленушілері ғана емес, қарапайым отбасы балалары да зорлық көруде. Барша адамның жауына айналған алкоголь ішімдіктері көптеген адамдарға зардабын шектіруде. Ішімдікке масайған ата-ана, балаларын қараусыз қалдырып, оларға қол жұмсап, тағдырдың тәлкегіне салуда.
Ал,өмір есігін аша сала далада қалатынына не дерсіз?!Қазірде Қазақстанда көптеген аналар жаңа туылған сәбилерін далаға тастап кетуде. Әрине, өз құрсағынан шыққан баланы далада қалдырып, өз болашағына, баланың болашағына балта шабады. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекеті, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінезін қалыптастыратын тәлімдік мұра.
Жан азабын шектірген зорлық- жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне,өз құқықтары мен мүдделерінқорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. «Ана-сая болар бағың болса, Әке-асқар тауың» дейді қазақта. Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн. Бір күн бар қуантар күн мұңайтар күн. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы-баланың көз алдындағы үлгі — өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік — ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбу насыр әл Фараби. Балалар құқығын қорғау — егемен еліміздің асыл құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу — бұл тек мемлекеттің ғана емес,сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.
Қазақстанда балалар, бүкіл әлемдегідей, үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады, алайда осы кезге дейін қоғам бұл мәселеге зейін қойып көрген жоқ. Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» мен «Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар» туралы Халықаралық құжаттарда көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.
Бала үшін ата — анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету проблемасы бойынша мәліметтер мен жетік статистикалық деректердің жетіспеу проблемасы бар елдердің қатарына Қазақстан да жатады. Мәселенің тереңдігі мен көлемі әлі де белгісіз, ал біздің қолымыздағы біркелкі емес және үзінді зерделеу нәтижелері іс жүзіндегі жағдай туралы болжамдар жасауға ғана мүмкіндік береді.
Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді деген жалған пікір қалыптастыру үрдісі байқалуда. Жағдайдың шатақ болуы мәселенің күрделілігіне байланысты, сондай-ақ балалар жайлы пікірдің индивидум және отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар құқық субъектісі болудан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Балаларға қатыгездік көрсету және адамзаттық абыройына нұқсан келтіру, оларды ата-аналарының және өзге қамқоршыларының жазалауын қоғамдық пікірдің қолдауы.
Зорлықтың түрлері:
Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;
Балаларды анасына қарсы қолдану — әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.
Тұрмыстық зомбылық қылмыстық іс болып табылады.
Бұл қасақана адам денесіне жүйелі зомбылық әрекет немесе ұрып-соғу жолымен денесіне зақым келтіру немесе психологиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.

Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық — зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.
Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.
Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз, қорғансыз бөлігі. Олардың құқығын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз ету, оларға зорлық-зомбылықсыз жарқын балалық шақ сыйлау- баршамыздың борышымыз.
А. Досмурзина

Бөлісу

Related posts

Полиция жалған нотариустың алаяқтық әрекетін әшкереледі

Әкім мен шенеуніктер киелі жерде ас бергені үшін жазаланды

ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ РЕФЕРЕНДУМ БАРЫСЫНДА СЫЙЛЫҚТАР БЕРІЛДІ

AdiletTV

Leave a Comment