1.3 C
Shymkent
24 ноября, 2024
adilettv

Шымкентте бизнес-қоғамдастық алдында бірыңғай есеп күні өтті

Шымкентте кезекті «Бизнес-қоғамдастық алдында бірыңғай есеп беру күні» өтті.
Іс-шараға бизнес, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік қызмет, бақылау және қадағалау органдары, қала прокуратурасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты.
Ағымдағы жылғы құқықтық статистикаға сәйкес қалада 2,5 мыңға жуық түрлі тексерулер тіркелген.
Іс-шара барысында кәсіпкерлерден жер учаскелерін мемлекеттік алып қоюға, сондай-ақ шикізатты кедендік тексеруден өткізуге байланысты проблемалық мәселелер айтылып, аталған шағымдар бақылауға алынды.
Сонымен қатар, Департамент «Бизнеске жол» жобасын іске асыруды жалғастыруда. Оның шеңберінде жоба қолға алынған сәттен бастап 38 кейс шешімін тауып, мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Мәселен, Департаментке кәсіпкерден «Сайрам көмекші мектеп-интернаты» КММ үшін 84 млн теңгеге азық-түлік жеткізу бойынша жеңімпаз деп танылғанымен мемлекеттік сатып алудан негізсіз бас тартылғанына қатысты өтініш келіп түсті.
Сот талқылауларының қорытындысы бойынша сатып алудан бас тарту туралы бұйрық заңсыз деп танылғанымен, сот актісі ұзақ уақыт бойы орындалмаған.
Департамент араласуынан кейін кәсіпкердің құқықтары қалпына келтіріліп, келісімшарт жасалды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және азаматтар мен бизнесті қабылдау күн сайын жүргізілуде.
Айта кету керек, сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарлауға болады.

Бөлісу

Related posts

Город Шымкент: предупреждают о последствиях наркопреступности и наркомании

AdiletTV

«МЕЙІРІМДІЛІК-АСЫЛ ҚАСИЕТ» АТТЫ ТЕРАПИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТІ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Еңбекші ауданы ПБ АПБ ЖПҚ №34 тірек пунктінде 10 айлық есеп бойынша 273 хаттама толтырылып, тиісті айыппұлдар өндірілген.

AdiletTV

Leave a Comment