-7.7 C
Shymkent
12 декабря, 2024
adilettv

АЭС САЛЫНСА ҮЛКЕН АУЫЛЫ ҚАЛАҒА АЙНАЛҒАЛЫ ТҰР – ДЕПУТАТ

Қазір АЭС-ке қарсы және қарсы емес ақпараттар арасында кәдімгідей майдан жүріп жатыр. Бәріміз сөз етіп жүрген МАГАТЭ ұйымының және АЭС салатын компаниялардың, атомдық физика институттарының сайттарында салаға қатысты бүкіл жаңалықтармен танысуға болады. Қазір жағымды да, жағымсыз да жаңалықтар жасырылмайтын болған. Бұрын атомға қатыстының бәрі жасырын сақталатын. Ал, қазір ашықтық бар. Жоғарыда атап өткенімдей әлемдік қай компанияның Қазақстанда АЭС салатыны әлі нақтыланғанбаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев сұхбат барысында айтты.

– Кейбір сарапшылар атом электр станциясының құрылысына қарсы. Жобаға қарсы адамдарға не айта аласыз? Атом электр станциясы елге қаншалықты қажет?

– Әркімнің өз таңдауы бар. Мұны Президент те қолдап, референдум өткізу қажет деп тапқан. Қазір артқа қарайтын емес, тек алға жылжитын уақыт. Семей полигонынан зардап шеккендер мен Фукусима және Чернобыльдегі жарылыстарды көргендер, жемқорлықтың салдарынан көптеген құрылыстың сапасыздығын сезгендер АЭС-тің нақты және сапалы салынатынына күмәнмен қарайды. Қарсылық осыдан туындауда. Десе де соңғы АЭС-тердің МАГАТЭ ұйымы бекіткен талапқа сәйкес салынып жатқаны сенімді арттырады. Осыдан 60-70 жыл бұрын атом станцияларының жұмысын бақылайтын мекеме болғанда, Фукусима да, Чернобыль де жарылмайтын еді. Өздеріңізге белгілі әлем ескі АЭС-терді тоқтатып, жаңасын салып жатыр. Осылай жалғаса берсе, келешекте ЖЭС, ГЭС, КЭС дегендер энергия өндірісі жойылуы мүмкін. Себебі ЖЭС-тер экологияға зиянды, ал, су, күн, жел тұрақсыз энергия көздері деп танылуда. Оның үстіне мұндай электр станциялары көп орын алатындықтан, көп орын алмайтын АЭС салуды құптап отыр. Түсінгенге, келешекте әр мемлекет өз мүмкіндіктерін арттыру үшін тек өздеріне керекті электр энергиясын өндіруі мүмкін. Ал, экспорттайтын болса, импорттаушы елдерге өте қымбатқа түседі. Ал, экономикалық дамуға бет алған біздің бизнеске де, халыққа да қымбат электр энергиясы қажет емес. Қазір монополистердің қолына қарап, миллиондап тариф төлеп жатқан жайымыз, жанымызға бата бастады емес пе? АЭС салынса нарықта жарық бағасы арзандауы тиіс. Сонда құрылысқа жұмсалған шығын да тез өтеледі. Жаңа бизнес көбейеді. Мен білетін АЭС бар елдер керемет өркендеп, барлық сала бойынша озып кеткен. Өйткені тұтынушылар тарапынан электр энергиясына су сияқты тәуелділік бар. Сондықтан АЭС-тің елге пайдасы тиетініне сенім мол.

– Атом электр станциясының құрылысы үшін орын анықталды ма? Атом электр станциясы үшін аймақты таңдаудың негізгі критерийлері қандай?

– АЭС салуға шешім бір күнде қабылданған жоқ. Көптен бері айтылып, әбден зерттеліп піскен десек те болады. Энергетика министрлігінің жанынан құрылған ведомствоаралық комиссия орын таңдады. Оны МАГАТЭ-ге ұсынды. МАГАТЭ сарапшылары Үлкен ауылында АЭС салуға болатынын растаған. Ал, әлі Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ арасынан қай елдің компаниясының Қазақстанда АЭС салатыны нақтыланғанбаған. Сондықтан даурығатын дәнеңе де жоқ. АЭС салынса Үлкен ауылы үлкен қалаға айналғалы тұр. Жақсы жаңалықты жергілікті жұртшылық қуана қарсы алды. АЭС-тің пайдасын түсінген болар. Кеңес өкіметінің кезінде өндірістік қалалар одақты аузынан қаратқан. Сол сияқты Қазақстанды электр энергиясымен қамтамасыз ететін АЭС-і бар Үлкен ауылының да тіршілігі жанданып, елімізді аузына қаратпасына кім кепіл!? Бұл деген керемет емес пе?

Қазіргі атомдық реакторлар қауіпсіз, осы басты критерий болып тұр. МАГАТЭ ұйымға мүше мемлекеттердің атом электр стансаларына халықаралық қауіпсіздік стандарттарын ұсынады. Ұйымның да, әлемнің де ғалымдары АЭС-тердің қауіпсіздігін арттыру үшін соңғы әдістер мен тәсілдерді үнемі жетілдірумен айналысып келеді. Қазір көмірді үнемдеу үшін адамдар ақылды пештер ойлап тауып жатыр. Мұның өзі тиімді жолды таңдаудың дәлелі. Тура сол сияқты бұрынғыдай қараңғы түнекте отыра бермей, баламалы энергия көздерін шаруашылық басына пайдаланатындар пайда болды. Тіпті өз үйін электр энергиясымен қамтамасыз етуге кіріскендер бар. Еті тірілер іске кірісіп жатқанда, Қазақстанға бұл тұрғыда артта қалған ұят қой.

– Осы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде ме және қоршаған ортаға әсерді бағалауды қашан жүргізу жоспарлануда?

– Мен энергетик емеспін. Атом энергетикасының ғылымдарының еңбектерімен танысатын адаммын. Қазір АЭС-ке қарсы және қарсы емес ақпараттар арасында кәдімгідей майдан жүріп жатыр. Бәріміз сөз етіп жүрген МАГАТЭ ұйымының және АЭС салатын компаниялардың, атомдық физика институттарының сайттарында салаға қатысты бүкіл жаңалықтармен танысуға болады. Қазір жағымды да, жағымсыз да жаңалықтар жасырылмайтын болған. Бұрын атомға қатыстының бәрі жасырын сақталатын. Ал, қазір ашықтық бар. Жоғарыда атап өткенімдей әлемдік қай компанияның Қазақстанда АЭС салатыны әлі нақтыланғанбаған. Бір мәлімдісі МАГАТЭ ұйымының талаптары мен стандарттарына сәйкес жоба жасалады. Яғни, қазіргі АЭСтің артықшылығы парниктік газдар шығындыларының болмауында, сейсмикалық сілкіністерге шайқалмайтынында, суды көп пайдаланбайтынында, суды да, қоршаған ортаны да ластамайтынында тағысын тағы тиімді тұстары баршылық. Ал, сапасына келсек, сапалы энергия өндіреді, сұранысты қанағаттандырады, Қазақстанның барлық салада инновациялық мүмкіндігін кеңейте түседі, білім-ғылым жүйесінің дамуына ықпал етеді. Энергетикалық тәуелсіздік энергетикалық қауіпсіздікке, әлеуметтік тұрақтылыққа, өңірлерде экономикалық дамуға, халықаралық мәртебені нығайтуға, саяси қысымнан арылуға мүмкіндік береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында АЭС-ке қаншалықты мән беру керектігін атап өтті. Осыған байланысты техникалық-экономикалық негіздемесі жасалмаса, қолға алынбайды. Ал, қоршаған ортаға кері әсер етпеуін МАГАТЭ тарапынан бүге-шүгесіне шейін ескерілген. Қазақстан одан қауіпті етуге жол бермейді. Осы уақытқа дейін жаңа үлгіде салынған АЭС-тердің ешбірі жарылмаған. Өйткені тіпті көмірқышқыл газының ауаға тарамауын талап етіп жатқан әлемдю атомдық жарылыстың болғанын мүлде қаламайды. Қоршаған ортаны ластап, ешкім АЭС салмайды. Алайда, АЭС-сіз де айналаны уран мен көмірден ластап, Қазақстан болып кіріссек те қоныстан тазарта алмай жатқанымызды ұмытпайық.

Жобаның ашықтығы және шешім қабылдауға жұртшылықтың қатысуы қалай қамтамасыз етіледі?

– АЭС стратегиялық маңызы зор станция болғандықтан оның құрылысына асқан жауапкершілікпен қарау керек. Адами фактордың кесірінен қателік кетпеуі тиіс. Технология тұрғысынан ешбір апатқа ұшыратпайтын АЭС-тердің жобасы жасалған. Мемлекет басшысы АЭС құрылысына қажетті материалдарды отандық өндірушілерге, ал, мамандарды даярлауды жауапты ведомстволарға тапсырды. Ел тілектес болса, бірнеше АЭС салуға болады. Өзімізде білікті еңбек күші жеткілікті болса қанекей? АЭС-ке қарсылық танытқанша, АЭС салуға құлшынысты жұртшылық болып арттыратын уақыт жеткен сияқты.

– Жұртшылық өкілдерінің құрылыс алаңына кіруі мүмкін бе?

– АЭС стратегиялық маңызы зор станция болғандықтан оның құрылысына асқан жауапкершілікпен қарау керек. Адами фактордың кесірінен қателік кетпеуі тиіс. Технология тұрғысынан ешбір апатқа ұшыратпайтын АЭС-тердің жобасы жасалған. Мемлекет басшысы АЭС құрылысына қажетті материалдарды отандық өндірушілерге, ал, мамандарды даярлауды жауапты ведомстволарға тапсырды. Ел тілектес болса, бірнеше АЭС салуға болады. Өзімізде білікті еңбек күші жеткілікті болса қанекей? АЭС-ке қарсылық танытқанша, АЭС салуға құлшынысты жұртшылық болып арттыратын уақыт жеткен сияқты.

– АЭС үшін технологияларды жеткізушіні таңдау процесінің ашықтығы қалай қамтамасыз етіледі?

– Өздеріңізге белгілі Қытайдың «CNNC», Ресейдің «Росатом», Оңтүстік Кореяның «KNRP», Францияның «EDF» компанияларының технологиясы тексеруден өтіп, тізімге енген. Бұдан бөлек еліміз АҚШтың «General Electric», «NuScale» компаниясының шағын модульдік реакторлары бойынша ұсыныстарын қарастырып жатыр. Әлемде АЭС салдырып жатқан мемлекеттер МАГАТЭ ұсынған компаниялармен жұмыс істеуде. Осыған қарап-ақ, сенімді компаниялар екенін білуге болады. Бізде бәрі ашық, жабық болса жалпыұлттық референдумға да АЭС салу мәселесі ұсынылмас еді.

Бөлісу

Related posts

Алматыдағы Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілді

Мерекелік күндердегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

AdiletTV

Жол қауіпсіздігіне арналған “Кибер-шериф” құрылғысы Шымкент қаласы бойынша 5 бағытта қызмет атқарады.

AdiletTV

Leave a Comment