33.3 C
Shymkent
24 августа, 2025
полиция

Шымкент қаласының тұрғындарына сыбайлас жемқорлық туралы хабарлама үшін 9 млн теңге төленді

Ағымдағы жылдың 9 айында Департаментпен қаланың 5 тұрғыны 8,8 млн теңгеге көтермеленді.
Аталған тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлауынан кейін жемқорлықтың жолы кесіліп, сот үкімдері шыққан.
Қағидаларға сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдар үшін заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар қарастырылған.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашуға жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеу азаматтар хабарлаған адамдарға қатысты сот үкімі шығарылғаннан кейін жүргізіледі.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы кез келген азамат Антикордың 1424 Call-орталығына хабарлай алады немесе жұмыс күндері сағат 9:00-ден 19:00 аралығында Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 3 мекенжайы бойынша Antikor Ortalygyна келе алады.
Мегаполис тұрғындарын сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты қайда хабарлау туралы кеңінен хабарландыру мақсатында Департамент тарапынан қаланың түрлі орындарында сенім телефоны туралы жарық графика жұмыстары ұйымдастырылуда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: «Есірткісіз болашақ» тақырыбында кездесу өткізді.

AdiletTV

Шымкент қаласы: өткен жылы есірткімен байланысты жалпы 612 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

AdiletTV

«Қоңырау шалсам бола ма?»: алаяқтықпен тұрғындардың телефондарын жымқырған шымкенттік ұсталды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз