ҚҰРАМЫНДА ҚАНТЫ БАР ГАЗДАЛҒАН СУСЫНДАРДЫ ІШПЕУДІҢ 10 СЕБЕБІ
1 Құрамында қанты бар газдалған сусындар ішкі ағзалардың семіруіне әкеледі
Бұл висцеральды майдың пайда болуын көрсетеді. Висцеральды май – іш қуысында жинақталатын дене майының бір түрі. Бұл май тінінің ең қауіпті түрі – созылмалы ауруды тудыратын, қант деңгейін жоғарылататын және қан тамырларын бұзатын токсиндерді шығарады. Оның ағзада басым болуы 2 -типті қант диабеті, гипергликемия, гипертония және басқа да жүрек – қан тамыр патологиясы сияқты метаболикалық аурулардың даму қаупінің жоғарылауымен байланысты.
2. Тәтті газдалған су қартаю процесін тездетеді
Қартаюды тездететін ең зиянды сусын. Ғылыми деректер, егер қартаю туралы айтатын болсақ, тәтті газдалған сусын ең зиянды сусын екенін көрсетеді. Қант қосылған газдалған сусындарды үнемі ішу аурулардың дамуына әсер етуі мүмкін – қанттың метаболикалық бақылау механизмдеріне қажетсіз жүктеме тудырып қана қоймай, сонымен қатар тіндердің жасушалық қартаю процесін тездетеді.
3. Газдалған сусындар инсулинге төзімді болуға әкеледі
Инсулинге төзімділік туралы түсінік беру қажет.
Инсулинге төзімділік – бұл инсулиннің әсеріне тіндердің сезімталдығын төмендету, ол қандай да бір ауыр дерт болмаған жағдайда өрбуі мүмкін. Инсулин – ұйқы безінде бөлінетін маңызды гормон және қандағы глюкозаның шоғырлануын төмендететін денедегі жалғыз гормон. Инсулин маңызды көптеген биологиялық реакцияларға қатысады, мысалы, бұлшықеттерде ақуыздардың түзілуін белсендіреді, бауырда майдың жиналуын ұстап тұрады, бірақ глюкозаға қатысты реттеуші әсері оның әрекетінің негізін құрайды.
Инсулинге төзімділік несімен қауіпті?
Адамдардың зат алмасуында қатты өзгерістер болмаса да, инсулинге төзімділікте ерте қартаю процесі болады, сонымен қатар бүгінде бұл ауыр жүрек-қан тамыры патологиясымен және олардың қауіпті асқынуларымен (инсульт, инфаркт, ми қан айналымының жіті бұзылуы, диабеттік нейропатия және т.б.) байланысты екені белгілі.
Көптеген әйелдер, әсіресе орта жастағы әйелдер, артық салмақтан зардап шегеді. Артық салмақты тастау мүмкін емес, диета көмектеспейді. Көңіл-күйі де мәз емес. Адамның жасы мен іштегі майлы тіндердің жиналуы (абдоминалды семіздік деп аталады, орталық түрі бойынша) – инсулинге төзімділіктің дамуын қоздыратын және оның күшеюін ұстап тұратын маңызды екі фактор. Бізге таныс тәтті газдалған сусындардың құрамына глюкоза мен фруктозаның көп мөлшері кіреді.
Сусын адам ағзасына түскен кезде ұйқы безі қанттың көп түсуіне байланысты белсендіріледі, көп мөлшерде инсулин шығара бастайды, ал бұл процесс қандағы қант деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Егер тәтті сусындарды үнемі ішетін болса, инсулин деңгейі үнемі жоғарылайды, бұл инсулинге төзімділікке, метаболизм деңгейінің бұзылуына әкеледі, ал бұл, өз кезегінде, қант диабетінен қатерлі ісікке дейінгі көптеген дертті тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, газдалған суды үнемі ішу семіздіктің қалыптасуына ықпал етеді.
Prepared table with drink for party
4. Газдалған сусын жүрек ауруына әкеледі
Жүрек аурулары да жүрек-қан тамырлары аурулары немесе жүрек және қан тамырлары аурулары сияқты белгілі. Бұл аурулар бүкіл әлемде «бірінші өлтіруші» мәртебесін алып отыр.
Алкогольсіз тәтті сусындар, әсіресе 45 жасқа дейінгі адамдар үшін уақыт бомбасына айналады. Шынында да, жас кезінде адам диабет немесе семіздік ауруына көбірек ұшырайды.
Жүрек аурулары жүрек ұстамасы, жүрек жеткіліксіздігі, инсульт және т.б. да қамтиды. Сіз онымен бірнеше жыл өмір сүре аласыз, тіпті бірнеше инфаркттан аман қалуыңыз мүмкін, бірақ бұл мүгедектікке немесе қарттыққа әкелуі мүмкін.
5. Тәтті сусындар диабеттің даму қаупін арттырады
Жоғарыда айтылғандай, газдалған сусындарды ішу қант диабетіне әкелуі мүмкін. Әлемнің көптеген елдерінде тәтті сусындарды ішуден пайда болған қант диабетінен көптеген адамдар қайтыс болады.
Әркім бұл туралы ойлануы тиіс және мұндай сусындарды айтарлықтай азайту қажет немесе рационнан мүлдем алып тастау керек. Олардың денсаулыққа пайдасы жоқ, ал тұтынылатын тәтті сұйықтықтың мөлшерін азайту мүмкіндігі өлім санын жыл сайын ондаған мыңға азайтады.
6. Тәтті сусындар Альцгеймер ауруына әкеледі
Тәтті сусындар Альцгеймер ауруының даму қаупін арттыруы мүмкін!
7. Газдалған сусындар мидың қатты зақымдануына әкеледі
Қант алмастырғыш аспартам (E-951) — кейбір өнімдер мен газдалған сусындардың құрамына кіретін компонент, барлық заттардың ішіндегі ең даулы комонент болуы мүмкін. «Ұлы дәуір» медиа-жобасының хабарлауынша, еуропалық «Диеталық тамақтану журналы» жариялаған талдауда Оңтүстік Африка ғалымдары аспартам – метанол компоненттерінің біреуінің ғана емес, сонымен қатар басқа элементтердің (фенилаланин және аспарагин қышқылы) де миға әсер ету мүмкіндігіне баға берді.
Талдау ұзақ және егжей-тегжейлі жасалған және ғылыми жұмыстарға 50-ден астам сілтеме көрсеткен.
Фенилаланиннің әсер етуін талдауда авторлар бұл заттың ми химиясын бұзу қабілетін, оның ішінде мидың негізгі химиялық қосылыстарының, мысалы, серотониннің деңгейін төмендету қабілетін егжей-тегжейлі сипаттайды (бұл әртүрлі аймаққа, оның ішінде көңіл-күйге, мінез-құлыққа, ұйқыға және тәбетке теріс әсер етуі мүмкін).
Авторлар фенилаланинде амин қышқылдарының метаболизмін, жүйке функцияларын және организмдегі гормоналды тепе-теңдікті бұзу мүмкіндігі бар екенін айтады. Олар аспартам жүйке жасушаларын зақымдауға қабілетті және бұл тіпті Альцгеймер ауруын тудыруы да мүмкін дейді.
Сіздің қалай қарайтыныңызды білмеймін, бірақ газдалған сусындарды, шырындарды және энергетиктерді ішпей, осы жаман әдеттерден аулақ болу жеткілікті болар еді.
8. Кейбір сусындардағы карамель бояуы қатерлі ісікке әкеледі
Егер сіз кока-кола, пепси немесе кез келген басқа да сусын ішуді жақсы көрсеңіз, мынаны тыңдауыңыз керек.
2011 жылы «Қоғам мүддесі үшін ғылым орталығы» жариялаған жан түршігерлік соңғы деректер Coca-Cola мен Pepsi-де пайдаланылатын «карамель» деп аталатын бояу қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін деп мәлімдеді.
Содан бері Coca-Cola және Pepsi басқа бояғыштарға көшті деп мәлімдейді. Дегенмен, олардың құрамында қауіпті химиялық заттардың болуы мүмкін. Сондықтан … Мұндай сусындардан сақтану керек!
9. Газдалған сусындардағы қант тәуелділікті тудырады
Қант мидағы гормонды шығарады, ол өзіңді жақсы сезінуге мәжбүрлейді. Тәттіні жақсы көретін кейбір адамдарды білетін боларсыз, мүмкін? Оның нашақор сияқты қантты іздеп тұратынын білерсіз …
Ғалымдар қантты жақсы көретін адамдарды нашақорлармен салыстырады, мынаны ескертеді – тәтті өткінші ләззат беріп қана қоймайды, тәтті жеу әдетке айналады, ақырында, денсаулықты құртады.
Бұл да кокаинге тәуелділік сияқты!
10. Газдалған сусындар тісті құртады
Тәтті газдалған сусындарда болатын ортофосфор қышқылы кальцийдің сіңуіне кедергі келтіріп, остеопорозға әкелуі мүмкін екені сізге белгілі болар — бұл тек сүйектерге ғана емес, тістерге де жаман әсер етеді.
Гонконг университетінің отбасылық стоматология профессорының орынбасары доктор Чу Чун-хун және оның әріптестері жақында бастауыш сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізіп, олардың көпшілігінің тістері эрозияға, сондай-ақ басқа да ауыр стоматологиялық ауруларға бейім екенін анықтады.
Он екі жастағы алты жүз мектеп оқушысының арасында шамамен 75% -да эрозияның басталуы анықталды. Әрбір бесінші балада кариозды зақымдану анықталды, олардың жартысы емделмеген. Зерттеушілер ұлдарға қарағанда қыздардың көбі кариеске ұшырайтындығын анықтады.
Мамандардың айтуынша, мектеп оқушыларындағы эрозия мен кариес үнемі қышқыл мөлшері жоғары тағамдарды жеуден пайда болған. Балалардың ата-аналары ғалымдардың болжамын растады, балалардың шамамен 20% – ы газдалған су мен жеміс шырындарын жиі ішеді екен.
Сізге және сіздің балаларыңызға бұл үлгі болу керек немесе бұдан сабақ алу қажет — газдалған сусынды ішу зиянды!
Мұндай зиянды әдеттен қалай арылу керек?
Бірнеше кеңес бар…
Әдетті өзгерту керек. Мүмкін сіз жұмыс кезінде жақын автоматқа дейін осы сусындарды ішіп серуендеуді жақсы көретін шығарсыз. Олай болса, маршрутты өзгертіңіз. Еліктемеу үшін және тұрақты сатып алу нүктелерінен өтпеу үшін ол жаққа тіпті қарамаңыз.
Сүйікті сусынды ауыстырыңыз. Газдалған сусыны құрамында қанты немесе жасанды тәттілендіргіші жоқ басқа да сусынға алмастырып көріңіз. Мысалы, шөлді басу үшін шөп қосылған (жалбыз, жаужапырақ және басқа да шөптер) шайды, пайдалы лайм (лимон) шырыны бар суды немесе бір стақан үй сүтін ішіп көріңіз.
Мақсатыңызды біліңіз. Бұл сусындарды ішпейтін күнді белгілеп алыңыз. Мақсат қойыңыз: арықтау, ет алу, аурулардан сауығу және т.б