Нашақорлық — жалпыға бірдей маңызды мәселе. Бүгінде біздің елмен қатар, бүкіл әлем бұл індетпен жаппай күресуде. Бұл жұмыстарда бірінші кезекте өскелең ұрпақтың, балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету алғышарт болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алудың ең қарапайым, тиімді және қолжетімді профилактикалық әдісі — белсенді түсіндіру жұмысы болып табылады.
Осы орайда, полицейлер Еламан мөлтек ауданындағы №127 жалпы орта мектебінің оқушыларымен «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында арнайы кездесу өткізді.
Полицейлер бүгінде нашақорлық көптеген әр түрлі қылмыстардың, соның ішінде ауыр және аса ауыр санаттағыларының орын алуына тікелей себеп болатынын, одан аулақ болу қажеттілігін, өскелең ұрпақ өнегелі жолмен қалыптасуы қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстану мен жат қылықтардан аулақ болуға шақырды.