Инсульт ми қан айналымындағы проблемадан туындайды. Геморрагиялық инсульт – ми қантамырының бірінің үзілуі, түйілуі немесе тығындалуы, ал ишемиялық инсульт – тамыр өз қабырғасының тұтастығын сақтағанымен, қанның ағымы тромбымен түйілуіне немесе тығындалуына байланысты тоқтап қалуы.
Екі жағдай да жақсылыққа әкелмейді. Біріншісінде жоғары қысымды көтере алмаған қан тамыры жарылып, ми заттегіне келіп түседі. Құйылған қан миды басып, оны ісіріп, бір бөлігін жансыздандырады. Бұл инсульт көбіне ауыр, депрессиялы күндерден соң тууы ықтимал. Кешкілік бас жарылып кетердей қатты ауырып, заттар қызыл түсті боп көріне бастайды. Лоқсып, құсуға дейін барады. Соққының осындай алғашқы белгілерінен соң, науқаста қимыл-қозғалыс, сезгіштік, сөйлеу қабілеттері бұзылып, естен танып, комадан бір-ақ шығуы мүмкін. Ал ишемиялық инсульт қантамырлардың бітелуіне байланысты жүрек, бүйрек, ми инфарктісіне жеткізеді. Оған әсер ететін факторлардың ішінде стресс, ауа қысымының құбылмалылығы, қажу, шаршау, ішімдік, артық салмақ, қандағы қант деңгейінің көтерілуі бар. Бұл инсульт көбінесе қарт адамдарда кездесіп жатады.
Жалпы, статистикада: инсультке шалдыққандардың 31%-ы арнайы күтімге зәру болса, 20%-ы өздігінен жүруден қалады, тек 8% науқастар ғана ұзақ реабилитациядан кейін қалыпты өмірге оралуы мүмкін екені айтылады. Бір қиыны – инсультті алдын-ала болжау. Қазір күліп отырған адам бірнеше минуттан соң жедел жәрдем шақыруға жағдайы келмеуі мүмкін.
Қандай адамдарда инсультке шалдығу қаупі жоғары?
— Гипертониядан зардап шегетіндер;
— Жүректе дерті барлар (мәселен, жүрек жетіспеушілігі немесе жүрек ырғағының бұзылысы);
— Қант диабетіне шалдыққандар (диабет тамырларға зақым келтіреді, қан құйылу қаупін жоғарылатады);
— Артық салмақтың болуы;
— Белгілі бір препараттарды қабылдау. Олардың кейбірі эстрогеннің деңгейін өзгертеді (мысалы, жүктілікке қарсы дәрі);
— Қимыл-қозғалыстың жетіспеуі;
— Қанда холестерин деңгейінің жоғарылауы;
— Шылым шегетіндер;
— Ұйқы кезіндегі апноэмен зардап шегетіндер;
— Жасы 55-тен асқандар. Осы жастан асқаннан кейін әр он жыл сайын инсультке шалдығу қаупі өсе береді.
— Өкініштісі, инсульт отбасылық дәстүрге ие, яғни жақындары осы ауруға тап болғанның басқа да туысына кесел өтуі ықтимал;
— Ер адамдарға қарағанда әйелдерде инсультке шалдығу көрсеткіші айтарлықтай төмен.
Инсультты дер кезінде анықтай білсе, оның салдарынан туындайтын көптеген проблемалардың жолын кесуге болады. Инсульттан кейінгі 3-6 сағат, яғни «терапиялық терезеде» – медициналық көмектің пайдасы орасан зор. Бірақ, көптеген адамдар инсульттің алғашқы белгілеріне назар аудармай, өте шығатын тағы бір бас ауруы ғой деп қабылдап, маңызды сағаттарын желге ұшырып жатады. Сол себепті, бұл аурудың алғашқы белгілерін білу өте маңызды.
Инсульттің негізгі белгілері:
— бірден бас қатты ауырады;
— адам есінен танады;
— тепе-теңдіктi ұстау мүмкін емес, адам нық жүре алмайды;
— бір жақ толығымен ұйып қалады;
— сөйлеуде қиындықтар болады, бірде-бір сөзі түсінікті болмауы мүмкін;
— көздің көруі нашарлайды, кейде екі көз де көруден қалады;
Ол нақты инсульт екенін қалай білеміз?
Күдіктенген адамыңыздан бірнеше оңай қимыл-қозғалыс жасауды өтініңіз:
— Күлу. Егер адам жымия алмаса немесе тек бір жаққа қарай жымиса, тез арада дәрігер шақырыңыз.
— Сөйлесу, жауап беру. Ол адамнан сұрағыңызға толық жауап беруін не қысқа өлең жолдарын қайталауды сұраңыз. Инсульттан соң, артикуляция бұзылуынан адам сөзі анық шықпайды.
— Тілін шығару. Егер адам оны жасай алмаса, не тіл тек бір жақа қарай қисайып тұрса, бұл нақты инсульт.
— Екі қолын бірдей көтеру. Адам инсульт кезінде екі қолын бірдей басқара алмайды. Сол сияқты екі қолын алға қарай создырыңыз. Егер біреуі өзіне бағынбай төмен құлай берсе, бұл инсульттың белгісі.
— Смс жазу. Генри Форд ауруханасының зерттеушілері инсульттің басқа белгілері кездеспейтін адамдардың хабарламаны жазғанда түсініксіз, мағынасыз сөздерді тере беретінін анықтапты. Бірақ, өздері оны байқамайды екен.
Егер адам осы аталғандардың кез келген біреуін жасай алмаса, жедел жәрдем нөмерін тере беріңіз.
Егер адамда инсульт болса, не істеу керек?
Алдымен, жедел жәрдем шақырыңыз. Міндетті түрде, медицина қызметкерлерін алғашқы көріністен хабардар етіңіз, оның есінен танғанын, тепе-теңдік жоғалтқанын, бір қолын көтере алмай жатқанын айтыңыз. Инсультта кәсіби мамандардың көмегі ауадай қажет.
Жедел жәрдемді шақырған соң, науқасты жастыққа жатқызып, тар киімдерін шешіп, есік-терезені ашып, таза ауамен қамтамасыз етіңіз. Су не тамақ беріп жүрмеңіз, себебі, органдардың функциясы бұзылуна орай, оны жұту аса қиындық тудырады. Егер мүмкіндік болса, артериалды қысымын өлшеңіз. Егер жоғарылап кетсе, күнделікті оны түсіру үшін қабылдайтын дәріні беріңіз. Ондай препарат жоқ болса, ештеңе бермеңіз.
Инсульт профилактикасы қандай?
Әрине, дерттің көбі өмір сүру салтын дұрыс сақтамағаннан жабысып жатады. Mayo Clinic зерттеу ұйымының сарапшылары инсультті болдырмау үшін төмендегі шараларды сақтауды ұсынады:
1. Дене салмағын қадағалау қажет
Артық салмақ бірнеше инсульт факторларын тудыратын қауіптің белгісі. Оның кесірінен артериалды қысым көтеріліп, жүрек-қан тамыр аурулары туындап, диабет дамуы ықтимал. 4-5 келі жоғалтудың өзі сізден көптеген қауіп-қатердің бұлтын сейілтеді.
2. Көбірек көкөніс пен жеміс-жидек пайдаланыңыз.
Көкөністер қан қысымын төмендетуге, тамырдың иілгіштігін жақсартуға әсер етеді. Ал бұл өз кезегінде инсульттың ең дұрыс профилактикасы болмақ.
3. Темекіден бас тартыңыз
«Анда-санда шегемін» деген сөз де ақталуға жатпайды. Ол белсенді шылым тартатындар секілді тамырлардың жұмысына аса кедергі келтіреді.
4. Жаттығыңыз
Физикалық белсенділік инсульттың барлық түрінің дамуын төмендетеді. Әсіресе, аэробты жаттығулардың пайдасы көп: жүру, жүгіру, суға жүзу, велосипед айдау, жүктемесі аздау фитнес…
Күн сайын кем дегенде 30 минут ілгерідегі жаттығуларды жасап жүріңіз. Бұл –салмақты азайтып, толық қан айналымын жақсартып, стресстен арылтады.
5. Ішімдікті рационнан сызып тастаңыз
Спирттік суындар артериалды қысымды көтеруші фактордың бірі.
6. Трансмайларды аз қолданыңз
Тарнсмайлар тамырлардағы бос аралықты азайтады. Ол – тромбтың пайда болуының алғашқы түрткісі. Сол себепті, фастфуд, чипсы, крекер, маргарин секілді тағамдарды азырақ қолдануға тырысыңыз.
7. Артериалды қан қысымын бір қалыпта ұстаңыз
Қысымды 130/80-ге дейін жеткізбеңіз. Егер мұндай жағдай бола қалса, терапевттің консультациясын алғаныңыз жөн.
8. Диабет – қауіпті!
Диабеттің қаншалықты қауіпті екенін біле тұра науқастар өз деңгейінде күрес жүргізбей жатады. Өзіңізді тыңдай отырып, оның алғашқы сатысында-ақ кеселдің бетін қайтаруға болады.
Өкінішке қарай, инсульттің қаупін нөлдік деңгейге жеткізу мүмкін емес. Профилактикалық шаралардан бөлек, инсульт қалай келетінін және жедел қандай шаралар қолдану керегін кез келген адам білу керек. Өзіңізге не жақын туысыңызға көмегіңіз тиіп қалуы ғажап емес.
Инсульт дегеніміз – бұл ми қанайналымының жіті бұзылуы.
Ишемиялық инсульт – бас миы тамырының қан ағысымен келіп түскен атеросклерозды түйіншекпен немесе тромбпен жабылуы кезінде пайда болады.
Геморрагиялық инсульт – қантамыр үзілген кезде пайда болатын ми ішіне қан құйылу.
Жыл сайын Қазақстанда:
— 40 000 адам инсультке шалдығады
— алғашқы 10 күн ішінде 5000 адам қайтыс болады
— инсультке шалдыққан әрбір үшінші емделуші күтім бойынша бөгде адамның көмегіне мұқтаж
— әрбір бесінші емделуші өздігінен жүре алмайды
— инсульттен кейін аман қалған әрбір бесінші емделуші өз денсаулығын қалпына келтіріп, қалыпты өмірге оралады.
Инсульттің пайда болу қауіп-қатерлерінің факторлары
— жоғары артериялық қысым
— темекі тарту және ішімдікке салыну
— қандағы холестериннің аса жоғары деңгейі
— дене белсенділігінің жеткіліксіздігі
— дененің артық салмағы
— жүрек аурулары
— өткенде өткерген инсульт
— тұқым қуалаушылық
Инсульттің алдын алу
— өз артериялық қысымыңызды бақылап отырыңыз
— қандағы холестерин мен глюкозаның деңгейін қадағалаңыз
— темекі тарту мен ішімдікке жоқ деңіз!
— тамақтану рационында тұздың, май мен қанттың қолданылуын шектеңіз
— көбірек серуендеп, қозғалыңыз
Өзіңізде танып-біле алатын симптомдар:
— қол немесе аяқтардың кенеттен ұйып қалуы
— бақылауды кенеттен жоғалту (адам қайда тұрғандығын түсіне алмайды, анық сөйлей алмайды)
— көзге қос көріну немесе анық көрмеу
-жүрек айну/лоқсу
Инсультті танып-білуге көмектесетін және уақытылы түрде «жедел жәрдем» шақыруға көмектесетін симптомдар: беттің ассиметриясы; қолдың кенеттен босаңсуы; түсініксіз және анық емес сөйлеу, осы жағдайларда шұғыл түрде «жедел жәрдем» шақыру қажет.
Жедел жәрдем келгенше не істеу қажет?
— адамды көлденең жатқызу, мойын иілмес және қанағымы нашарламас үшін бас, иығы жастық үстінде болуы тиіс;
— дем алуына кедергі келтіретін киімді ағыту, таза ауаның келуіне қолжетімділік жасау;
— тіс протездерін алып шығу;
— егер де адам лоқсыса, басын бүйір жаққа бұрып, құсықтың тыныс алу жолдарына кіруіне және тілдің түсіп кетуіне жол бермеу үшін құсықты алып тастау.
Инсульт – мидағы қан айналымының жіті бұзылуы нәтижесінде дамитын ауру, нәтижесінде ми тіндері зақымданып, оның қызметі бұзылады.
Инсульттің екі негізгі түрі бар:
1. Ишемиялық – мидың артериялық тамырларының бітелуімен немесе түйілуімен байланысты және аймақты қанмен жеткіліксіз қамтамасыз ету және некроз аймағындағы жүйке жасушаларының өлуі және ми инфарктінің дамуы.
2. Геморрагиялық – артерияның немесе венаның жарылуымен және ми заттегіне немесе оның қабықшаларының астына қан құйылумен байланысты, айналасындағы жүйке тінін қысып, нейрондардың өлуіне және ми ісінуінің дамуын ынталандырады.
Мидағы қан айналымының кез келген бұзылуы жағдайында оның жасушаларының қалыпты қоректенуін мүмкіндігінше тез қалпына келтіру керек. Бұл олардың одан әрі өлімін тоқтатады және ауыр асқынуларды болдырмауға көмектеседі.
Инсульттің белгілер:
• Беттің қисаюы – адамнан күлімсіреуді, бетін томпайтуын, тісін көрсетуін сұрау керек. Инсульттің ықтимал белгісі — мұрын-ерін қатпарының асимметриясы, беті салбырау, езуі қисаю.
• Сөйлеудің бұзылуы – адамның сөйлей алмауы немесе адам өзінің не айтып тұрғанын түсінбей, сөздерді шатастыруы – инсульттің белгісі болуы мүмкін.
• Қолдың немесе аяқтың әлсіздігі – егер адам қолының кенеттен ебедейсіздігіне, қолмен анық жаза алмауына шағымданса.
Егер бұл белгілер анықталса, тез арада жедел жәрдем шақыруыңыз керек!
Инсульт дамуының қауіп факторлары:
• Жасы – инсульттің жиілігі 50 жастан кейін артады
• жынысы – 40 жастан асқан ерлерде әйелдерге қарағанда инсульттің даму қаупі жоғары.
• отбасылық анамнез және тұқым қуалайтын бейімділік
• темекі шегу – инсульт қаупін екі есе арттырады
• психологиялық факторлар – стресс, депрессия, шаршау
• алкоголь, есірткі тұтыну және дәрі-дәрмектер – ауыз арқылы қабылданатын контрацептивтер қабылдау
• артық салмақ пен семіздік
• дұрыс тамақтанбау
• физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі
Инсульттің алдын алу, ең алдымен, денеге теріс әсер ететін факторларды жою үшін өмір салтын түзетуді қамтиды.
Профилактикаға не кіреді:
Қан қысымын бақылау
Артериялық гипертония – инсульттің ең көп тараған себебі, ол геморрагиялық инсультке әкелетін мидағы қан кетуді тудырады; Дәрігердің ұсынымдарын жүйелі түрде орындау және қан қысымын қалыпты шектерде ұстау өте маңызды.
• Холестеринді бақылау
Холестерин түйіншектері мидағы артерияларды бітеп, ишемиялық инсультке әкелуі мүмкін. Холестерин деңгейін бақылау маңызды, егер олар көтерілсе, рационыңызды реттеңіз.
• Қандағы қантты бақылау
Қандағы қант деңгейінің жоғарылауы немесе тұрақты жоғарылауы инсульт қаупін 2-3 есе арттырады. Ең алдымен рационнан майлы және тәтті тағамдарды алып тастаңыз. Қант диабетімен ауыратын болсаңыз, қант деңгейін бақылау және глюкозаны төмендететін дәрілерді уақытында қабылдау маңызды.
• Салмақты бақылау
Артық салмақ инсульт қаупі арттырады, сондықтан оны бақылау керек. Тіпті 3-5 кг салмақ жоғалту инсульт қаупін айтарлықтай төмендетеді. Рационда құрамында талшығы бар өнімдер басым болуы керек: көкөніс, жеміс-жидек.
• Жаман әдеттерден арылу
Белсенді және пассивті темекі шегу және алкоголь тұтыну инсульт қаупін арттырады
• Дене белсенділігі
Тіпті ең қарапайым таңертеңгілік жаттығулар денеге пайдалы әсер етеді. Физикалық белсенділік артық салмақтан арылуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар денеңізді күшті және серпімді етеді. Бірақ жүктеме жас ерекшелігін және ауруларды ескере отырып, адекватты болуы керек екенін түсінуіміз керек. Егде жастағы адамдар үшін таза ауада күнделікті ұзақ серуендеу жеткілікті.
Медиа-іс-шаралар: Мақсаты: халықтың денсаулығын нығайту және сақтау, өмірдің барлық кезеңдерінде мінез-құлықтың қауіп-қатер факторлары мен әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу, халықты скринингтік зерттеп-қарау шаралары туралы халық арасында білім мен дағдыларды арттыру. 1. Артериялық гипертензияның алдын алу бойынша денсаулық мектептерінің, мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу бойынша денсаулық мектептерінің қызметі туралы ақпаратты орналастыру арқылы тұрғындардың дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру және насихаттау (көкөністерді, жемістерді, фортификацияланған, тазартылмаған, төмен калориялы табиғи өнімдерді және физиологиялық толыққанды ауыз суды тұтыну), тәттілерді, жануарлар майларын, транс май қышқылдары мен тұзды тұтынуды шектеу, дене белсенділігін дәріптеу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулықты нығайту туралы баспасөз хабарламаларын, ДСБ-ның, медициналық ұйымдардың Web-сайтына баннерлерді орналастыру,. 2. Мидағы қан айналымының жіті бұзылуының негізгі белгілері туралы, халықтың өз денсаулығы үшін алдын алу және жауапкершілігін арттыру шаралары, стресске төзімділігін дамыту туралы, ауруларды, мүгедектік пен өлім-жітімді болдырмауға мүмкіндік беретін негізгі құрал ретінде скрининг пен профилактикалық қарап-тексерудің маңыздылығы туралы мерзімді республикалық және/немесе өңірлік баспа басылымдарында (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жарияланымдар орналастыру. 3. Халықтың, әсіресе еңбекке қабілетті жастағы адамдардың аурушаңдығының, өлім-жітімінің және мүгедектігітің жетекші себебі болып табылатын бас миының қан тамырлары аурулары туралы, тәуекел факторлары мен профилактикалық іс-шаралар туралы, инфекциялық емес аурулардың
профилактикасы мен скринингтік қарап-тексерудің маңыздылығының дәрежесі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында мемлекеттік және орыс тілдерінде теледидар арналарында, радиостанцияларда жұртшылық назарын аудару, соның ішінде сапалы (физиологиялық тұрғыдан толық құнды) пайдалы өнімдерді тұтыну, ауыз су және ауыз су режимі мәселелерін, мінез-құлықтық және биологиялық қауіп факторларын бақылау. 4. Ми қан айналымының жіті бұзылуының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, коронавирустық инфекцияның алдын алу, республика азаматтарының өз денсаулығы үшін бірлескен жауапкершілігін арттыру, профилактикалық тексерулерден уақтылы өтудің маңыздылығы, әсіресе қауіп факторлары бар адамдарға, МСАК ұйымдарындағы LED — мониторларда аудио-бейнероликтерді трансляциялау арқылы радио мен телеарналарда әлеуметтік жарнаманы тұрақты трансляциялауды ұйымдастыру. 5. Ми қан айналымының жіті бұзылуының белгілері, инсульттің алғашқы белгілері — FAST, мінез – құлықтық және биологиялық қауіп факторларының алдын алудың маңыздылығы, атап айтқанда жоғары артериялық қысымды, қандағы глюкоза мен липидтер деңгейін қалыпқа келтіру, сондай-ақ артық салмақ пен семіздікті азайту туралы, жыл сайынғы профилактикалық тексерулер мен скринингтен өту, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі маңыздылығы туралы сыртқы жарнаманы (жүгірме жолдар, жарықдиодты дисплейлер, баннерлер, билбордтар, Roll-up және т. б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруды қамтамсыз ету. 6. Қан айналымы жүйесі ауруларының, мидағы қан айналымының жіті бұзылуының, инсультқа тесттің алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын тираждауды қамтамасыз ету, инсультқа тест — FAST, қауіпті факторларды жою, оның ішінде жоғары артериялық қан қысымын, қан құрамындағы глюкоза мен лиидтерді қалпына келтіру мен бақылау, темекі шегуден бас тарту, сондай-ақ әлеуметтік желілерде, контекстік жарнамада және скрининг тақырыбына арналған әлеуметтік маркетингтің басқа да түрлерінде пайдалану үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде артық салмақ пен семіздікті азайту, теңгерімді тамақтану, жеткілікті дене белсенділігі және т. б. мен салауатты өмір салты аспектілері бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын мемлекеттік және орыс тілдерінде тарату. 7. Әлеуметтік желілерде пайдалану үшін мидағы қан айналымының жіті бұзылуының және мінез-құлықтық тәуекел факторлары мен әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық коммуникациялық материалдарды (инфографиканы) мемлекеттік және орыс тілдерінде Facebook, Vконтакта, Instagram, контекстік жарнама және ақпараттық материалдардың әлеуметтік маркетингінің басқа да түрлерінде жариялау.
Маңызды! Алдын алу шаралары туралы біліп, оларды уақытылы жүзеге асыру арқылы сіз инсульттің даму қаупін анағұрлым төмендетесіз. Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және сау болыңыз!
Ордабасы аудандық орталық ауруханасының невропатолог дәрігері Б.М.Срайыл