8.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
adilettv

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасы-Конго- Қырым қанды қызбасы (КҚҚҚ)- адамның өткір вирустық ауруы туралы түсіндірді.

•Конго- Қырым қанды қызбасы (КҚҚҚ)- адамның өткір вирустық ауруы, екі толқынды қызбамен, жалпы интоксикациямен және тромбогеморрагиялық синдроммен, жоғары дәрежедегі өліммен сипатталады
•Жануарлар вирустың уақытша қоймасы болып келеді
•( ірі қара мал, қойлар, ешкілер). КҚҚҚ эпидесмиологиясын да Қазақстанның оңтүстігінде мекендейтін Dermacentor niveus кенелердің ролі маңызды.
Жұқтыру жолдары
•Трансмиссивті кенелердің шағуы арқылы
•Байланыстық науқастың жұқтырылған қанының кенені езу барысында теріге түсу барысында.
Жұқтыру
Иксодалық кенелердің жабысып сору нәтижесінде шағу арқылы
Науқастың қаны мен қанды шығындылары арқылы
Вирустың теріге және шырышқа түсу барысында
Жануарды сою және етін бөлу кезінде жұқтырылған қан арқылы
Кенелерді қолмен алып тастау кезінде
Кене шығындыларының дененің ашық бөлшектеріне түсу барысында
Клиникалық көріністері.Бастың қаттты ауырсынуы,әлсіздік,бұлшық еттерсен сүйектердің ауырсынуы
Қуыстық қан кетудің арасында жиі жатырлық және асқазан-ішек қан кетулері кездеседі. Мол бүйректік қан кетулер сирек кездеседі.
2Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы Бұл не? Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, ортаазиялық геморрагиялық қызбасы) — адамның вирустық табиғи-ошақты ауруы, оның қоздырғышы кене болып табылады. Ол күрт басталуымен, дене температурасының екі толқындық көтерілуімен, жалпы интоксикациямен және геморрагиялық синдромммен (қан ағу жоғарылайды) сипатталады. Конго-Қырым ауруын алғаш рет рессей дәрігерлері 1944 жылы тапқан, кейін бұл ауру Конгода, Нигерияда, Сенегалда, Кенияда смпатталған. Қызбаның қоздырғышы – нейровирустар типіндегі РНҚ құрамындағы вирус. Вирустың резервуары болып майда жабайы құрт құмырсқалар жатады, кене тасмалдаушы және сақтаушы болып табылады. Ауру көбінесе маусымдық мезілдерге байланысты, әсіресе мамыр және тамыз айларында көп кездеседі. Ауру адам инфекция көзі болуы мүмкін, ауру адаммен қарым қатынас кезінде қан арқылы беріледі (аурухана ішілік жұқтыру).
Қандай өзгерістер болады? Вирус организмге тері арқылы беріледі (кене шаққан кезде),вирус қанға өтеді және ретикулоэндотелиальды жүйенің клеткаларында жинақталады және қанайналымда жүреді. Инкубационды кезеңнің ұзақтығы 1 және 14 күн аралығында (жиі 2-7 күн). Клиника және симптомдар. Ауру тез басталады және дене температурасы кенеттен 39-40°С дейін көтеріліп, қалтыраумен бірге сипатталады. Бұл кезде өте жоғарғы дәрежедегі бастың ауруымен және қатты әлсіздікпен көрінеді, ұйқышылдықпен, бүкіл дененің қақсап ауруы, бұлшық еттердің және буындардың ауруы байқалады, іштің ауыруы, кейде құсу жүреді.Бастапқы кезеңде науқастарды қарап тексерген кезде, бет, мойын және кеуде үстіңгі бөліктерінің терісі қызаруы байқалады («симптом капюшона»).Вирус қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігінің артуына әкелетін қан тамырларының эндотелийін, сондай-ақ, бүйрек үсті безінің сыртқы қабатын және гипоталамусты бұзады, қан ұю процестерінің бұзылуына әкеледі. Аурудың 2-6 күнінде геморрагиялық синдром дамиды. Кеуде қуысының бүйір бетіндегі температура аздап төмендеген кезде, иық белдеуінің аймағында жоғарғы және төменгі бөліктерде геморрагиялық бөртпе пайда болады. Инъекциялық жерлерде, мұрыннан және қызыл иектен қан кетулер байқалады. Осы кезеңде аурудың ауырлығы артады, есін жоғалту эпизодтары қайталануы мүмкін. Асқазан мен ішектің қан кетуі болжамды нашарлатады. Орташа есппен алғанда, дене температурасы 12 тәулікке дейін көтеріледі, сауығу баяу жүреді, әлсіздік (астения) 1-2 ай бойы сақталады. Геморрагиялық қызбасының асқынулары — сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі пайда болуы мумкін. Диагностикасы және емі Ауруды тану, клиникалық деректерге негізделеді (жедел басталу, ауыр түрде өтуі, ауыр геморрагиялық синдром, маусымдық, анамнезінде кене шағуы). Вирусологиялық және серологиялық диагностиканың әдістері практикада сирек пайдаланылады. Емдеу инфекция бөлімінде жүргізіледі. Қабынуға қарсы ем тағайындайды, несеп шығуы қалыпқа келтіріледі.Бүйректің зақымдануын арттыратын препараттарды қолданылмайды. Профилактика Табиғи аудандарда кененің белсенді периодында, абайлау және ұқыпты болу керек. Кене шаққан кезде жедел түрде медициналық мекемеге хабарласыңыз.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы қандай ауру?
Конго-Қырымгеморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) –бұл вирусқоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың қауіптілігі сол – медициналық көмекке кеш жүгінген жағдайда өлімге әкеліп соғу ықтималдылығыжоғары.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруын негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасмалдаушы ол — кенелер. Ауру сәуiр-қазан айлары аралығында жиі тіркеледі. Kенелер басым көпшілігінде далалық жерден ауылшаруашылық малдар арқылы үй ауласына кіреді. Кенелер үйге гүл шоғымен де, иттiң жүнiне iлесiп те келуі мүмкін. Олар адамның киiмiнiң астарына байқатпай кiрiп, денесiне қадалып алып сорғанда мүлде ауырмайды. Көп жағдайда адам кененi келесi күнi немесе тiптi одан да кеш байқауы мүмкін.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық белгілері:Аурудың алғашқы белгілері: науқастың дене қызуының кенеттен 39-40С дейін көтерілуі, басының қатты ауыруы, көздің қызаруы және мойын, арқа, белдің ауыруымен, лоқсу немесе құсу, іш ауыруы немесе өтуімен басталады. Ауру одан әрі дамыған жағдайда бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігінің қан кернеуімен,денеде бөртпелердің пайда болуы, мұрыннан, қызыл иектен, асқазаннан, жатырдан қан кету белгілері,ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар) белгілерінің байқалуымен сипатталады. Науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда өлім жағдайына әкеліп соқтыруы әбденмүмкін.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын-алу шаралары:
Табиғи ошақтар аумағында орналасқан елді мекендердегі жануарларды, қора-жайлар мен үй жайларының аумағын кенеге қарсы өңдеу, залалсыздандыру қажет. Ауылшаруашылық малдарды бағып-күту және қырқым кезінде кенелердің шабуылынан және кене қанымен жанасуды болдырмау мақсатында тұрғындар жеке қорғаныс үшін арнайы киім киюлері қажет (қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу, жақсы қорғалған аяқ және бас киім, резеңке колғап).Табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті жақсы қорғалған резеңкелі манжетті жеңі ұзын көйлек кию. Денеге кененің жабысқанын тексеру үшін өзіңіз және өзіңізге байқалмайтын орындарды (мойын, бастың шаш бөлігі, дененің артқы жағы т.б.) қасыңыздағы адамдарға айтып, үстеріңізді мұқият қарап отыру қажет. Дененің ашық жерлеріне және киімге кенелердің шабуылынан қорғайтын, кенелерді үркітетін сақтану құралдарын (репелленты) қолдануға кеңес береміз.
Кене шаққан немесе кенемен жанасу болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралуыңыз және 14 күн медициналық бақылауда болуыңыз қажет.
Сонымен қатар аудан тұрғындарына жақын арадакүзгі эпидмаусымда жүргізілетін кезекті залалсыздандыружұмыстарының басталатындығын хабарлай отырып, елді мекен аймағында, үй ауласында, мал қораларда күл-қоқыс, қи-көңнен тазарту жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеміз.

Бөлісу

Related posts

Jusan Bank Қазақстанға қайтарылды

Алматы мен Шымкентте қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

AdiletTV

город Шымкент: По отчету за 10 месяцев в контрольном пункте №34 Енбекшинского РОВД составлено 273 протокола и взысканы соответствующие штрафы.

AdiletTV

Leave a Comment