8.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
Денсаулық

Түркістан облысы: Йод тапшылығы!

Йод адамның жүйке жүйесінің күйі, эмоционалды жағдайына және психологиялық денсаулығына жауап береді. Бұл гормондар синтезіне тікелей қатысатын жалғыз элемент. Йод қалқанша безінің гормоны тироксинді шығаруға қатысады. Йод – адам өсімі мен дамуына қажет микроэлемент. Тағам құрамындағы йод жеткіліксіздігі – йод тапшылық бұзылыстары деген жалпы терминмен белгілі. Йодтапшылық бұзылыстарыныңс ең кең тараған түрі – қарапайым немесе эндемиялық зоб. Эндемиялы зоб – ағзаның жалпы сырқаты, йод тапшылықпен байланысты қалқанша безінің үлкеюі. Йод тапшылық аймақтарында барлық босану санына шаққанда кретинизм жиілігі де 10 пайызға көбейеді., баланың миы ғана емес, сонымен бірге есту, көру, сөйлеу қабілеттері де зиян келтіреді. Сонымен қатар, йод тапшылығынан азап шегуіне әйелдер арасында өлі нәресте туу жағдайлары көп байқалады. Йод жетіспеушілігі үлкенірек жастағы балаларға да кері әсерін тигізеді: психомоторлы даму, бой өсуінің кідірісі және адам ұмытшақө және оның зейіні мен реакциясы төмендеп оқу барысында қиыншылықтар болады.
Зоб таралуының эндемиялық көрсеткіші көптеген алдын алу шараларын өткізу, ең алдымен халықты тағам өнімдері мен су арқылы йодпен дұрыс қамтамасыз ету қажеттігін көрсетеді. Йодтапшылық бұзылыстарының алдын алудағы шараларының бірі – йодталған ас тұзын қолдану, нан пісіру барысында йодталған ашытқы қолдану. Бұл шаралардың таңдалуының себебін былай түсіндіруге болады:
1.Бұл тағамдар халықтың барлық тобы қолдана алатын арзан өнім.
2.Жыл бойы шамамен бірдей мөлшерде халықтың барлық тобымен қолданылады.
3.Йодтау – басқарумен техникалық қызметінде қарапайым құрал-жабдықты қажет ететін араластырудың қарапайым операциясын білдіреді.
Йод тапшылығының орнын толтыру үшін миркоэлементтермен (ас тұзы, ашытқы) байытылған тағам өнімдерін қолдану пайдалы, әрі тиімді. Бұл тиімділігі жоғары қосымша шығындарды қажет етпейтін әдістің кең түрде жүзеге асуы йодтапшылық бұзылыстарының алдын алу мақсаттарында халықтың, сондай-ақ, аналар мен балалардың тамағын жетілдіру мәселелерінде өзінің лайықты орынын алуы тиіс. Бұл өнімнің үй жағдайларында қолданылуы және тұрақты тағам рационына қосылуы, ағзаның йод сияқты өмірге қажет микроэлементпен қамтамасыз етілуін біршама жақсартып, халық денсаулығын сақтауға көмектеседі. Тұзды дұрыс сақтамаған жағдайда, йод оның құрамынан тез буланып кетеді. Мысалы, егер тұз салынған пакет суланса, онда мұндай тұзда йод қалған жоқ. Тұзды тексертіңіз, егер ол кесек болып жабысып қалса, онда тұзда ылғал жиналғанының белгісі, құрғақ тұз үгілгіш болады.
Егер ағзадағы йод тапшылығы жоғары болса, тұз көмек бере алмайды. Маманның кеңесі қажет. Ол йодтың медициналық препараттарын белгілейді. Сөйтіп сіз ағзаға келетін йодты бақылап, өз денсаулығыңызды күте аласыз.
Байытылған бидай ұны мен йодталған тұз өнімін кездестірсеңіздер, одан үрікпей алуға тырысыңыздар. Өйткені байытылған ұн мен тұз өзіңізбен жанұяыңыздың денсаулығы үшін өте қажетті екенін ұмытпаңыздар. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеп, бүгін бітірер істі ертеңге қалдырмаңыздар!

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханасында «Репродуктивті денсаулықты нығайту» тақырыбында “Ашық есік күні» өткізілді.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында иод тапшылығы бойыша түсіндірді.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасының дәрігерлері 6 айға дейінгі баланың тамақтануының маңыздылығын түсіндірді.

AdiletTV

Leave a Comment