adilettv

ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ ДА РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР

Референдумға Шымкент қаласының мәдениет майталмандары, өнер жұлдыздары да қатысып, өз таңдауларын жасады. Атап айтқанда, елімізге танымал танымал өнер жұлдызы Астана Қарғабай №99 учаскеге келіп, өз таңдауын жасады.

-Жастар қоғамның белсенді мүшелері. Азамат ретінде бүгінгі науқанға жауапкершілікпен келдім. Бүгін қабылдаған әрбір шешіміміз болашағымызға әсер ететініне сенемін. Референдумда қоғамды жақсылыққа ұмтылуда біріктіретін маңызды шешім қабылдануда, — дейді Астана Қарғабай.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы дауыс беру учаскелерінде таңдау жасауға барлық жағдай жасалынған. Тіпті, кей учаскелерде дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар таратылды.
Сондай учаскенің бірі №290 референдум учаскесі. Онда 18 жасқа толып, алғаш дауыс беруге келген жасқа және отбасымен келген тұрғындарға сыйлық үлестірілді.
Шалғай ауданда орналасқан дауыс беру учаскесіне 2686 адам тіркелген. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мемлекетке келтірілген залалды өтеу – прокуратура органдары жұмысының негізгі басымдықтарының бірі

AdiletTV

КІТАП ОҚУ – ҚОҒАМНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ

AdiletTV

ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз