16.3 C
Shymkent
14 января, 2026
adilettv

МҰНАЙШЫЛАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛДІ

Шымкент қаласында тұрғындар АЭС құрылысы жөніндегі референдумға белсенді түрде қатысып жатыр. Дауыс беруге келген азаматтардың көңіл-күйі көтеріңкі. Кейбір тұрғындар рефердум учаскесіне бүкіл отбасымен бірге келіп, дауыс беріп жатыр. Мәселен, Бахиевтер отбасы Шымкент қаласындағы №9 ІТ лицейінде орналасқан референдум учаскесіне келді.

Бахиевтер бүкіл әулетімен Шымкент мұнай өңдеу зауытында жұмыс істейді. Әулеттің үлкені Бақытжан Бахиев «ПетроКазахстанОйлПродактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты зауытта 39 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. Ол — мұнай өнімдерін есепке алу жөніндегі техник.

—Бүгін еліміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданады. Сол себепті біз ынтымағы жарасқан үлкен әулетімізбен бірге өз таңдауымызды жасап, азаматтық ұстанымымызды білдіруге келіп тұрмыз. Референдум халқымыздың бірлігін бекемдей түседі деп сенемін, — деді Б.Бахиев.

Айта кетейік, оның інісі Бауыржан Бахиев мұнай өңдеу зауытында көлік жүргізушісі, ұлы Ерлан Бахиев электромонтер болып еңбек етіп келеді. Ал, келіні Мәншүк Ахынова химиялық талдаулардың 5-ші разрядты лаборанты. Ол да аталған өндіріс орнында 8 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді.

Несібесін адал еңбектен тапқан өнегелі отбасының мүшелері Қазақстан халқының ел болашағы үшін ең дұрыс шешімді қабылдайтынына сенеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

BIK Kanc ЖШС – Қағаз және кеңсе қаптамасын өндіру саласындағы маңызды инвестициялық жоба

AdiletTV

ОРДАБАСЫ: ТЕМІРЛАНДА АҚЫЛ-ОЙ БӘСЕКЕСІ – ШАХМАТ БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: лудомания-қоғам дерті!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз