Елімізге белгілі боксшы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков атом электр станциясының құрылысы жөнінедегі республикалық референдумға қатысып, дауыс берді.
Даңқты спортшы Қазақстанның болашақта орнықты түрде дамып, өсіп-өркендегенін қалайтынын, сондықтан осы жолда еліміздің ауқымды энергетикалық дағдарысқа тап болмауы үшін осынау маңызды мәселе бойынша өзінің пікірі мен көзқарасын білдіріп, таңдауын жасауды азаматтық борышы деп есептейтінін айтады.
–Бүгінгі күн біздің отбасымыз үшін мереке секілді басталды. Таңертеңнен Шымкент қаласы Қайтпас шағынауданында орналасқан №270 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік. Бүгін халқымыздың қабылдайтиын шешімі еліміздің, балаларымыздың жарқын болашағына жол ашады деп сенемін, — деді Мұхтархан Қабланбекұлы.
Айта кетейік, Мұхтархан Ділдәбеков – Шымкент қаласындағы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденімен иегері.