adilettv

«Қоңырау шалсам бола ма?»: алаяқтықпен тұрғындардың телефондарын жымқырған шымкенттік ұсталды

Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Ол тамақтану орталығында бейтаныс азамат ұлынан қоңырау шалу үшін ұялы телефонын сұрап алып, белгісіз бағытта ізін суытқанын хабарлады.
Кейін осыған ұқсас арызбен тағы бір азамат полицияға жүгінді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мыңға жуық.
Полицейлер “алаяқтық” бабы бойынша тергеуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары аталған қылмыстарға қатысы бар 20 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол смартфондарды ломбардқа өткізіп жібергені белгілі болды.
Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде, оның басқа да осыған ұқсас жайттарға қатысының бар-жоғы тексерілуде.
Құқық қорғаушылар тұрғындарды өздерінің жеке заттарына мұқият болуға шақырады. Егер сіз қандай да бір құқық бұзушылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, бұл туралы дереу полицияға 102 нөмірі арқылы хабарлаңыз.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АУҚЫМДЫ МАСЛЕНИЦА 2025

AdiletTV

Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі бес жыл бойы студенттердің стипендиясын заңсыз иемденген.

AdiletTV

Шымкент қаласы: Еңбекші АПБ ЖПҚ №36 тірек пунктінде профилактикалық жұмыстар кестеге сәйкес өтуде.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз