Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында, сондай-ақ білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алуға арналған 2024 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мүдделі сала өкілдерімен бірлесіп М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттері арасында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында кездесу өткізді.
Оған Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, Жастар ресурстық орталығының және Психикалық денсаулық орталығының мамандары қатысты.
Кездесуде сала мамандары жастар арасында көптеп кездесетін мәселелерге тоқталып, зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіріп, жат қылықтардан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық пен психологиялық бағытта толыққанды ақпарат айтылып, студенттерімен кері байланыс орнатылды.