11.3 C
Shymkent
18 октября, 2024
Денсаулық

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасының дәрігерлері «біз туберкулезді жеңе аламыз» тақырбында сөз қозғады

Туберкулез – медициналық және әлеуметтік мәселе. Сондықтан сырқаттың алдын алу мақсатында әлеуметтік және медициналық тұрғыдағы шаралардың кешені жасалады. Туберкулездің алдын алу екі бағытта жүргізіледі. Арнайы, яғни, тікелей ауру қоздырғышына бағытталған ем және сау адамдардың ауруға шалдығуының алдын алу ісіне бағытталған шаралар.
1.Туберкулездің алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі – бұл туберкулезге шалдыққан барлық науқастарға кешенді және ең бастысы үзіліссіз ем жүргізу. Себебі, туберкулезге қарсы препараттарды қабылдаған науқастың бактерия бөлінуі тоқтап, сәйкесінше, жұқпаның қоршаған ортаға таралуы тежеледі. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауратын науқас 2 апта туберкулезге қарсы дәрілерін үзбей қа былдағанда жұқпайтын яғни бактерия бөлмейтін түріне айналу әбден мүмкін.
2.Сау адамның туберкулез жұқпасына төтеп бере алуын вакцинация арқылы арттыруға болады. БЦЖ вакцинасы көптеген елдерде ерекше мәнге ие. Ол әлемнің 64 елінде міндетті шара болып есептелінеді, ал 118 елде ресми түрде ұсынылған. Аталған екпе әлем бойынша жас ерекшеліктері әртүрлі 2 млрд. адамға жасалады.

Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы жаппай вакцинация дүниеге келген сау нәрестелерге перзентханада жасалады. Оны нәрестенің анасының жазбаша түрдегі келісімімен арнайы егуге арналған бөлмеде орындайды. БЦЖ вакцинасының құрамы туберкулез микробактерияларының тірі, әлсіз штамдарынан тұрады. Олар адам ағзасына түсе салысымен көбейіп, туберкулезге қарсы арнайы иммунитетінің дамуына әсер етеді. Әлсіз микробтар ауруды тудыра алмайтындықтан, аталған екпелер адам үшін қауіпсіз болып келеді. Жаңа туған нәрестеге вакцина жасалғаннан кейін иммунитеттің бірден қалыптасуы мүмкін емес, ол шамамен 4-6 аптаны қажет етеді.
Туберкулезге қарсы вакцина егілгеннен кейін ағзада қалыптасатын иммунитет нақты бір уақыт аралығында ғана сақталады. Сондықтан, бірнеше жылдан кейін оны қайталау керек, яғни, ревакцинация жасау қажет. Елімізде ревакцинацияны 6-7 жасында бір рет жүргізу тағайындалған. Бұл баланың орта мектептің бірінші сыныбына барған кезіне сәйкес келеді. Ревакцинация жасау алдында туберкулезбен ауырған-ауырмағандығын анықтау мақсатында баланы толық тексеру шаралары жүргізіледі. Ревакцинация туберкулиндік сынама (Манту сынамасы) теріс нәтижелі болған балаларға ғана жасалады.
Адамдардың барлығында туберкулез бактерияларын жұқтырып алу қаупі бар. Бірақ, олардың тек 10%-ында ғана қарқынды туберкулез ауруы дамуы мүмкін.
#бізтуберкулездіжеңеаламыз

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысы: ҚҰРМЕТТІ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық аруханасын- скринингтік тексерулерден кімдер өте алады?

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында 10ға жуық мектеп оқушыларына жолдағы сақтық шараларын түсіндірді.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз