adilettv

Шымкент қаласы: «Есірткісіз болашақ» тақырыбында кездесу өткізді.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында, сондай-ақ білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алуға арналған 2024 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мүдделі сала өкілдерімен бірлесіп М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттері арасында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында кездесу өткізді.
​Оған Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, Жастар ресурстық орталығының және Психикалық денсаулық орталығының мамандары қатысты.
​Кездесуде сала мамандары жастар арасында көптеп кездесетін мәселелерге тоқталып, зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіріп, жат қылықтардан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық пен психологиялық бағытта толыққанды ақпарат айтылып, студенттерімен кері байланыс орнатылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БАҚЫТЫ МЕН БЕРЕКЕЛІ ӨМІРІ – ОРТАҚ МАҚСАТ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: АКЦИЯ «TAZA ALEM» ПРОДОЛЖАЕТСЯ

AdiletTV

РОСТ ОБЪЁМОВ ПРОИЗВОДСТВА И ИНВЕСТИЦИЙ В СФЕРЕ СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз