Полиция

Шымкент тұрғынынан 30 келіге жуық қарасора тәркіленді

Абай ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары әкімшілік аумақта рейд жүргізу кезінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру жайтын анықтады.
Жергілікті тұрғынның бақшасынан тәртіп сақшылары қарасора бұталарын тауып, тәркіледі. Тыйым салынған өсімдіктердің жалпы салмағы 30 келіге жуық.

Ер адамға қатысты 300-бабымен «құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, ол бұрын соңды ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін сотты болғаны белгілі болды.
Қазіргі таңда жайт бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полицейлер есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекетке жол берілмеу қажеттігі туралы еске салады. Есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкнт қаласы: зорлық-зомбылық пен қатігездікті жоюдың жолдары барма?

AdiletTV

Шымкент қаласы: Жедел-криминалистикалық басқармада қылмыстарды ашуға жәрдемдесу үшін жаңа автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі енгізілді.

AdiletTV

Город Шымкент: Борьба с наркотиками набирает обороты

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз