16.3 C
Shymkent
18 октября, 2024
Полиция

Шымкент қаласы: ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ РӨЛІ

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылданғаннан бері 75 жыл уақыт ішінде азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау мәселелері күн тәртібінен түспей, керісінше талап күшейтілуде. Неге десеңіз соңғы жылдардағы отбасы және тұрмыстық қатынастардағы теңдік, кемсітпеушілік, ерік білдіру физикалық, психологиялық, сексуалдық және экономикалық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейтіп, отбасындағы қол сұғушылықтан жеке адамның қауіпсіздігі мәселелері кез келген қоғам мен мемлекетке тән қасиетімен елеулі мәселелердің қатарынан көрінуде. Бұл дәстүрлі отбасы қатынастардың ерекшеліктерімен, жалпы дүниетаным мен моральдық құндылықтар жүйесінің дамуымен тығыз байланысты.
«БҰҰ-әйелдер» мәліметтері бойынша, әлемдегі 736 миллион әйелдің ішінде 15 жастан асқан әрбір үштен бірі физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Жыл сайын 45 мыңнан астам әйел серіктестерінің қолынан қаза табады. 155 ел тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңдар қабылдады, ал 140 елде жұмыс орнында жыныстық зорлық-зомбылық туралы заңдар бар. Алайда осы заңдарды сақтау және қол сұғушылықтың жазасыздығы мәселелері әлі де бар. Бұл елеулі экономикалық – денсаулық сақтау саласына жүктемесінің ұлғаюы, өнімділіктің жоғалуы, сот шығындары, сотталғандарды ұстау және т. б. шығындарға әкеп соғады.
Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қауіптілігін елемеудің салдарынан, адамға зиян келтіру немесе өлім, жетімдік және балалардың жарақаттануы ғана емес, сонымен қатар отбасы және әлеуметтік байланыстар институтын бұзу, жоғары құндылықтардың – адамның, оның өмірінің, денсаулығының және қол сұғылмаушылықтың құнсыздануы болып табылады. Отбасы өмір әлеуметтік тәртіпке және сәйкесінше жалпы прогресс пен дамуға үлкен әсерін тигізеді. «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» атты заңдармен реттеледі. Бұл заңдар азаматтардың мүдделері мен бостандықтарын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуде конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған.
Елімізде отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген тұрғындарға арнап, орталықтар ашылған болатын. Бұл орталықтар өзінің қызметіне сәйкес уақытша бейімдеу және құқықтық-психологиялық көмектер көрсетеді. Азаматтар құқықтарының аса қауіпті бұзылуы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады және ҚР Қылмыстық кодексінің қолданылу аясына жататынын баршамыз білеміз. Бірақ отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешу кезінде, сот тәжірибесі көрсеткендей айыптау кезінде ҚР Қылмыстық кодексінің мынадай баптары жиі қолданылады: ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру), 107-бабы (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру), 110-бабы (қинау) және т.б. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық кісі өлтірумен аяқталатын жағдайлар да жиі кездеседі, мұндай жағдайларда Қылмыстық кодекстің 99- бабы (адам өлтіру) бойынша айыптау жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабына сәйкес, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекет деп құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер түсініледі. Аталған заңнамалардың барлығында тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында болуы мүмкін адамдардың құқықтары және оны қорғау шаралары сипатталған. Бірақ, халықтың мемлекеттің заңдарын білмеуі және өзін қорғауға құлықсыздығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністері бірден-бір құқық бұзушылықтардың өркендеуіне қолайлы негіз болып табылады. Біздің елімізде гендерлік теңдікке қатысты негізгі әмбебап конвенциялар ратификацияланды. Олардың ішінде БҰҰ-ның «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы», «Әйелдердің саяси құқықтары туралы» конвенциялар бар, дегенмен, Қазақстанда және бүкіл әлемде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әсеріне әйелдер мен балалар көп ұшырайды, нәтижесінде олардың психикасы бұзылып, өмірлік ұстанымдары өзгереді, көбісі қылмыстық жолға түседі. Естеріңізде болса тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға 2009 жылдан бастап күшіне енген «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заң ықпал етеді. Бұл заң құқық бұзушыға белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын қорғау нұсқамасын шығаруды көздейді.
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие. Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтар бойындағы Заңға құрмет сезімін ояту мәселелері барлық мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттарының бірі — құқық бұзушылықтың алдын алу. Осы ретте мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою болып табылатынын ескергеніміз жөн. Отбасындағы зорлық-зомбылықты алдын-алу бағытында қабылдаған шаралардың тиімділігіне баға беріліп, аталған құқық бұзушылықтарға жол бермеуді күшейту мақсатында мемлекеттің, қоғамның, жеке және заңды тұлғалардың қылмыскерлікке жаңа адамдардың қылмыстық іс-әрекеттер жасауына жол бермеу бағытында түрлі шаралар қабылданып, жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде.

ГУЛИЗА МАМЫРОВА
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Автора наркограффити задержали в Шымкенте

AdiletTV

город Шымкент: Енбекшинское районное управление полиции призывает опасаться интернет-мошенников.

AdiletTV

Шымкент қаласы: Өтпеліге өміріңді қима!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз