16.3 C
Shymkent
2 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Есірткіге қарсы күрес екпін алды

Есірткі және нашақорлық мәселесімен күресуді, оның алдын алуды жалғыз мемлекеттік органның немесе жекелей адамдардың күшімен атқару мүмкін емес. Бұл жұмыстар әрқашанда бірігіп жұмыс жасауды, үйлестіруді қажет етеді. Сондықтан қаламызда осы індетке қарсы тұруға жалпы қоғам болып білек түріп кірістік.
Осы мақстаттағы жұмыстарға жергілікті атқарушы және қадағалаушы органдармен қатар, саяси партия өкілдері, жастар және тағы басқалар тікелей ат салысуда.
Қаламыздың полицейлері прокуратура қызметкерлерімен бірге азаматтардың есірткі ортасына түсудің алдын алу мақсатында, есірткі заттары жарнамаланған және насихатталған орындарды анықтап жоюға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға аса мән беріп, ұдайы алдын алу іс-шараларын өткізуде.
Кезекті іс-шара Абай ауданының прокуратурасы, «Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалы «Жастар рухы» жастар қанатымен бірге өткізілді.
Аталған іс-шараға аудан прокуратурасының орынбасары арнайы қатысып, есірткі және нашақорлықпен күресуге өз үлесін қосты. Аудан аумағында есірткі жарнамаларын жоюдан бөлек, жастармен кездесіп, нашақорлықтың қауіптілігі мен есірткінің заңсыз айналымы үшін белгіленген жауапкершілікті түсіндірді.
Ол жастарға айтылған өз сөзінде «Есірткі – бұл жас өмірді улаушы, қылмыстың бастауы. Сол себепті, жеке қауіпсіздік үшін есірткі қылмыстарына жоламаған жөн. Есірткі бұл өмірлік жол емес, өлімге апаратын ақтық сапар екенін, оның артында адам және ұлт тағдыры тұрғанын естен шығармаған дұрыс» екендігін атап көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырумен қорытыдылады.
Сондай-ақ, аудан прокуратурасының үйлестіруімен алдағы уақытта мұндай іс-шаралар ары қарай жалғастырылатынын жеткізді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте проблемалық объектілер құрылысының мониторингі жалғасуда

AdiletTV

Министр қызметтен кететінін туған күні қарсаңында білген деседі

AdiletTV

Әкім мен шенеуніктер киелі жерде ас бергені үшін жазаланды

Пікір қалдырыңыз