12.3 C
Shymkent
25 ноября, 2024
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Шымкентте кезекті «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында акция өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге, жастарды Отаншылдық рухында тәрбиелеп, ел мен жерге деген жанашырлық сезімін оятуға бағытталған бағдарлама Шымкент қаласында нәтижелі жүзеге асып жатыр.
Атап айтқанда бүгін Шымкент қаласының барлық ауданының аумақтарында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтуде. Мәселен, Абай ауданына қарасты Достық және Асар-2 шағын аудандарында өткен экологиялық іс-шарға аудан тұрғындары, «Жасыл ел» жасақтары мен белсенді жастар, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, ардагерлер қатысты. Олар Таң шапағы көшесі бойын ретке келтіріп, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы, осы мақсатты көздейді. Сүйікті қаламызды таза ұстауға атсалысу – баршамыздың азаматтық борышымыз. Жалпы, тазалық өзімізден басталады, – дейді Асар-2 шағынауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұхамедәлі Баубеков.
Осындай іс-шара Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданында, Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінің бойы мен Еламан шағын ауданында, Қаратау ауданы Тассай шағын ауданы Алматы тас жолының бойында, Тұран ауданына қарасты №3 шағын ауданында және Қаратау ауданындағы «Астана» аллеясында ұйымдастырылды.
Су және жер ресурстарын, жасыл желектерді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануға ұқыпты қарауды насихаттау, экологиялық дүниетанымға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған тазалық іс-шараларына қатысушылар, барша азаматтарды осынау игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырады.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары бір күнмен шектелмей, бүкіл қаламыз бойынша тұрақты түрде жалғасып келеді.
Бүгінгі іс-шараға жалпы 10 техника және 2000-ға жуық адам жұмылдырылды.

Бөлісу

Related posts

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АЭС БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы ауданының тұрғындар назарына!

AdiletTV

Республиканская экологическая программа «Таза Қазақстан» в Шымкенте: город объединился ради экологии

AdiletTV

Leave a Comment