6.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Еңбек Адамы-ЖАНДОС БЕЙСЕНОВ

Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен, полиция департаменті бастығының ұсынысымен полиция подполковнигі Жандос Дайрабекұлы Бейсенов Еңбекші аудандық полиция басқармасының бастығы болып тамыз айынан тағайындалды. Жандос Дайрабекұлының ішкі істер органдарындағы еңбек өтілі 20 жылға жуықтаған. «Аула ішіндегі кездесу» республикалық акциясы аясында Еңбекші АПБ ЖПҚБ-на карасты бірнеше учаскелік полиция пунктінің әкімшілік аумағындағы тұрғындармен кездесіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, интернет- алаяқтықтың тіркелген фактілері туралы, телефон алаяқтарымен сөйлесудің негізгі ережелерін жеткізуде. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құкык бұзушылықтарға, есірткі заттарының таралуына жол бермеу және кауіпті наркограффити жарнамаларын жою бойынша қажетті ақпаратты жеткізу барысында жиі кездесулер өткізудеміз,- дейді басқарма басшысы.
Мұнан бөлек білім баскармасына қарасты мектеп оқушыларымен кездесіп, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қорлаудың, алаяқтық, интернеттегі қауіпсіздік сынды бүгінгі күннің өзектілігіне айналған мәселелерге қарсы келу жолдары жайында да жиі насихатталу да екен.
Басты максат коғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейту, қылмыс пен құқық бұзушылықтарды болдырмау аясында аудан аумағында тұратын тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, қоғамдық орындарда, саяжайларда, құрылыс нысандарында, базарларда, шаруа кожалықтарында, жалдамалы пәтерлерде тексеру жұмыстарын жиілетуді жұмыс тәртібінің бірінші сатысына қойған басқарманың оңды жұмысы көңіл қуантарлық. Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ж.Бейсенов пробацияда есепте тұрған тұлғаларға катысты өзара бірлескен жұмысты күшейту мақсатында учаскелік полиция кызметкерлерін және пробация өкілдерін жинап, есепте тұратын азаматтардың бостандыққа шыққаннан кейін қайта құқық бұзушылық жасауға жол бермеуге және олардың мінез-құлқын бақылауды күшейтуді де жиі тапсырып отырады. Гаджеттерді ұрлау бүгінде жеке мүлікті ұрлаудың ең көп таралған түріне айналған. Көп жағдайда ұялы телефонды ұрлаудың негізгі себебі иелерінің немқұрайлылығы болып келеді. Еңбекші ауданы полиция баскармасына жергілікті тұрғын ұялы телефонын жоғалтып алғандығын айтып арызданған. Айтуынша, аулада серуендеп жүріп, 400 мыңдық телефоны жоғалғанын уақыт өте байқап, қайта таба алмаған. Анықтау бөлімінің қызметкерлері тез арада іздестіру жұмыстарына кірісіп, жедел шараларды кабылдау нәтижесінде тәртіп сақшылары телефонды сол маңның тұрғыны тауып алғанын анықтаған. Айта берсек осыған ұксас, тіпті ауыр кылмыстар аудандық полицияға қарасты аумактарда жиі орын алғанымен, қылмыстың дер кезінде ашылып жатқандығы көңіл қуантарлық.

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: Есірткі зардабын мектеп кезінен бастап ескерту маңызды

AdiletTV

ОРТАҚ ПАЙДАЛАНУ ОРЫНДАРЫН ЛАСТАУДЫҢ 22 МЫҢНАН АСТАМ ДЕРЕГІН ПОЛИЦИЯ АНЫҚТАДЫ

AdiletTV

Қазақстан Еуразиялық Одақ алып қоятын алым-салықты азайту үшін күресуде

AdiletTV

Leave a Comment