5.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
Полиция

Шымкент қаласы: Еңбек Адамы- криминалдық полиция саласының кызметкері полиция полковнигі Сұлтан Асанұлы Үсіпбеков

Әл-Фараби ауданының әкімшілік аумағында тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу мақсатында және тұрмысы төмен отбасылардың мұқтаждықтарын анықтау максатын да рейдтік іс-шаралар жиі ұйымдастырылды. Шара барысындағы мәселе тұрғындардың құкыктык сауаттылығын арттыру максатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, акпараттық жадынамалар таратылу жолға қойылган. Осы Әл-Фараби АПБ-ның жедел уәкілдері «Шашынды өріп беремін» деп, балалардың сырғасын ұрлаумен айналыскан 20 жасар бойжеткенді кала аумағында ізін суытпай ұстаған. Ағымдагы жылдың 1-маусымынан бастап 31-қазанға дейін қаламызда республикалык денгейде «ҚАРА- СОРА-2024» арнайы жедел-профи лактикалық іс-шарасы өтуде. Әл- Фараби ауданының 55 жастағы тұрғыны өз пәтерінде 3 гүл егетін шелекке 14 түп «сора» есірткі өсімдігінің өсінділерін егіп, күтіп баптаған. Қазіргі таңда олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі таңда Әл-Фараби АПБ-сы бастығының міндетін аткарып отырған криминалдық полиция саласының кызметкері полиция полковнигі Сұлтан Асанұлы Үсіпбеков
«Жалпы аудан аумағында есen бойынша тіркелген тұрғындар саны 235 мың, алайда аудан аумағы басқа аудандармен салыстырғанда көлемі жағынан ауқымды әрі қала орталығы болғандыктан күндізгі уакыттың өзінде 300 мыңнан астам халық келіп- кетіп жатады. Демек кылмыстардың көптеп тіркелу себебі де осында. Дал казіргі уақытта интернет-алаяқтықтық өршіп тұр, олардың ең көп таралған түрлеріне келер болсақ, азаматтардың кандай да бір тауарды (көлік, көлік саймандары, киім-кешек, үй- кұрылғылары, балалар ойыншығы,тұрмыстық заттар және т.б.) сатып алғысы келіп алдын ала төлем жасайды. Одан кейін алаяктар хабар- ошарсыз кетеді немесе керісінше азаматтар тауарларды сату кезінде олардың банк карточкаларының реквизиттерін, СМС-хабарламаларын сұрап алып олардың шотынан ақша ұрлайды. Мұндай жағдайлар көбінесе Olx.kz. Kolesa.kz, Market.kz, Instagram сайттарында орын алады.
Мұндай алаяқтықтың келесі бір түрі азаматтардың пәтерді, кұрылысты, кандай да бір тауарларды уақытша жалға алу себебімен алдын ала төлем жасайды. Одан кейін алаяқтар хабар- ошарсыз кетеді. Дәл осындай керісінше жолмен жәбірленушінің акшасын иемденеді. Мұндай жағдайлар да жоғарыда көрсетілген Olx.kz, Kole- sa.kz, Market.kz, Instagram caйттарын да жиі кездеседі. Банк карточкаларының колдану- шыларына банктердің қауіпсіздік кызметкерлері атынан коңырау шалып банк карточкаларының реквизиттерін алып, азаматтардың ақшасын иемденіп алу да кең таралған интернет алаяктык түрі болып саналады.
Сонымен қатар, кейінгі кездері жиі тіркелетін тағы бір алаяктык түрі «olx.kz» сайтында орын алуда. Мысалы, сіз қандай да бір тауарды сатып жарнама койдыңыз, сізre WhatsApp мессенджеріне немесе сол «olx.kz» сайтынан сізге ол тауарды сатып аламын, акша жібердім», деп хабарлама тастайды. Іле «olx.kz» сайтына ұқсас сілтеме жіберіп, «сол жерге банк картаныздың мәлеметтерін жазыңыз, сонда сізге каражат аударылады» деу арқылы керісінше, сіздің картаңызга кол жеткізеді де, ақшаңызды еркін немденіп кете барады.
Мұндай кылмыстардың пайда болуы жұмыссыздар қатарының көбейіп, олардың кейбірі оңай жолмен акша табуды кәсіпке айналдыруы бірден-бір себеп. Десе де айлакерлердің кұрығына ілігіп, арызданушылар мәселесімен күнделікті айналысудамыз және аудан аумағында тұратын халыққа барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз» дейді Сұлтан Асанұлы
ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша министрдің бұйрығымен Шымкент полиция департаменті бастығы лауазымына полиция полковнигі Алмасбеков Нұрлан Сейсетайұлы жақын күнде тағайындалды. Нұрлан Алмасбеков бұған дейін Алматы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ал мегаполистегі полиция ведомствосын Думан Таев баскарған болатын. Ол полиция департаменті қарамағына енгізілді. Үшінші мегаполистің Бас полицейі де және жоғарыда айтылған аудандық полиция баскармасынын жаңа басшыларының жұмысына жүктелген қызметті абыроймен атқару бұйырсын. Жалпы полиция болу форманы киіп алып, кызметіңді асыра пайдалану емес, елге қызмет ету. Қандай шен, лауазымда жүрсен де өзіне жүктелген міндетті қиналмастан, асқан жауапкершілікпен мінсіз атқару ең маңыздысы. Полиция жұртшылыққа, елге жаксы қасиеттерімен, жанашырлығымен, қамқорлығы» мен есте калуы керек. Тәртіп пен төзім салтанат құрған жерде кұқык қорғаушылардың да абыройы арта түспек.

Бөлісу

Related posts

30 кг конопли изъяли из огорода шымкентца

AdiletTV

Шымкент қаласы: ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ РӨЛІ

AdiletTV

Шымкент қаласы: құқық қорғаушылар мен еріктілер есірткі қылмысына қарсы күресте бірікті

AdiletTV

Leave a Comment