Шымкентте жүз ерікті полицияның жұмысымен танысты
Бүгін қалалық полиция департаментіне мегаполистің 100-ге жуық белсенді жастары келді. “Полициядағы бір күн” іс-шарасы “Жаңару” сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс” РҚБ-нің Шымкент қалалық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Еріктілер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.
Шара барысында жастар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылатын патрульдік полицейлердің таратуына қатысып, жедел басқару орталығы мен департамент мұражайында болды. Сонымен қатар, киберқауіпсіздік туралы ақпараттар алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шара жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыруға, полиция қызметімен кеңірек танысуға, жастардың заңсыз әрекеттер үшін қарастырылған жауапкершіліктер туралы хабардарлығы мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
*
Один день в полиции провели волонтеры Шымкента
Сегодня в полицейском ведомстве города побывали около 100 представителей активной молодежи мегаполиса. Мероприятие организовано совместно с Шымкентским филиалом РОО «Общенациональное движение против коррупции «Жаңару».
Волонтерам представилась возможность провести целый день со стражами порядка и познакомиться с их работой.
В ходе мероприятия молодые люди приняли участие в инструктаже отрядов патрульной полиции, задействованных в обеспечении общественной безопасности, посетили Центр оперативного управления и музей департамента. Также прошли мастер-класс по кибербезопасности.
Со слов организаторов, указанное мероприятие направлено на повышение уровня доверия молодежи к правоохранительным органам, более широкого ознакомления с их службой, повышения интереса к полицейской деятельности, повышение осведомленности молодежи о противоправных действиях и бездействии, повышение уровня правовой защиты и правовой грамотности.