6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Еңбекші ауданы-Отбасының берекесін қашырған 106 адам сот шешімімен әкімшілік қамауға алынып, тәртіптік шараға тартылды.

Отбасылық зорлық-зомбылық – бүгінгі қоғамдағы өткір мәселелердің бірі болып отыр. Ерінің әйелін соққыға жығуы қалыпты жағдайға айналып қана қоймай, одан мүгедек болып қалу немесе тіл тартпай кету жиіледі. Оған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі мысал болмақ. Мемлекет тарапынан осы қиындықтың алдын алу үшін түрлі шаралар қабылданып жатыр. Жуырда заң да күшейіп, отбасылық агрессорларға қолданылатын жаза түрлері ауырлады. Ұдайы атқарылған жұмыстар аясында Еңбекші ауданында Полиция басқармасында жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 528 адам зәбір көріп, полициядан көмек сұраған. Отбасының берекесін қашырған 106 адам сот шешімімен әкімшілік қамауға алынып, тәртіптік шараға тартылды. 198 адам жәбірленушіден кешірім алып, әкімшілік іс қысқартылды. 90 іс бойынша ескерту берілді. 47 тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 108-1 бабымен және 74 тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 109-1 бабымен қылмыстық іс басталған. Полиция қызметкерлері прокуратура, әкімшілік, денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен, психологтар және белсенді жастарлармен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды жүргізіп, зорлық-зомбылықты басынан өткізген жәбірленушілерге көмек көрсетіп, кешенді шараларды қабылдады. Атап айтсақ аудан аумағына қарасты мектеп жасындағы оқушыларға, колледж және жоғары оқу орындарына бекітілген кестеге сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеміз. Зорлық-зомбылық жасаған тұлғаларға қатысты заң аясында тиісті шара қабылданып жатыр. Бүгінгі күнде 384 азаматқа қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. 134 тұлғаға қатысты мінезіне ерекше талап белгіленді.

Отбасылық зорлық-зомбылық қазіргі таңда өте маңызды және күрделі мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Оның себептері неде болуы мүмкін? Сараптап қарайтын болсақ, бұл әдетте отбасындағы проблемалардың жылдар бойы жиналып, шиеленісуінен туындайды. Тату-тәтті ерлі-зайыпты кенеттен ажырасып кетпейді. Бір-бірімен ашық сөйлеспеу, эмоцияларын жеткізе алмау сияқты ұсақ мәселелерден басталады. Адамның эмоциялық интеллекті бар, ол стрессті, агрессияны, қорқынышты басқаруға көмектеседі. Ал осы сезімдерді басқармаудың себептеріне назар аударайық. Отбасылық қарым-қатынасты, ер мен әйелдің байланысын сырттан қалай қабылдайтыны, кітаптарда қалай көрсетілгені бойынша ғана қабылдайтын адамдар да бар. Ер адам бастапқыда жұбайына қол көтермес бұрын, оған әртүрлі шектеулер енгізеді. Мысалы, төрт жыл бойы жоғары оқу орнында білім алған әйелінің жұмыс істеуіне тыйым салады. Ақылдасып, ортақ шешім қабылдаудың орнына, бәрін өз бетінше шешеді. Әйелі алғашқыда бұған көнеді. Кейінгі шектеулеріне де бас изейді. Үшінші, төртінші шектеу де осылай жалғасады. Әйел күйеуінің қойған шектеулеріне рұқсат беріп отыр. Яғни, жеке шекарасына рұқсатсыз, өзінің келісімінсіз өтуіне жол беруде. Уақыт өте келе, бір күні күйеуі қатты сөйлесуге көшеді, ақырында қол көтеруге дейін барады. Әйел адам күйеуінің орынсыз, өзінің келісімінсіз қойған шектеулеріне уақытында «жоқ» деп айтуы керек. Бірақ үйлену – бұл бақытты өмір сүрудің тек бастамасы ғана. Отбасылық өмірде түрлі кедергілер, қарым-қатынастағы қиындықтар мен түсініспеушіліктер туындайды. Ол кез келген отбасыда болатын жағдай. Кейде адамдар мұны ескермей, тек сыртқы көрінісіне ғана назар аударады. Бұл екі адамның бірге өмір бастауына кедергі емес, алайда қиындықтарды жеңу жолдарын алдын ала қарастырған жөн. Кейде әйелдер тұрмысқа шықпас бұрын жігітінің кемшіліктерін байқағанмен, үйленген соң өзгертіп аламын деп ойлайды. Алайда, отбасы құрғаннан кейін ер адам өзгермейді және әйелдің ойлағанындай болмайды. Мұндай жағдайда не істеу керек? Шын мәнінде, біреуді өзгертуге тырыспаудың маңызы зор. Өз дамуыңмен қатар, серігіңді де қолдап, бірге үйлесімді өмір сүру керек. Иә, бірақ зорлық-зомбылық тек әйел мен күйеудің арасында боласы десек қатескеніміз. Қазіргі таңда отбасындағы әр бір келіспеушілік зорлық-зомбылық санатына жатады. Жоғары айтқан түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде өткен жылға қарағанда статистика төмендеген.
Барлық бағытта атқарылған шаруалар болашақта отбасылық зорлық-зомбылықтың азаюына және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қала тұрғындары да бұл күресте белсенділік танытып, зорлық-зомбылыққа қарсы бірігіп күресуі қажет.

Бакиров Амирхан, Еңбекші АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары

Бөлісу

Related posts

Город Шымкент: Человек труда — старший оперуполномоченный Енбекшинского РОВД отдела криминальной полиции по хищениям чужого имущества капитан полиции Дусенов Жанболат.

AdiletTV

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

AdiletTV

Шымкент қаласы: Абай АПБ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша, заңдарын түсіндіріп,ақпараттық материалдар үздіксіз таратылды

AdiletTV

Leave a Comment