5.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Еңбекші ауданы №44 УПП 10-ай көлемінде 63 тұлға профилактикалық есепке қойылған.

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ №44 тірек пунктінің жауапты учаскелік полиция инспекторы Жақсыбаев Самат Асқарұлы қарамағымдағы учаскелік полиция инспекторыммен атқаратын әкімшілік аумағымыз Шымкент қаласы Варашиловка е/м, Жас дәурен м/а толығымен қамтамасыз етеміз. Жалпы Шымкент қаласы Варашиловка е/м және Жас Дәурен м/а халық саны 14349, оның ішінде ересектер 6751, балалар-8889, шетелдік азаматтар 7.
Әкімшілік аумақта Фурхат атындағы №37 жалпы орта мектебі бар.
Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның ЖПҚ-ның №44 УПП УПИ-ларымен профилактикалық алдын алу жұмыстары бойынша 2024 жылдың 10-ай көлемінде бір шама жұмыстар атқарылды. 2024 жылдың 10-ай көлемінде профилактикалық есепке қойылған тұлғалар саны 63, арнайы профилактикалық емдеу мекемесіне 5-алкогөлдік ішімідіке салынған азаматтар мен нашахорлар еріксіз емдеуге орналастырылды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барасында көпшілік орында алкогөлдік ішімдікті мөлшерден тыс пайдаланған 51-азамат әкімшілік жауапкершіліке тартылды.
Таза қала атты іс-шара өткізу барысында қалалық жерде абаттандыру ережесін бұзған 84-азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша әкімшілік жауапкершіліке тартылды.
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Жасөспірімдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар:
Отбасы. Отбасындағы қарым-қатынас жасөспірім үшін, оның тұлға ретінде қалыптасуы үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Қазіргі уақытта көптеген отбасыларда балаларды ата-аналардың бірі, көбінесе анасы тәрбиелейді, бұл жасөспірімдерді тиісті қадағалаудың болмауына әсер етеді, оған моральдық қолдау, қамқорлық, көңіл бөлінбейді-мұның бәрі тұлғаның қалыптасуына кері әсер етеді.
Мектеп. Мұғалімдермен қарым-қатынасы қиын жасөспірімдер көбінесе сыныпта оқшауланып, өздерін бөтен сезінетіндігімен, әдетте қиын жасөспірімдер нашар оқитындығымен күрделене түседі. Оқуы қиын жасөспірімдерді сынып ұжымында оқшаулау олардың құқық бұзушылық жолына түсуіне ықпал ететін басты себептердің бірі болып табылады.
ҚР ӘҚБтК 434 бабы бойынша яғни қоршаған ортаны ластап айналасындағыларға силамаушылық білдірген 61-азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық бабымен хаттама толтырылды.
Сонымен қатар әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында мерзімінен бұрын шартты түрде босап шықан азаматтарды есепке алып, ол азаматтармен профилактикалық мәні бар сұхбаттасу жұмысы жүргізіліп бір қаттар жұмыстар атқарылды. Түнгі және күндізгі уақытта жүріп тұруына бақылау жұмысын жүргізу барысында 2-азаматтың тәртібі нашар болуына байланысты кері қайтарылды.
Бүгінде елде кеңінен белең алып жатқан интернет алаяқтық бойынша да басқармада бірқатар жұмыстар атқалылды. Интенет дамыған заманда алаяқтың құрбандары күн санап артуда, технологиямен қатар дамып отқандардың долдарын кесу әрине өте қиын. Алайда бұл бағыт бойынша да жұмысты тоқтатпаймыз. Тұрғындармен кездесу, аудан аумағына қарасты мектеп оқушыларымен, колледж және жоғары оқу орындарының студенттерімен жұмыстар жүргізіліп, тұрғындар арасында
интернет алаяқтық қылмысынан сақ болу үшін жарнамалар таратылып ескеру жұмыстары жүргізілді.
2024 жылдың 10-айында жалпы 29-қылмыс ашып, оның ішінде ҚР ҚК-нің 296 бабымен 2-бөлігімен (есірткі затын сақтау -13) ҚР ҚК-нің 300 бабы 2-қылмыс, ҚР ҚК-нің 188 (Ұрлық-8) ҚР ҚК-нің 389 (Өзінше билік ету-2) ҚР ҚК-нің 107 (Денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру-1 ) ҚР ҚК-нің 109 бабымен 3-қылымыс.
Жоғарыда аталғандай қылмыстардың ішініде 03.09.2024 жылы УПП-қызметкерлерімен әкімішілік аумақты рейттік іс-шаралар ұйымдастыру барысында Шымкент қаласы тұрғыны С.Көлбаев көшесі бойында өзіне күдік тудырып, қалтасынан есірткі затты тәркіленіп алынып, қосымша сұрақтар қою барысында өз үйінің бақшасында 7-түп есірткі өсімдігін егіп қойғаны анықталып, ҚР ҚК-нің 300 бабымен тәркіленіп алынды.
ҚР ІІМ 06.10.2022 жылғы №792 бұйрығын басшылықа ала отырып, бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған тұлғаларды қадағалау күшейтіліп, есепте тұратын азаматтармен профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, уақытысында есепке алып және жеке үйлерді тексеріп, ҚР ІІМ-нің 06.10.2022 жылғы 792 бұйрығы бойынша жұмыстар жүргізілді.

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ №44 тірек пунктінің жауапты учаскелік полиция инспекторы Жақсыбаев Самат Асқарұлы

Бөлісу

Related posts

ШЫМКЕНТ: аппарат басшысы тағайындалды

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасы- Инсульт дегеніміз не?

AdiletTV

Шымкентте Республика күніне орай 60-тан астам полицей марапатталды

AdiletTV

Leave a Comment