3.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
adilettv

Шымкенттік полицейлер миллион теңгеге жуық шығын келтірген құқықбұзушыларды ұстады.

Шымкенттік полицейлер миллион теңгеге жуық шығын келтірген құқықбұзушыларды ұстады.
Шымкент қаласы Ақжайық шағын мөлтек ауданының тұрғыны Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлеріне белгісіз азаматтардың үйіне заңсыз кіріп, құнды заттарын жымқырғаны жайлы хабарлады. Арызданушының айтуынша, ұрылар құны миллион теңгені құрайтын ақша мен бағалы бұйымдарды алып қашып кеткен. Жәбірленуші үйінде белгіссіз азаматтарды көріп оларға ескерту жасаған кезде, қаскөйлер оны үшкір затпен қорқытып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Қылмыстық іс аясында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде құқықбұзушылардың Тараз қаласының тұрғындары екені анықталды. Олардың бұған дейін де осындай қылмыстар үшін сотталғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта олар Абай ауданы полиция басқармасына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицейлердің кәсібилігі мен шұғыл әрекеті арқасында құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылды.

*********

Ограбивших квартиру на глазах у хозяина задержала полиция
Злоумышленниками оказались двое таразцев, которые приехали в Шымкент ради легкой наживы. Средь бела дня они проникли в чужое жилье, через несколько секунд у порога оказался и владелец дома.
Угрожая ему ножом, мужчины похитили золотые изделия и наличные деньги. Общая сумма ущерба составила около 800 тысяч тенге.
О произошедшем потерпевший сообщил в полицию.
Оперативники Абайского РУП незамедлительно приступили к розыскным мероприятиям, опросили всех возможных свидетелей и проверили камеры видеонаблюдения. След подозреваемых привел в Тараз, где они и были задержаны полицией.
Сейчас задержанные находятся под стражей. Проводятся следственные мероприятия.
Чтобы не стать жертвой подобных преступлений правоохранители призывают быть бдительными и строго соблюдать меры предосторожности.

Бөлісу

Related posts

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАР ШЕРУІ ӨТТІ

AdiletTV

Қазақстанның «ішкіш» адамдар көп тұратын өңірлері белгілі болды

Leave a Comment