4.3 C
Shymkent
9 ноября, 2024
adilettv

Шымкентте Республика күніне орай 60-тан астам полицей марапатталды

Шымкенттік үздік полицейлер мемлекеттік наградаға ие болды
Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Арман Арун-Рашидұлы Бейсенбаевты және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Нұрғалиұлы Тасполатовты «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтайды!
Қазақстанның басты мерекесі – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен марапатталған үздік полицейлерімізге құрмет көрсетілді!
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтың қолынан алған мемлекеттік награда — жалпы полиция ведомствосы мен Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметіне берілген жоғары баға.
Бұл жоғары бағаның негізінде — белсенді қоғамдық ұстаным, патриотизм, қызметіне деген адалдық, заңнаманы және қоғамдық тәртіпті сақтау жолындағы қажырлы еңбек жатыр.
Мақтанамыз! Құрметтейміз!
Полиция Қазақстан халқының игілігі үшін жұмыс істеуге дайын, өйткені ең басты байлығымыз — сүйікті Отанымыз — егеменді Қазақстанымыздың гүлденуі!

Сондай ақ Қалалық полиция департаментінде Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Жиынға департамент басшылығы, жеке құрамы және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.
Мерекелік іс-шараны департамент бастығы Нұрлан Алмасбеков құттықтау сөздерімен ашты. Полиция полковнигі жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, тәртіп сақшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қызметтік борышын адал атқару қажеттілігін атап өтті.
Салтанатты шара қызметте ерекшеленген полицейлерді марапаттау рәсімімен жалғасты. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен медальдармен, төсбелгілермен және грамоталармен 10 тәртіп сақшысы көтермеленіп, 7 қызметкерге арнайы шендер берілді.
Сондай-ақ, оқу жылының бірінші тоқсанының нәтижелері бойынша үздік оқығаны үшін “Жас сақшы” кадет сыныптарының алты оқушысы марапатталды.
Бұл күні үздік офицерлердің аналары да назардан тыс қалмады, оларға арнайы медальдар табысталды. Қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін Шымкент қаласы ПД бастығының бұйрығымен 40-тан астам құқық қорғаушы марапатталды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы аумағында жалпы 686 интернет-алаяқтық қылмыс тіркелген.

AdiletTV

Шымкент қаласы: Есірткі қылмысының және нашақорлықтың салдары ескертілуде

AdiletTV

АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ — АТА ЗАҢЫМЫЗДЫҢ АРАЙЛЫ МЕРЕКЕСІ

Пікір қалдырыңыз