Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлімінің бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарын ашу тобының аға жедел уәкілі полиция капитаны Дусенов Жанболат Калыбекович 27.07.1994 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Мектепті аяқтағаннан соң Мегаполистегі М. Әуезов атындағы университеттін үздік аяқтаған.
Бүгінде 1 ұл, 3 кыздық әкесі. Қызмет жолын 2016 жылы ІІО ғимаратының кузету мекемесінде бастап, 2019 жылы Енбекши АПБ жедел уакил кызметине ауысқан. Бұл қызметте 4 жылдан аса қызмет жасағаннан соң, 2023 жылдан бастап Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі қызметінде бүгінгі күнге дейін қызмет жасап келеді.
Саналы ғұмырын ел халқының тыныштығына арнаған Жанболат мырза осы жылдар ішінде қаншама оқиғаларды басынан өткерген.
«2022 жылы 18 мөлтек ауданында пәтер ұрлығы бойынша басқармаға қоңырау келіп түскен болатын . Осы қоңырау бойынша пәтер иесіне барып мән жайды сұраған болатынбыз. Алайда үй иесі ешкім жоқ екенін айтты. Бірақ мен бір дүниенің дұрыс емес екенін аңғардым. Сыртқа шығып қарасақ балконнан ұрының астыға қарай асылып тұрғанын көрдім. Дереу жанымдағы әріптесіммен бірге көтеріп шығарып Полиция басқармасына жеткіздік.»
Сұхбат барысында Жанболат Дусенов 10 жылға жуық қызмет барысында көптеген оқиғалар өткізген:
«2023 жылы тергеу тобымен кезекшілік атқарған кезімде Сайрам көшесінің бойынша бір жас жігіттің көп қабатты тұрғын үйдің төбесінен секіргелі тұр деген шақыртуға бардық. Біз барған уақытта жедел жәрдем, барлығы жиналған екен. Жас жігітті райынан қайтаруға төбеге бірдене адам көтерілді. Бірақ нәтиже болмады. Содан өзім шығып ақыл кеңестерімді айтып, райынан қайтардым.»
Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлімінің бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарын ашу тобының аға жедел уәкілі полиция капитаны Дусенов Жанболат Калыбекович өзінің қарамағындағы жедел уәкілдермен 2024 жылдың 10 айында жалпы 80 қылмыс ашып, оның ішінде ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) 49 қылмыс, ҚР ҚК-нің 188-1-бабымен (Мал ұрлығы) 1 қылмыс, 190-бабымен (Алаяқтық) 17 қылмыс, 287-бабымен (Қару сақтау) 2 қылмыс, 296-бабымен (Есірткі құралдарын сақтау) 3 қылмыс, 297-бабымен (Есірткі затын сату мақсатында өткізу және тасымалдау) 7 қылмыс, 299-1 бабымен (Есірткі затын жарнамалау) 1 қылмыс.
Қазіргі таңда мемлекетімізде есірткі мәселесі ушығып барады. Осы бойынша президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 02.09.2024 жылы өзінің Қазақстан халқына жолдауында «тағы бір міндет – есірті саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес» деп айтып өтті. Қазіргі күнде нашақорлар туралы жиі айтамыз, жиі кездестіреміз. Баспасөз беттерінен оқимыз. Таныстарымыздың отбасында есірткінің кесірінен болып жатқан қайғылы жағдайлар туралы да естиміз. Ең қорқыныштысы – ол нашақорлықтың тұсауына түсетіндердің көбі жастар. Есірткі қолданушылардың негізгі тобын 14-30 жас аралығындағы жастар құрайды екен. Нашақорлық мәселесін шешу бүгінде бүтін бір қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Қазіргі таңда көптеген дәрі-дәрмектік бағдарламалар және есірткіге тәуелділіктен арылтатын рухани тәжірибелерде аз қолданылып жатқан жоқ.
Осыған орай Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлімінің бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарын ашу тобының аға жедел уәкілі полиция капитаны Дусенов Жанболат Калыбекович өзінің қарамағындағы жедел уәкілдермен жедел іздестіру іс шараларын ұйымдастырып, Шымкент қаласының аумағында Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалап жүрген кәмелетке толмаған күдікті екі азаматты құрықтады. Бұл жәйт бойынша ҚР ҚК-нің 299-1 бабымен қылмыстық іс қозғалып, күдікті азамат қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полиция капитаны Дусенов Жанболат Калыбекович Ішкі істер органдары қатарында 20.04.2016 жылдан бері, ал атқарып жатқан лауазымында 2019 жылдан бері қызмет атқарып келеді.