5.3 C
Shymkent
14 декабря, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Еңбекші ауданы ПБ 10 айында 90 нан астам профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

Бүгінде Еңбекші аудан аумағында 228830 тұрғын бар, жалпы 223 қызметкер қызмет атқарады. Оның ішінде 14 участкелік тірек пункті бар.14 жауапты учаскелік полиция инспекторы, 56 учаскелік полиция инспекторы қызметкері қызмет етеді. 3 жылдан аса уақытта басшылық еткін уақытта ауданда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мұнан бөлек білім баскармасына қарасты мектеп оқушыларымен кездесіп, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қорлаудың, алаяқтық, интернеттегі қауіпсіздік сынды бүгінгі күннің өзектілігіне айналған мәселелерге қарсы келу жолдары жайында да жиі насихатталу да екен.
Басты максат коғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейту, қылмыс пен құқық бұзушылықтарды болдырмау аясында аудан аумағында тұратын тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, қоғамдық орындарда, саяжайларда, құрылыс нысандарында, базарларда, шаруа кожалықтарында, жалдамалы пәтерлерде тексеру жұмыстарын жиілетуді жұмыс тәртібінің бірінші сатысына қойған басқарманың оңды жұмысы көңіл қуантарлық. Атап айтсақ;
— Қоғамдық саласы бойынша жыл басынан бері 6532 әкімшілік қаттама толтырылып, тиісті шаралар қабылданды. 2024 жылдың 10 айында 90 нан астам профилактикалық, нүктелі іс-шаралар жүргізілді. «Таза қала», «Түнгі қала», «Жаяу жүргінші», «Автокөлік», «Қару іс-шарасы», «Қадағалау», «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Мото көлік», «Пәтер», «Қара сора іс-шарасы», «Провация», «Жасөспірім», «Тұрмыс», «Бір нүктелік іс-шара», «Антифроун,Броконер» тағы да осы сынды жұмыстар атқарылды.

— Жыл басынан бері 848 қылмыс орын алып, былтырғы жылмен салыстырғанда 12 пайызға төмендеген. Көшеде 203 қылмыс орын алған, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға төмендеген. Қоғамдық орында 299 кәмелет жасына толмағандар жасалған қылмыстар саны ағымдағы жылы 13 болып тіркелсе, былтырғы жылмен салыстырғанда 13,3 пайызға төмендеген.
— Отбасылық зорлық-зомбылық – бүгінгі қоғамдағы өткір мәселелердің бірі болып отыр. Ерінің әйелін соққыға жығуы қалыпты жағдайға айналып қана қоймай, одан мүгедек болып қалу немесе тіл тартпай кету жиіледі. Оған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі мысал болмақ. Мемлекет тарапынан осы қиындықтың алдын алу үшін түрлі шаралар қабылданып жатыр. Жуырда заң да күшейіп, отбасылық агрессорларға қолданылатын жаза түрлері ауырлады. Ұдайы атқарылған жұмыстар аясында Еңбекші ауданында Полиция басқармасында жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 528 адам зәбір көріп, полициядан көмек сұраған. Отбасының берекесін қашырған 106 адам сот шешімімен әкімшілік қамауға алынып, тәртіптік шараға тартылды. 198 адам жәбірленушіден кешірім алып, әкімшілік іс қысқартылды. 90 іс бойынша ескерту берілді. 47 тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 108-1 бабымен және 74 тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 109-1 бабымен қылмыстық іс басталған. Полиция қызметкерлері прокуратура, әкімшілік, денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен, психологтар және белсенді жастарлармен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды жүргізіп, зорлық-зомбылықты басынан өткізген жәбірленушілерге көмек көрсетіп, кешенді шараларды қабылдады.
Еңбекші ауданы полиция басқармасына қарасты учаскелік полиция қызметкерлері ел тұрғындарының кауіпсіздігін сақтау мақсатында кестелерге сәйкес жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Бұдан өзге ауданға карасты бірнеше учаскелік полиция пунктінің әкімшілік аумағындағы тұрғындармен кездесіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, интернет- алаяқтықтың тіркелген фактілері туралы, телефон алаяқтарымен сөйлесудің негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстар жүруде.
Елге қызмет ету әркімнің өзіне жүктелген міндетті шынайы және адал орындауынан көрінеді. Ал бізге жүтелген міндет екі есе ауыр. Мемлекеттік сана деңгейіне көтерілу, ұлттық мүдделерді сақтау үшін тек білімді және құзыретті болу жеткіліксіз. Ел қауіпсіздігін сақтауда әрқашан жүйелі жұмыстар атқарамыз. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген.

Бөлісу

Related posts

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ №45 тірек пунктінде жыл басынан бері ауқымды іс-шаралар жасалып келеді.

AdiletTV

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығына орай ұйымдастырылған Орталық Азия елдерінің IX халықаралық театр фестивалі

AdiletTV

«Атом электр станциясының құрылысы» медиа кеңістігіндегі ең танымал тақырып

AdiletTV

Leave a Comment