6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
adilettv

Нашақорлықпен күресуге коммуналдық қызметкерлер тартылды

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына есірткінің таралуына қарсы күресті күшейту жөнінде тапсырма берді.
Осыған байланысты Шымкент қаласының прокуратурасы нашақорлық жарнамаларымен күресу үшін аудан әкімдіктері жанындағы коммуналдық мекемелердің (Абай, Қаратау, Әл-Фараби, Еңбекші, Тұран) мыңнан астам қызметкерлерін жұмылдырды.
Бұдан кейін коммуналдық мекемелер қаланың тазалығын қамтамасыз ету және сақтаумен қатар, қоғамдық орындарда есірткіні сату және тарату сайттарының жарнамалары бар суреттерді құқық қорғау органдарына хабарлау арқылы күн сайын жоюға міндетті болады.
Бұл бастама есірткіні жарнамалаумен тиімді, мақсатты және тұрақты түрде күресуге мүмкіндік береді.
Бүгін жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, ерікті жастардың қатысуымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты ауқымды жұмысты бастадық және ол тұрақты түрде іске асырылатын болады.
Біз барлық қала тұрғындарын және бей-жай қарамайтын адамдарды бізбен бірге болуға шақырамыз, бірге осы зұлымдықты жеңе аламыз!

Шымкент қаласының прокуратурасы

Бөлісу

Related posts

ҰҚК қызметкерлері Шымкентте терроризмді насихаттады деген күдіктіні ұстады

ШЫМКЕНТТЕ 200-ДЕН АСА ОТБАСЫҒА ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

В Алматы установили мемориальную доску, посвященную Еркинбаю Акимкулову

AdiletTV

Leave a Comment