5.3 C
Shymkent
14 декабря, 2024
adilettv

Елімізде жыл басынан бері 200-ге жуық адам мопедтен ажал құшқан.

Елімізде жыл басынан бері 200-ге жуық адам мопедтен ажал құшқан. 2 мыңнан астамы түрлі дене жарақатын алып, ауруханадан бір-ақ шыққан. Араларында қоларбаға таңылғандары қаншама. Осыған байланысты Мемлекет басшысы арнайы заңға қол қойған болатын. Жаңа ереже келер жылдың сәуір айынан бастап күшіне енбек. Талаптарды орындау мақсатында прокурорлар мен полицейлер жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастырып жатыр.
Жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында рейд жүргізген Қаратау ауданының прокурорлары мен полицейлері қос дөңгелекті көлік құралын басқарушыларды назарға алды. Оларға келер жылдың 25 сәуірінен бастап күшіне енетін жаңа заң жобасын түсіндірген құзырлы орган қызметкерлері мопедтерді басқару туралы талаптардың күшейетінін жеткізді.
Қос дөңгелекті көлік құралын басқарушылардың көбі жастар. Олар жаңа заң туралы хабардар екен. Бірі мопед басқару туралы куәлікті алу үшін оқып жатқанын жеткізсе, енді бірі жай ғана қызығушылық үшін айдап жүргенін айтады.
ИГОРЬ ИЛИСНИЧЕНКО – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Жаңа заң туралы жаңалықтардан естідім. Мопед менің жалғыз табыс көзім болғандықтан жүрзізуші куәлігін алуға әрекет жасап жатырмын. Тестке дайындығым жақсы. Үнемі жол қозғалысы ережелерін сақтап жүремін. Мопедімнің құжаттары түгел. Оны 25 сәуірге дейін тіркеп мемлекеттік нөмір аламын»
«Көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға Президент қол қойды. Бұдан былай жаңа нормаға сәйкес мотоцикл, мопед, скутер жүргізушілерінің А1 санаты болуы тиіс. Сондай-ақ басқаруындағы қос дөңгелектісін тіркеп, мемлекеттік нөмір алу міндеттеледі. Рейд барысында жол қозғалысы ережелерін бұзған мопед жүргізушілері де анықталды. Тәртіп сақшылары тапапынан оларға ескерту берілді.

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: Әл-Фараби АПБ сыбайлас жемқорлық қылмыстарына бағытталған идеологиялық жəне тəрбие жұмыстары жүргізілуде

AdiletTV

В Шымкенте проводятся проверки почтовых отправлений.

AdiletTV

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев отставкаға кету туралы өтініш берді.

Leave a Comment