adilettv

Шымкентте мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы енгізілуде

Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және балаларға арналған білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы енгізілуде.
Қазіргі уақытта осы жобаға қатысуға келісімді өңірдегі мектепке дейінгі ұйымдардың 95% — ы растады (мемлекеттік — 64, жекеменшік — 544).
Қала әкімдігі мен Департамент бірлесе ұйымдастырған кездесуге қала әкімнің орынбасары, прокуратураның, білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беруді қаржыландырудың жаңа тәсіліне көшу мәселесін қарастырып жатқан жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың директорлары қатысты.
Уәкілетті органдардың айтуынша, пилоттық жоба ата-аналарға балалары үшін балабақшаларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, бұл балабақшалар арасында бәсекелестікке ынталандырады.
Сонымен қатар, қаржыландырудың жаңа механизмі субсидияларды алу кезінде «өлі жандарды» тіркеуге мүмкіндік бермейді.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларға бұл жоба балабақшаларға бюджет қаражатын уақтылы алуға мүмкіндік беретіні, бұл олардың қаржылық жоспарлауы мен дамуын жеңілдететіні туралы айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар өкілдер пилоттық жобаға қатысу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу

Related posts

‼️ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА‼️

AdiletTV

Шымкент қаласы: «Собрание на тему: «Законодательные требования для молодежи, предупреждение правонарушений, наркотической зависимости и профилактика азартных игр»

AdiletTV

Шымкент қаласы: Абай АПБ ЖПҚ №6 тірек пунктінде интернет алаяқтықтың алдын алу үшін базар аумақатарында арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

AdiletTV

Leave a Comment