12.3 C
Shymkent
24 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Еңбекші ауданы ПБ АПБ ЖПҚ №34 тірек пунктінде 10 айлық есеп бойынша 273 хаттама толтырылып, тиісті айыппұлдар өндірілген.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Сарыбай Мадияр Саурбайұлы 01.10.1994 ж.т., білімі жоғары-заңгер, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Алматы академиясының түлегі, ІІО-да 2012 жылдан бастап, қазіргі қызметімді 2020 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатырмын.
Оған қарасты әкімшілік аумағы Уалиханов көшесі № 190 а,б,в,192,192а,б,в,198 үйлері, Орынбай ақын көшесі 95-а,95-б,97,97-а,97-б,99, Мәделі қожа 202-216, 216 а, Алтынсарина 32-48, 27-41 үйлері аумақтары, Сайрам көшесі 249-дан 243 дейін, Росси көшесі толығымен, Алимбетова 122 «а» 292-жұп сандары, 225-261 тақ сандары, Веснина 2-49 «а» дейін, Владивостопская 259 «а»-68 дейін, Мектеп өткелі 114 «а»-152 дейін, Абдалиева 1-21 дейін 4-16 дейін, Көкжиек 18-ден 20-дейін, 15-тен 6-дейін, Жаңақұрылыс көшесі толығымен, М.Маметова 168-ден 223-ке дейін, Сайрам көшесінің оң беті толығымен.
Өзімнің қызметтік міндеттерімді атқару барысында полиция 2024 жылдың 10 ай көлемінде 273 хаттама толтырып, тиісті айыппұлдарын өндірілді. Оның ішінде: ҚР ӘҚБтҚ-нің 204-бабымен 4 хаттама, ҚР ӘҚБтҚ-нің 434-бабымен 19 хаттама, ҚР ӘҚБтҚ-нің 437-бабымен 23 хаттама, ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабымен 14 хаттама, ҚР ӘҚБтҚ-нің 449-бабымен 2 хаттама, ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабымен 34 хаттама, ҚР ӘҚБтҚ-нің 492-бабымен 96 хаттама, ҚР ӘҚБтҚ-нің 486-бабымен 1 хаттама, ҚР ӘҚБтҚ-нің 73-бабымен 28 хаттама, ҚР ӘҚБтҚ-нің 669-бабымен 3 хаттама, ҚР ӘҚБтҚ-нің 200-бабымен 2 хаттама, ҚР ӘҚБтҚ-нің 461-бабымен 3 хаттама, ҚР ӘҚБтҚ-нің 615-бабымен 7 хаттамалар толтырылған.
2024 жылдың 10 айында 90 нан астам профилактикалық, нүктелі іс-шаралар жүргізілді. Атап «Таза қала», «Түнгі қала», «Жаяу жүргінші», «Автокөлік», «Қару іс-шарасы», «Қадағалау», «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Мото көлік», «Пәтер», «Қара сора іс-шарасы», «Провация», «Жасөспірім», «Тұрмыс», «Бір нүктелік іс-шара», «Антифроун,Броконер» тағы да осы сынды жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар интернет – алысты жақындатып, өмірімізді жеңілдетіп отырған құрал. Дегенмен, оның да кемшін тұстары жоқ емес. Алаяқтар үшін интернет қарапайым адамдарды алдаудың жаңа құралына айналып үлгерді. Сол үшін де интернет-алаяқтық жаңалық емес. Интернет жеке деректерді ұрлау және қаржылық алаяқтық жасаудың ең танымал құралдардың біріне айналды. Интернет-алаяқтық заманауи технологиялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оны киберқылмыстың бір түрі деп есептеуге болады.
Интернеттегі алаяқтардың мақсаты – заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кәсіби деңгейі мен тәжірибесіне байланысты.
Сіз кез келген уақытта қандай да бір жолмен онлайн-алаяқтықтың құрбанына айналып кетуіңіз мүмкін. Сол себепті, барынша абай болу керек және жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн.
Қандай да бір болмасын мемлекеттің қалыпты өмір сүруінің маңызды және міндетті элементтерінің бірі қоғамдық тәртіп болып табылады. Бұл элементтің тұрақтылығын қалыптастырмай мемлекеттің, қоғамның тыныс-тіршілігін елестету мүмкін емес. Сондықтан, қоғамдағы шиеленісті болдырмау, азаматтардың бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қоғамдық тәртіпті бұзушылықпен күресуге бағытталған әкімшілік-құқықтық шаралар жүйесі жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, профилактикалық есепке 4-тұлғаны есепке алған оның ішінде; қорғау нұсқамасы-41, ерекше талапқа-6, МШТББ санатымен 1-тұлғаны кері қайтарған, маскүнем-2, бұрын сотты болған-1, мәжбүрлі түрде бейімдеу орталығына (СЛПУ) 2-тұлғаны жайғастырған, уақытша уатысыздандыру орталыған-58, қабылдап тарату орнына 5-тұлғаны жеткізіп жайғастырған.

Бөлісу

Related posts

Дочь акима носит сумку за 21 миллион тенге….

График работы ЦОНов и спецЦОНов 30 августа

AdiletTV

Шымкентте проблемалық объектілер құрылысының мониторингі жалғасуда

AdiletTV

Leave a Comment