-7.7 C
Shymkent
12 декабря, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Колледж жастары арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда

​Білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алуға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, мүдделі қызметтердің қатысуымен қаладағы барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы дәрістер өткізілуі жалғасуда.
​Кезекті іс-шара Шымкент жоғары медициналық колледжінде өткізілді.
​Аталған іс-шараға Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, Психикалық денсаулық орталығының және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.
Нашақорлық – есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну «зиянды ләззаттарға» жатады. Өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды.
Нашақор деген кім, ұстап алып түрмеге жауып қоятын қылмыскер ме әлде емдеуге жатқызатын ауру ма? Оның мұндайға баруына не себеп болды?
Нашақорлық – биологиялық, үдемелі және өлімге душар ететін ауру. Адам баласы өзінің алғашқы есірткісі ретінде героинды қабылдамайды, керісінше, ол марихуана, стимуляторлар мен құрамында есірткі бар дәрілік заттарды қабылдаудан бастайды. Адамдар арасында жеңіл есірткі түрі туралы жалған мәлімет тарап кеткен. Егер адам баласы марихуананы шегіп, өлмеген болса, онда героинда сондай қауіпті емес деген ой пайда болады. Жеңіл деген есірткінің өзінде ар жағында үнемі ауыр тәуелділікке әкеп соғатын есірткілер тұрады. Жеңіл есірткі дегеніміз – ол мүлдем жалған және ол есірткі қолданатын адам санын көбейтуге бағытталған деп айтуға болады.
«Ләззат алу» кезеңі өте қысқа – 3-5 ине героин, 23 ине амфетамин салу. Бұталы өсімдіктерден дайындалған есірткілерді пайдалану кезінде тәуелділік өте жылдам қалыптасады. Содан ары есірткі дәріге, нашақор мүгедекке айналады да тән тәуелділігі қалыптасады. Науқас адамға «кінәлі» деп қарауға да болмайды.
Нашақорлыққа қарсы күресушілер арасында нашақорларды емделгісі келмейді деушілер де бар. Бұл шындыққа жанаспайды. Әрбір науқас нашақордың емделуге деген тілегі бар. Бүгінгі таңда медицина есірткіден бас тартқан кездегі ауру белгілерін емдеуді жақсы меңгерген. Бірақ та психологиялық тәуелділік 6-8 айға дейінгі ұзақ уақыттағы оңалтуды талап етеді. Бұған сол жолды аяғына дейін жүріп өтуге бәр-бәрінің күш-жігері жете бермейді.
​Дәріс барысында мамандар жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, жаңа психоактивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.
​Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертілді.

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысы: адам папиллома вирусы

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы ауданының тұрғындар назарына!

AdiletTV

Шымкентте 2,5 мың адам есірткі жарнамасын жоюға атсалысты

AdiletTV

Leave a Comment