12.3 C
Shymkent
25 ноября, 2024
adilettv

ӘДІЛДІК ҚАШАН ОРНАЙДЫ?

Жетісу облысы кәсіпкерленің бір тобы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, бас прокуратура мен Антикорға ұжымдық хат жолдап, бизнес өкілі Серік Қарымсақовтың өз бетінше жасаған әрекеттеріне шағымданыпты.
Бұл жөнінде тиісті мақала республикалық «Время» газетінде жарияланған да болатын.
Хат авторларының айтуынша, өздеріне тиесілі үлесьтеріне қатысты оқиғаның құрбаны болған екен.
Хат мәтініне назар аударайық;
«Біз, Жетісу облысының Қапал ауылының тұрғындары, 10 жылдан астам уақыт бойы «Күреңбел»ЖШС-дегі өзімізге тиесілі заңды үлестерімізді қайтара алмай келеміз. Серік Қарымсақов Алматы облысындағы «Жетісу» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация (ӘКК) төрағасы қызметін атқарған кезде инвестициялық жобаны желеу етіп, жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік тетіктерін пайдалана отырып, алаяқтық жолмен Серіктестіктегі үлестің 90 пайызын иемденіп, тұрғындардың үлесін заңсыз айла-әдістерімен рәсімдеген «, — делінген хатта.
Хат авторларының айтуынша, Қарымсақов бірнеше жыл бойы адамдарды бизнес-жобаларға тарта отырып, топ құрып, қаржы алған екен.
Сондай-ақ, олар сот Серік Қарымсақов пен оның тобының құжаттарды ұрлау және қолдан жасау фактілерін анықтағанын да айтады.
«Ол әр тарапқа арызданудың айла-шарғысын жүзеге асырып, Қылмыстық іс жүргізу кодексін бұзу арқылы заңды рәсімдерді сақтамай, ойдан шығарылған эпизодтар бойынша бірден қылмыстық іс қозғалуына мұрындық болып жүр. БАҚ-тағы көптеген жарияланымдарға бұғау салынады, ал құқық қорғау және сот органдарына қарата жазылған арыз-шағымдар құрдымға кетеді. Ең бастысы, құқық қорғау құрылымдарының заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі тапсырмалар орындалмайды » — деп жазады Г.Н. Оразбекова, Б.К.Сайлыбаев, С.И.Хамитов,Д.С.Баянов дейтін авторлар.

«Бас прокуратурадан келесі дерек бойынша қылмыстық іс қозғауды сұраймыз: 10 жыл ішінде инвестициялық жобалар былай тұрсын, «Күреңбел » ЖШС-не тиесілі қаражат ұшты-күйлі жоқ болды. Ауыл шаруашылығы техникалары, тұрғын үй қоры сатылды, қуатты фермерлік шаруашылықтар, астық қоймалары қирап қалды. Өзіміздің және адал, қажырлы еңбегімен Жетісудың өлкесін өркендетуге маңдай терін төккен ата-аналарымыздың заңды үлестері мен үлестерін қайтару жөніндегі прокуратураларға, соттарға, әкімдіктерге, президент әкімшілігіне жүгінген өтініштерімізден ешбір нәтиже жоқ. Өкінішке орай, заңдар орындалмайды. Уәкілетті органдар елең етпейді. Неліктен мұндай әрекеттер жазасыз қалуы тиіс? Әділдік қашан орнайды? »
Міне, дейді хат авторлары салымыз суға кеткеніне 10 жыл болды. Құқық қорғау органдарына болса қолымыз жетпейді.
Президенттің атына жазылған хатқа қол қойған Н.В. Шульгина мен Қ.Ерғазинованың пікіріне иек артсақ, «Біздің ойымызша, ол еліміздің күштік құрылымдарындағы тамыр-таныстығын пайда табудың көзіне айналдырған.
Қ. Ерғазинова қол қойған хат мәтінінде С.Қарымсақов ҚР ҚК 420 бабын бірненше рет бұзған екен.
2022 жылдың сәуірінде С. Қарымсақов ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа былай деп шағымданады: « Мен, Қарымсақов С.И. «Ақтерек ЛТД»ЖШС (Отель «Дипломат») жарғылық капиталдың 29 пайызы тиесілі қатысушылардың бірі болып табыламын, екінші қатысушысы 71 пайызы тиесілі Ерғазинова Қарғаның жарғылық капиталдағы үлесі 2.7 млрд.тенге.
С.Қарымсақов осы үлесті 02.06.2020 ж. Сатқаны анықталды. Сол күні С.Қарымсақовтың келісімінсіз «Ақтерек ЛТД»ЖШС директорын тағайындау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалады екен.
Не керек, Астана қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі департементінің басшысы М.Қарымсақовтың атына да осы тақілеттес, яғни ешқандай келісімсіз 71 пайыздық үлеске алдамшы әрекетпен иелік етті деген шағым түседі.
Сөздің қысқасы сотқа бір емес, бірнеше рет төрағалық еткен А.Каримова Қарымсақовтың пайдасына шешім шығарады. Сонда қалай, С. Қарымсақовтың өзі Ерғазинова жарғылық капиталдың 71 пайызын заңды алды деген сөзінің өңі айланып кеткені ме?
Ерғазинова Президентке жазған хатында барлық құжаттаманың тіркелгенін, алайда сот біржақты кетіп жатқаны жөнінде мұңын шағады.
Ал, Н.Шульгинаның жазған хатында «Дипломат» отеліндегі бейберекетсіздікті тізіп, әлдеқандай білекті жігіттердің оны офисінен күшпен қуып шыққанын айтады. Алайда Ерғазинованың адвокаты болып жұмыс істеп жүрген Шульгина қонақүйге жедел шақыртылған полиция қызметкерлеріне жағдайды түсіндіріп, білекті жігіттер шатысқанын мойындап, өз жөндеріне кетеді.
С.Қарымсақовтың бір кездері «Дипломат» отелін рейдерлік жолмен тартып алды деген желеуін жоққа шығарып жүрген адвокат Шульгина ешқандай да рейдерлік әрекеттің болмағанын, тіпті «Ақтерек ЛТД»ЖШС-індегі жарғылық капиталдың Ерғазиноваға тиісілі пайызын С. Қарымсақовқа сатып алу жөніндегі ұсыныстары да аяқсыз қалғанын, ол ондай мүмкіндікті пайдаланбағанын жазады.
Сонымен қатар «Ақтерек ЛТД»ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысын шақыру жөніндегі хабарламаларға Қарымсақов бірде бір келмеген екен.
Міне, бір ғана кісінің төңірегінде өрбіп жатқан оқиғалар желісіне орай жоғары жаққа үш бірдей шағымхат жазылған екен. Нәтижесі қалай болар екен?

С.ЖЫЛҚЫБАЕВ

Бөлісу

Related posts

LRT бағанына соғылған көлік жүргізушісі мерт болды

АҚҚА НЕГІЗСІЗ КҮЙЕ ЖАҒУ ЖАҚСЫЛЫҚТАН ЕМЕС!

Внимание!

AdiletTV

Leave a Comment