5.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы Еңбекші №35 тірек пунктінде АПБ алаяқтық қылмыстар саны 9-дан 8-ге немесе -6,7 пайызға төмендеген.

Еңбекші ауданы аумағында №35 учаскелік полиция инспекторларымен 2024 жылдың 10 айда құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау, құқықбұзушылықтарға бейім тұлғаларды есепке алу, профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру барысында бір қатар жұмыстар атқарылды.
Анықтама ретінде; Еңбекші АПБ қарасты №35 Учаскелік полиция тірегі Ю.Сареми көшесі №7 үйде орналасқан. Онда, жалпы 6 учаскелік полиция инспекторы жұмыс атқаруда (1-Жауапты, 5-УПИ).
-Халық саны-28 823.
-Көше саны -80
Атап айтар болсақ:
№35 учаскелік полиция инспекторларымен тіркелген қылмыстардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда -10,1 пайызға немесе 35-ден 28-ке төмендеген оның 26-қылмыс ашылған, 2-қылмыс ашылмаған.
Алаяқтық қылмыстар саны 9-дан 8-ге немесе -6,7 пайызға төмендеген.
Ұрлық қылмыстар саны 10-ден 5-ге немесе -49,3 пайызға төмендеген.
Отбасы тұрмыстық қарым қатынаста жасалған қылмыстар-1 (2023 жыл 0).
УПИ-ның жеке ізденуімен ашылған қылмыстық құқық бұзушылықтар 10-да 17-ге 5-жәйтқа немесе +32 пайызға көп анықталған.
Жыл басынан жасөспірімдермен жасалған қылмыстар орын алмады;
Әкімшілік аумақта жалпы 83-тұлға профилактикалық және тізімдік есепте тұрады. Олармен келесідей жұмыстар атқарылды;
МБШТБ жалпы 3 тұлға тұрады тексеру барысында кемшіліктер анықталып, іс-құжаттар жинақталып кері қайтару үшін Еңбекші аудандық сотына жолданып, соттың шешімімен түзеу мекемесіне 2 тұлға кері қайтарылды.
Маскүнем санатымен 21-тұлға есепте тұрады, 10-ай көлемінде Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу орталығына 6-тұлға жеткізіліп, жайғастырылған (2023 ж. 2 тұлға). Қазіргі таңда тағыда екі іс-құжатымыз сотта қаралып жатыр.
3 тұлға 1 айлық наркологиялық емдеуге жайғастырылды.
Тұрмыстық зорлық зомбылық бойынша,
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасымен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі үшін жауапкершілік заң жүзінде күшейтілген 2024 жылдың 15 маусымнан заңына сәйкес, Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішісіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік берілген болатын.
Әкімшілік аумақта жалпы -368 шақырту болған.
Оның 92 отбасылық жан-жал ретінде тіркелген, ҚР ӘҚБТК-нің 73-
бабымен 92-әкімшілік хаттама толтырылған.
Оның ішінде учаскелік полиция инспекторымен анықталғаны-28, жалпы 102 қорғау нұсқамасы шығарылған.
ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен қорғау нұсқамасын бұзуы бойынша 6-тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып сотқа жолданған (2023 жылы 4-тұлға).
Осы заңға сәйкес 6-тұлғаға қатысты ерекше талап қойылған (2023 жылы 5).
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша 8-тұлға қайта құқық бұзушылық жасалып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік аумақта ардагерлер, депутат, әкімшілік қызметкерлер, белсенді азаматтар, мектеп директорлары және үй төрайымдарымен қоғамдық кеңес мүшелері құрылған.
Қоғамдық кеңес төрағасы Еңбекші ауданының әкімінің орынбасары Амангелдиев Досалы Жайлауұлы жетекшілік жасауда.
Сондай-ақ, әкімшілік аумағында қылмыстын алдын алу болдырмау мақсатында ерікті түрде 3-қоғамдық көмекші алынған.
Жыл басынан 1 261 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылды.
Әкімшілік аймақтағы заңсыз есіріткі затының қолдануы және айналымын анықтап, жарнамаларын өшіру бойынша Жедел уәкіл қызметкерлерімен және қоғамдық көмкешілермен әкімшілік аумақта заңсыз жарнамалар анықталып 14-«Графити» суреттер өшірілді.
Сонымен қатар УПП қызметкерлері мен Еңбекші АПБ қызметкерлерімен криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп әкімшілік аумақта қылмысты болдырмау, жолын кесу және құрықтауға бағытталған бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Нәтижесінде ҚР ҚК-нің 296-бабымен (есірткі затын заңсыз сақтау) 11-қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
ҚР ҚК-нің 300-бабымен (есірткі затын заңсыз өсіру) 1-қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. (2023 жылы 7-қылмыстық құқық бұзушылық анықталды)
«Интернет алаяқтық» қылмыстары бойынша жергілікті тұрғындармен аулада кездесулер өткізіліп, бейне роликтер түсіріліп, алдын алу бойынша фотолар және визиткалар таратылды,

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ
№35 тірек пунктінің жауапты учаскелік полиция инспекторы
полиция подполковнигі Ақбаев Сәкен Құрманәліұлы

Бөлісу

Related posts

ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖОЛДАНЫМДАРДЫ ҚАРАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

AdiletTV

СИҚЫРҒА СЕНЕСІЗ БЕ?

AdiletTV

Шымкенттік оқушы жаңа сейсмотұрақтылық​ құрылғысын ойлап тапты

Leave a Comment