6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: ОНЛАЙН САУДАДАҒЫ АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМДЕР: АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСІП ҚАЛМАҢЫЗ

Интернет алаяқтары халықты алдау үшін әртүрлі айла-тәсілдерді кеңінен қолдануда. Елімізде жиі кездесіп жатқан алаяқтық әдістерінің қатарында банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде өздерін таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтерін иемдену әрекеттері бар. Алаяқтар, мысалы, SIM-карта мерзімін ұзартуды сылтауратып, жеке деректерді алып, сол арқылы бөтен атқа онлайн несие рәсімдейді.
Алаяқтықтың тағы бір түрі — алдын ала төлем жасау арқылы интернет саудасы кезінде жоқ тауарды сатуды көздейтін схемалар. Олардың негізгі нысандары — Kolesa.kz, OLX.kz, Krisha.kz секілді платформалар мен Instagram желісіндегі жалған дүкендер.
Алаяқтар азаматтарға тауарлық несиені төмен пайызбен ақшаға айналдыруды ұсыну арқылы да алдайды. Азаматтар өз атына рәсімделген тауарларды алаяқтарға беріп, алаяқтар тауарды сатып пайда көреді де, азаматтар қаржылық шығынға ұшырайды.
Интернет алаяқтықтың бір түрі – фишинг. Бұл – интернет пайдаланушының жеке мәліметтерін (логин мен пароль) жасырын алу. Қаскүнемдер алдымен танымал брендтердің немесе банктердің атынан жаппай электронды хаттар таратады. Негізі, айта кететін нәрсе, электрондық адресіңізге өзіңізге қатысты емес, сіз білмейтін мекенжайлардан келген хаттарды ашпаған жөн, ашқан күннің өзінде ол жерде көрсетілген сілтемелерге кірудің қажеті жоқ. Ондайларды мүмкіндігінше сол келген бойында жойып отыру керек және міндетті түрде вирусқа қарсы бағдарламаларды қолданған жөн. Мысалы, сізге байланыс операторларының атынан осындай жалған хат келеді. Егер сол хаттың ішінде көрсетілген сілтемені бассаңыз болды, сіздің компьютеріңізге вирус кіріп кетуі мүмкін. Тіпті, вирус кірмесе де, сілтеменің ішінде «Қауіпсіздікті сақтау үшін логин мен пароліңізді қайта енгізіңіз немесе өзгертіңіз» деген сияқты жазу болады. Ол жерге өзіңіздің логиніңіз бен пароліңізді жазсаңыз – осы мәліметтеріңізді қаскүнемдердің қолына ұстаттыңыз деген сөз. Бұл жерде алаяқтар интернетте, әлеуметтік желілерде танымал демеушілердің, қайырымдылық қорларының атынан мұқтаж адамдарға көмек көрсету туралы жарнамалар береді. Өздері сол қорлардың сайтының не аккаунтының тура көшірмесін жасайды. Көп адамдар оның жалған сайт екенін білмей қалуы мүмкін. Тек, реквизит нөмірлері ғана басқаша болады. Көмек көрсеткісі келген адам қорлардың шын сайтына кірдім деп ойлап, ақшаны алаяқтардың шотына аударып жіберіп жатады. Сондықтан қорларға қаражат аударамын деген адам алдымен оның иелерімен сөйлесіп, аударылатын есепшот нөмірін тексеріп алып қана көмек қолын созуы тиіс.
SMS-алаяқтық бұл да соңғы уақытта көп болып жүрген алаяқтық қылмысқа жатады. Мәселен, сізге телефон немесе теледидар секілді бағалы заттар сататын белгілі компаниялардың немесе туристік фирмалардың атынан хабарлама келеді не телефон шалады да: «Сіз бағалы сыйлық ұттыңыз», «Шетелге жолдамаға ілігейін деп тұрсыз» деп қызықтырады.-ақ, WhatsApp арқылы сілтемелер тарату тәсілі де кеңінен таралған. Вирустық сілтемелер арқылы алаяқтар қолданушылардың аккаунттарын бұзып, жақындарынан ақша сұрайтын жалған хабарламалар жібереді. Тіпті туыстарыңыздың дауысын өзгертіп, жол апаты немесе құқық қорғау органдарымен байланысты мәселелерге ұшырады деп, мәселені шешу үшін ақша талап ету жағдайлары да кездесуде.Алданып, оның алаяқ екенін білген болсаңыз: «Қазір менде ақша жоқ еді, бір жерден алып келейін, жарты сағаттан кейін немесе ертең хабарласа аласыз ба?» деген секілді онымен қарым-қатынасты созудың амалын жасау қажет. Яғни, ол телефондарын өшіріп, мүлдем жасырынып кетуіне жол бермеуге тырысқан жөн. Сол секілді терминалмен төлеген чектерді, әлеуметтік желіде, мессенджерлер арқылы сөйлескен диалогтарыңыз болса, оларды да сақтап, дереу арада құқық қорғау органдарына жүгіну қажет. Бұл мәліметтер алаяқты тезірек құрықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар интернет жүйесі арқылы келген сілтеме бойынша өткен кезде мекенжай жолына, яғни доменнің дұрыстығына, акция жүргізетін ұйымның не компанияның ресми атауындағы артық символдарға назар аудару кере

Бөлісу

Related posts

Абай облысындағы орман өртіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Осы демалыс күндері магнит дауылы болады деп болжанды

ШЫМКЕНТТЕ ЖАРТЫ МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ҰРЛАҒАН РЕЦИДИВИСТ ҰРЫ ҰСТАЛДЫ

AdiletTV

Leave a Comment