6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
adilettv

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ҚАЛАНЫҢ БАРЛЫҚ LED ЭКРАНДАРЫНДА КҮНІНЕ 300 РЕТ «ТОҚТА, ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ!» ТАҚЫРЫБЫНДА БЕЙНЕРОЛИКТЕР КӨРСЕТІЛУДЕ.

Цифрлық технологиялардың дамуы қылмыстық әрекеттердің де күрделене түсуіне әсер етіп, интернет алаяқтары азаматтардың қаражаттарын жымқыру үшін жаңа амалдарды қолданып келеді. Қазірдің өзінде алаяқтар қылмыстық жолмен табылған қаражаттарды ел тұрғындарының банктік карталарына аударып, оны банкоматтардан шештіру, кейін электронды ақшаға айналдыру тәсілдерін қолдануда. Ал соңғы уақытта олар қаражатты тікелей халықаралық криптовалюта биржаларына (Binance, Bybit, OKX) аудартып, осы қаражатты шетелдік шоттарға шығарып алуға көшуі жиіледі.
Алаяқтардың әрекетін тоқтату және алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары белсенді жұмыс атқаруда. Мәселен, аудандық құрылымдарға күнделікті алдын алу шараларын жүргізу тапсырылып, олардың нәтижесі қатаң бақылауға алынған. Сонымен қатар, 2024 жылдың 22 қазанынан бастап, «Шымкент реклама» ЖШС-мен бірлесіп, қаланың барлық LED экрандарында күніне 300 рет «Тоқта, интернет-алаяқтық!» тақырыбында бейнероликтер көрсетілуде.
Әлеуметтік желілерде де ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізілуде: 600-ден астам ескерту суреті, 100-ден астам бейнеролик және 300-ден астам парақша жарияланды. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында 369 мақала жарық көріп, оның 12-сі республикалық басылымдарда жарияланған.
Дегенмен, интернет алаяқтары заман талабына сай әрекет етуді жалғастырып, азаматтардың ақшасын жымқырудың жаңа әдістерін ойлап табуда.
Құқық қорғау органдары алаяқтықтан сақтануға шақырады және азаматтарға күмәнді ұсыныстарға сақ болуды ескертеді!

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысы: адам папиллома вирусы

AdiletTV

Түркістан облысы Ордабасы аудандық ауруханасында “Дұрыс тамақтану” бойынша түсірдірме жұмыстары жүргізілді.

AdiletTV

Астанада компьютер ұрлаған адамның үстінен іс қозғалды

AdiletTV

Leave a Comment