0.3 C
Shymkent
14 ноября, 2024
adilettv

Еңбекші ауданында полицейлер мектеп оқушыларымен кездесті.

Еңбекші ауданы Полиция басқарма бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Біржан Сағынбаев Әлейхан Бөкейхан атындағы №2 мектептің оқушыларымен кездесіп, маңызды профилактикалық жиын өткізді. Бұл іс-шараның басты мақсаты — жасөспірімдер арасында заң бұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Полицейлер мектеп қабырғасындағы жасөспірімдерге заң бұзушылық жасағаны үшін қарастырылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер туралы түсінік беріп, олардың құқықтық білімін тереңдетті.
Іс-шара барысында жасөспірімдерге «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу — бұл құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, жою арқылы құқық тәртібін сақтауға және күшейтуге бағытталған мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралар кешені. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету, елдегі құқық бұзушылықтың деңгейін азайту, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, жою, бас бостандығынан айыру орындарынан оралған, осыған орай туыстық байланыстарын жоғалтқан, сондай-ақ тұрақты тұратын жері және құжаттары жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі субъектілерінің және оған қатысушылардың қызметін үйлестіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, азаматтық құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті тәрбиелеу, құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету қажет.Барлық мемлекеттер сан жылдар бойы құқық бұзушылықпен күресіп келеді. Бүгінгі күні бұл мәселе заң ғылымында бұрынғы күйде күрделі, әрі қарама-қайшылықта. Сондықтан француз социологы Эмиль Дюркгейммен келіспеуге болмайды, ол қылмыс кез келген салауатты қоғамның элементі болып табылады деп санады. Яғни ешбір қоғам құқық бұзушылықты түп тамырымен жойып жібере алмайды. Құқық бұзушылық әрқашан болады, тек оны бәсеңдетіп, бірқалыпты болуына әрекет ету керек. Cондықтан құқық бұзушылықпен күресудің жаңа теориялық тұжырымдамаларын үнемі тұжырымдау, жаңа әдістер мен рәсімдерді құрастыру қажет.
Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін бұл ұғымның мағынасы мен түрлерін білу қажет.
Сонымен, құқық бұзушылық деген не? Құқық бұзушылық – бұл әрекетке қабілетті тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарына қайшы келетін, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауапкершілікке тартылуыға әкеліп соғатын қылмысты әрекеті. Ал қылмыс – бұзушылық оны құқықтық емес мінез-құлық қағидаларын бұзудан өзгешелейтін қатаң белгіленген белгілермен сипатталады.
Құқық бұзушылық – бұл адамның әрекет етуінен немесе әрекетсіздігінен байқалатын қылық. Құқық бұзушылыққа ой, сезім, ниет жатпайды, себебі олар адамның қылығының белгілі бір актісінде байқалмайынша, құқықпен реттелмейді. Егер адам құқық нормаларында қарастырылған белгілі бір әрекетті жасау керек болып, бірақ жасамаса (мысалы, өміріне қауіп төніп тұрған адамға көмек көрсетпегенде), онда бұл әрекетсіздік болып табылады.
Барлық құқық бұзушылықты екі топқа бөлу қабылданған – қылмыс және теріс қылық. Оларды бөлудің басты критерийлері, біріншіден, қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі, екіншіден, субъективті фактор, бұл шешуші шамада құқыққа қайшылық ретінде сол немесе басқа іс-әрекетті мойындауға әсер етеді. Қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі нысан құндылығымен, құқыққа қайшы қастандықпен, жағдаймен, уақытпен, (зорлық немесе зорлық емес) тәсілдермен, өлшеммен және келтірілетін зиян сипатымен және т.б. анықталады
Сондай-ақ, полицейлер оқушыларға тәртіпке, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен айналысуға шақырды. Жасөспірімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Бұл жиын жас ұрпақтың заңды сақтаудағы жауапкершілігін арттырып, олардың қоғамдағы рөлін терең түсінулеріне ықпал етті.

Бөлісу

Related posts

АЭС-ҚАУІПСІЗ ЭНЕРГИЯ КӨЗІ

AdiletTV

Алматыда жазушы Еркінбай Әкімқұловтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

AdiletTV

Шымкент қаласы: «Құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

AdiletTV

Leave a Comment