-3.7 C
Shymkent
27 декабря, 2024
adilettv

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ №47 тірек пунктінде интернет алақтық фактісі бойынша 2024 жылдың 10-айында жалпы 23 қылмыс ашылған.

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ №47 тірек пунктінің жауапты учаскелік полиция инспекторы полиция подполковнигі Батырханов Баглан Көпжасарұлы қарамағымдағы учаскелік полиция инспекторларымен атқаратын әкімшілік аумағымыз Шымкент қаласы Әкімшілік аумағымыз Азат, Исфиджаб мөлтек ауданын толығымен қамтамасыз етеміз. Жалпы Шымкент қаласы Азат мөлтек ауданында тұратын халық саны 15379 оның ішінде ересектер 8251, балалар- 7128, шетелдік азаматтар 14.
Әкімшілік аумақта 4 мектеп бар : 68 жалпы орта мектебі,110 жалпы орта мектебі, Арафат жекеменшік мектебі, Жаңа дәуір жекеменшік мектебі
Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның ЖПҚ-нің №47 УПП УПИ-ларымен профилактикалық алдын алу жұмыстары бойынша 2024 жылдың 10 ай көлемінде біршама жұмыстар атқарылды. 2024 жылдың 10 айы көлемінде анықталып профлактикалық есепке қойылған тұлғалар саны 44, арнайы профилактикалық емдеу мекемесіне 5 алкогольдік ішімдікке салынған азаматтар мен нашақорлар еріксіз емдеуге орналастырылып. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында көпшілік орында алкогольдік ішімдік ішкен күйде пайда болған 41 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алаяқтық қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрғындармен кездесу ұйымдастырып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұрғындармен ватсап желісі арқылы чат құрылып күнделікті видео роликтер таратылуда.
Таза қала атты іс-шаралар барысында қала көркін бұзғаны үшін 114 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы бойынша, яғни қоршаған ортаны ластап, айналадағыларға сыйламаушылық білдірген 60 азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Жасөспірімдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар:
Отбасы. Отбасындағы қарым-қатынас жасөспірім үшін, оның тұлға ретінде қалыптасуы үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Қазіргі уақытта көптеген отбасыларда балаларды ата-аналардың бірі, көбінесе анасы тәрбиелейді, бұл жасөспірімдерді тиісті қадағалаудың болмауына әсер етеді, оған моральдық қолдау, қамқорлық, көңіл бөлінбейді-мұның бәрі тұлғаның қалыптасуына кері әсер етеді.

ҚР ӘҚБтК 434-2 бабы бойынша яғни ортақ пайдалану орнын ластап айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген 45-азаматқа әкімшілік құқық
бұзушылық бабымен хаттама толтырылды.
Сонымен қатар әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында мерзімінен бұрын шартты түрде босап шықан азаматтарды есепке алып, ол азаматтармен профилактикалық мәні бар сұхбаттасу жұмысы жүргізіліп бір қатар
жұмыстар атқарылды.
Бүгінде елде кеңінен белең алып жатқан интернет алаяқтық бойынша да басқармада бірқатар жұмыстар атқарылды. Интернет дамыған заманда алаяқтың құрбандары күн санап артуда, технологиямен қатар дамып отқандардың жолдарын кесу әрине өте қиын. Алайда бұл бағыт бойынша да жұмысты тоқтатпаймыз. Тұрғындармен кездесу, аудан аумағына қарасты мектеп оқушыларымен, колледж және жоғары оқу орындарының студенттерімен жұмыстар жүргізіліп, тұрғындар арасында интернет алаяқтық қылмысынан сақ болу үшін жарнамалар таратылып ескерту жұмыстары жүргізілді.
2024 жылдың 10-айында жалпы 23 қылмыс ашып, оның ішінде ҚР ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен (есірткі затын сақтау -5) ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық-9) ҚР ҚР ҚК-нің 109-бабымен 3.
ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық-6) қылмыстары ашылды.
Әкімшілік аумақта 17 азық-түлік дүкені бар, оларды тексеру кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша, яғни алкогольдік өнімдерді сағат 23:00 ден кейін сатқан 2 азық-түлік дүкендері анықталып, әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Әкімшілік аумақтағы заңсыз есірткі затын қолдануы және айналымын анықтап, жарнамаларын өшіру бойынша қоғамдық көмекшілер мен әкімшілік аумақта заңсыз жарнамалар анықталып 32 Графити суреттері өшірілді.
ҚР ІІМ 06.10.2022 жылғы №792 бұйрығын басшылыққа ала отырып, бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған тұлғаларды қадағалау күшейтіліп, есепте тұратын азаматтармен профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, уақытысында есепке алып және жеке үйлерді тексеріп, сонымен қатар УПП қызметкерлері, криминалдық полиция қызметкерлерімен бірге әкімшілік аумақта қылмысты болдырмау, жолын кесу және құрықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ
№47 тірек пунктінің жауапты учаскелік полиция инспекторы
полиция полковнигі Батырханов Баглан Көпжасарұлы

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: Республика көлемінде “Мал ұрысы” жедел профилактикалық іс шарасы өтіп жатыр.

AdiletTV

Нурсултана Назарбаева лишат еще одного статуса

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ІРІ ЕСІРТКІ ПЛАНТАЦИЯСЫ ЖОЙЫЛДЫ

AdiletTV

Leave a Comment