6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Абай АПБ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша, заңдарын түсіндіріп,ақпараттық материалдар үздіксіз таратылды

Шымкент ҚПД Абай АПБ-де әйел тұлғаларымен жасалған суицид және суицидке оқталуы бойынша 2024 жылғы 10-айының қорытындысымен 2-суицид тіркелген, оның ішінде өз өзіне қол жұмсауға ұмтылғандары-2 санды құрады, оның ішінде өліммен аяқталғаны-0. Оның ішінде жұмыссыздар саны-0,студентер-2,жекеменшік саласында жұмыс істейтіндер-0, жұмыссыздар- 0, 30- жасқа дейінгілер-2, 30-45 жасқа дейінгілер-0,46жас және одан үлкен жастағылар-0 құрады.
Зорлық-зомбылық құрбандарының конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасу туралы.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы,Абай ауданы әкімі аппаратының және Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ-ның ұйымдастыруымен Шымкент қаласы,Абай ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы және «Санасезім», «Көмек орталығының» және «Ана үйі»,Үкіметтік емес ұйымдарының қызметкерлері,жастар саясатының қызметкерлерімен бірлесіп қайырымдылық акциялары мен оқу орындарында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша, заңдарын түсіндіріп,ақпараттық материалдар таратылды.Абай АПБ профилактикалық есебінде тұрған жайсыз отбасыларға мекен-жайларын аралап, түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.Онда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыз келіншектерге заңгерлік және әлеуметтік көмектер көрсетіліп,азық-түліктермен қамтамасыз етіледі.
«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына сәйкес, қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып табылады. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 6-шы қыркүйек аралығында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың, сондай-ақ республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, «Отбасы күніне» орайластырылған «Менің отбасымның портреті» акциясы Шымкент ҚПД Абай АПБ-де өткізілсін. Акцияның негізгі мақсаты: дәстүрлі отбасылық құндылықтарын және қоғамның адамгершілік қағидаларын жаңарту, азамттардың полицияға деген сенімін нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік консультация беру, сондай-ақ өңірлерде сенім телефондары мен дағдарыстық орталықтарының бар екені туралы халыққа хабарлау болып табылады.
Шымкент қаласы, Абай аумағында орналасқан «Отаумед» клиникасында психолог мамандарымен қабылдауға келген азаматшалармен кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, халық көп шоғырланатын жерлерде жеке тұлғаларға жаднама тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгоритмі тарқатылды.
Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен отбасы күніне орай «Менің отбасымның портреті» тақырыбында, дөңгелек үстел ұйымдастырылып, отбасы жағдайында туындаған мәселелер мен олардың алдын алу шаралары талқыланды.
Шымкент ҚПД Абай АПБ ағымдағы жергілікті аудан, қала әкімдері жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияларымен бірлесіп, «Отбасы күніне» орайластырылған «Отбасындағы бейбітшілік» акцияның мақсаттарына сәйкес, жұмыстар атқарылды. Абай аудан, қала әкімдері жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялары, мүдделі мемлекеттік органдары, үкіметтік емес ұйымдары, жұртшылық, сондай-ақ республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп, «Отбасы күніне» орайластырылған іс-шаралар өткізілді.

Бөлісу

Related posts

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТЫ САҚТАМАҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

AdiletTV

«Өлсем де алдыңа келмеймін»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовпен танысқан кезін еске алды

Шымкент ҮШІНШІ МЕГА ҚАЛА КЕЛДІ

Leave a Comment