6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Абай АПБ тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша енгізілген жаңа заңнамалар туралы ақпараттық материалдарды тұрғындар арасында таратылды

Шымкент қаласы,Абай аумағында орналасқан оқу орындары мен жеке кәсіпорындарды қылмыстың алдын алу мақсатында қыз келіншектер арасында ҮЕМ «Самғау сенім», «Сана -сезім» және «Көмек» орталығының қызметкерлері және Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының асосациясының қызметкерлерімен бірлесіп қыз келіншектер арасында ерте жүктілік,денсаулық, өмір қауіпсіздігі жайында маңызды ақпараттар беріліп түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылуда.Әйелдердің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға,оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында,Шымкент қаласы,Абай аумағында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелерге арнайы хаттар жолданды.Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша енгізілген жаңа заңнамалар туралы ақпараттық материалдарды тұрғындар арасында таратылып,түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралар өткізу барысында отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарды жасаудағы жауапкершілікке таратылатын насихаттау мақсатында Абай аумағында орналасқан оқу орындармен мекемелерде, яғни атап айтқанда №54,№55,№59,№133,№83,№93,№117,№118,128,№90,№53 жалпы орта мектептері, « Болашақ» колледжі, «Ә .Қастев атындағы өнер және дизайн колледжі», «Шымкент қалалық Медициналық университтеті», «Политехникалық колледжі» Шымкент қалалық «Отау мед» емханасында халықтармен, студенттер арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың» алдын алу, «Зорлық –зомбылықсыз отбасы» тақырыбында кездесулер өткізілді. Шымкент қаласы,Абай аумағындағы жеке кәсіп орындарда атап айтқанда, жеке кәсіпкер «Евромед», «МерейМед», «УмидСтом» және «АзатСтом» және балабақша қызметкерлері және тағы басқа нотариустарда мекемелерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Абай ауданы бойынша Қала тұрғындарына Информ агенттіктері арқылы «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында хабарлама көрсетіліп, «Таразы» баспа басылымдарында мақала жарық көрді. Әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Шымкент қаласы, Абай аумағында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелерге арнайы хаттар жолданды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша енгізілген жаңа заңнамалар туралы ақпараттық материалдарды тұрғындар арасында таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2024 жылдың 10-айында 55-дәрістер және профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Оның ішінде, жоғары және орта арнайы оқу орындарында-10 (оның ішінде қатысқан азаматтардың саны-5150), орта білім беру мектептерінде-20 (оның ішінде, қатысқан азаматтар саны-9516), мемлекеттік ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелерде-25 (оның ішінде қатысқан азаматтар саны-3677) құрады. Бірлесіп өткізілген профилактикалық іс-шаралардың саны-13. Оның ішінде мемлекеттік органдардың қатысуымен-7, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен-6. Бұқаралық ақпарат құралдарда жарияланған сөз сөйлеулердің санына келетін болсақ: БАҚ жарияланған сөз сөйлеулер саны-38 оның ішінде телевидение арқылы-1, баспасөз басылымдарда-1, радио арқылы-0, ақпарат агенттіктерінде-28,ІІД-сайтында-3 жарияланған. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі қабылданып жатқан шаралар туарлы. 2024 жылдың 10-айының қорытындысы бойынша Шымкент ҚПД-ның Абай АПБ-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау қызметкерімен әйелдердің құқықтарын шектеу туралы қаралған шағымдар мен арыздар саны-12, ӘЗЗҚБ қызметкерінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілерінің анықтағаны-12 қылмыс анықтады, оның ішінде-0 қылмысқа, қылмыстық іс қозғалды, 0-қылмыс қылмыстық іс өндіріспен қысқартылды, ал 12-әкімшілік тәртіпте қаралды.
2024 жылдың 10-айының қортындысы бойынша Шымкент ҚПД Абай АПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы,Отбасы тұрмыстық қатынаста құқық бұзушылықтар жасаған азаматтарды және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына жан-жақты әлеуметтік,писхологиялық,медициналық және құқықтық көмек көрсету(жұмыспен қамту орталығына қатынас хаттар жолдау,дағдарыс орталығына және медициналық мекемеге хаттарды жолдау т.б) мақсатында ұсыныстар жолданып отырылуда. Шымкент қаласы «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мекемесіне әлеуметтік жағдайы төмен 7- азаматшаны жұмысқа орналастыру бойынша хат жолданды,сонымен қатар зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаларға заңерлік, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету мақсатында, «Көмек» орталығына 7- әйел азаматшалары жолданып,онда писихологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетілді.

Шымкент ҚПД-ның Абай АПБ
ЖПҚ бастығының
полиция подполковнигі Е.Сапарбаев

Бөлісу

Related posts

Қарағандылық оқушыларды мерзімі өтіп кеткен дәрілермен емдемек болған.

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында МӘМС пакеті бойынша жоспарлы стоматологиялық көмекті қалай алу керектігі айтылды.

AdiletTV

Шымкент қаласы: Қаратау АПБ жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 446 адам зәбір көріп, полициядан көмек сұраған.

AdiletTV

Leave a Comment