5.3 C
Shymkent
14 декабря, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Қаратау АПБ ағымдағы жылдың 11 айында, аудан өлемінде 90-нан аса профилактикалық, нүктелі іс-шаралар жүргізілді.

Қаратау ауданы қаланың солтүстік-шығысында орналасқан. Жалпы жер көлемі 19 500 гектарды құрайды. Бүгінде аудан аумағында 213 809 тұрғын тіркелген. Осы аумақта жалпы 220 қызметкер қызмет атқарады.
Оның ішінде 10 учаскелік полиция пунктінде 10 жауапты учаскелік полиция инспекторы, 55 учаскелік полиция инспекторы қызметкері қызмет атқарады.
Қаратау аудандық полиция басқармасында басшылық еткен уақытта ауданда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Одан бөлек білім басқармасына қарасты мектеп оқушыларымен кездесіп, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қорлаудың, алаяқтық, интернеттегі қауіпсіздік сынды бүгінгі күннің өзектілігіне айналған мәселелерге қарсы келу жолдары жайында да жиі насихатталуда.
Басты мақсат коғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейту, қылмыс пен құқық бұзушылықтарды болдырмау аясында аудан аумағында тұратын тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар, қоғамдық орындарда, саяжайларда, құрылыс нысандарында, базарларда, шаруа кожалықтарында, жалдамалы пәтерлерде тексеру жұмыстарын жиілетуді жұмыс тәртібінің бірінші сатысына қойған басқарманың оңды жұмысы көңіл қуантарлық.
Мәселен; Шымкент ҚПД Қаратау АПБ-ның жеке құрамымен 2024 жылдың қаңтар айының 01 мен қазан айының 31 жұлдызы аралығында, Қаратау ауданы аумағында – 19553 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
Жалпы анықталған құқық бұзушыларға 176 млн. 208 мың 035 теңге айыппұл салынып, оның 142 млн. 163 мың 320 теңге өндіріліп, өндірілуі – 80,6% құрады. Шымкент қаласы мамандандырылған әкімшілік соты на 1717 әкімшілік хаттама жолданды.
Шымкент ҚПД Қаратау АПБ қызметкерлерімен толтырылған өнбеген әкімшілік істер бойынша мәжбүрлеп өндіру мақсатында Шымкент қаласының сот орындаушылар палатасына жалпы – 1239 әкімшілік іс жолданды.
Одан бөлек, ағымдағы жылдың 11 айында, аудан өлемінде 90-нан аса профилактикалық, нүктелі іс-шаралар жүргізілді.
Атап айтқанда, «Таза қала», «Түнгі қала», «Жаяу жүргінші», «Автокөлік», «Қару іс-шарасы», «Қадағалау», «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Мото көлік», «Пәтер», «Қара сора іс-шарасы», «Провация», «Жасөспірім», «Тұрмыс», «Бір нүктелік іс-шара», «Антифроун, Броконер» тағы да осы сынды жұмыстар атқарылды.
— Жыл басынан аудан көлесінде 789 қылмыс орын алып, өткен жылмен салыстырғанда -3,5 пайызға төмендеген.
Оның ішінде бұрын сотты болғандар немесе соттылығы жойылмған тұлғалармен жасалған қылмыстар саны 55-тен 66-ға немесе -16,7 төмендеген.
— Отбасылық зорлық-зомбылық – бүгінгі қоғамдағы өткір мәселелердің бірі болып отыр. Ерінің әйелін соққыға жығуы қалыпты жағдайға айналып қана қоймай, одан мүгедек болып қалу немесе тіл тартпай кету жиіледі.
Оған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі мысал болмақ. Мемлекет тарапынан осы қиындықтың алдын алу үшін түрлі шаралар қабылданып жатыр.
Жуырда заң да күшейіп, отбасылық агрессорларға қолданылатын жаза түрлері ауырлады. Ұдайы атқарылған жұмыстар аясында Қаратау ауданында Полиция басқармасында жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 446 адам зәбір көріп, полициядан көмек сұраған.
Отбасының берекесін қашырған 383 тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, оның ішінде 110 тұлға сот шешімімен әкімшілік қамауға алынса, 166 адам жәбірленушіден кешірім алып, әкімшілік іс қысқартылды. Ал қалған 107 іс бойынша ескерту берілді.
Одан бөлек, 16 тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 108-1 бабымен және 47 тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 109-1 бабымен қылмыстық іс басталған.
Полиция қызметкерлері прокуратура, әкімшілік, денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен, психологтар және белсенді жастарлармен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды жүргізіп, зорлық-зомбылықты басынан өткізген жәбірленушілерге көмек көрсетіп, кешенді шараларды қабылдады.
Қаратау ауданы полиция басқармасына қарасты учаскелік полиция қызметкерлері ел тұрғындарының кауіпсіздігін сақтау мақсатында кестелерге сәйкес жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Бұдан өзге ауданға карасты бірнеше учаскелік полиция пунктінің әкімшілік аумағындағы тұрғындармен кездесіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, интернет- алаяқтықтың тіркелген фактілері туралы, телефон алаяқтарымен сөйлесудің негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстар жүруде.
Елге қызмет ету әркімнің өзіне жүктелген міндетті шынайы және адал орындауынан көрінеді. Ал бізге жүтелген міндет екі есе ауыр. Мемлекеттік сана деңгейіне көтерілу, ұлттық мүдделерді сақтау үшін тек білімді және құзыретті болу жеткіліксіз.
Ел қауіпсіздігін сақтауда әрқашан жүйелі жұмыстар атқарамыз. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген.

ҚАРАТУ АПБ бастығы полиция
полковнигі Жұмағұл Қуаныш
Сағыналыұлы

Бөлісу

Related posts

Алматыда жазушы Еркінбай Әкімқұловтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

AdiletTV

ЖЫЛ БАСЫНАН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ 6 ЕСЕГЕ ӨСКЕН

AdiletTV

Ольга Сафронова үшін Париж Олимпиадасы аяқталды.

AdiletTV

Leave a Comment