Отбасылық зорлық-зомбылық – бүгінгі қоғамдағы өткір мәселелердің бірі болып отыр. Ерінің әйелін соққыға жығуы қалыпты жағдайға айналып қана қоймай, одан мүгедек болып қалу немесе тіл тартпай кету жиіледі.
Оған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі мысал болмақ. Мемлекет тарапынан осы қиындықтың алдын алу үшін түрлі шаралар қабылданып жатыр.
Штаттық санының аздығына қарамастан отбасылық-тұрмыстық саласындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында, Қаратау АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен бірге мекен-жайлары бойынша профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1097 бұйрығының талаптарына сәйкес басқарманың ЖПҚ(б)-ның әсіресе оның басшылығына әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, шақырту бойынша кезекшіліктен тыс қалдырылған іс-құжаттары сараланып, күнделікті қадағалануда.
Отбасылық-тұрмыстық саласындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында, жәбірленушілермен профилактикалық жұмыстарын жүргізіліп, оларға құқықтық (заңдылық) немесе моральдік көмек көрсету мақсатында «Сана-сезім», «Самғау» орталықтармен бірлесіп, жұмыстар жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаменті «Қаратау» ауданыдық полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы мен учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып бір-қатар жұмыстар атқарылды.
Нәтижесінде ағымдағы жылғы 11 ай қортындысымен отбасылық тұрмыстық қарым-қатынас саласында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақстында жалпы -617 қорғау нұсқамасы орнатылып, ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен 25 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылса, сотпен 111 ерекше талап орнатылып, 6- тұлғаға қатысты сот қаулысының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жуырда заң да күшейіп, отбасылық агрессорларға қолданылатын жаза түрлері ауырлады. Ұдайы атқарылған жұмыстар аясында Қаратау ауданында Полиция басқармасында жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 446 адам зәбір көріп, полициядан көмек сұраған.
Отбасының берекесін қашырған 383 тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, оның ішінде 110 тұлға сот шешімімен әкімшілік қамауға алынса, 166 адам жәбірленушіден кешірім алып, әкімшілік іс қысқартылды. Ал қалған 107 іс бойынша ескерту берілді.
Одан бөлек, 16 тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 108-1 бабымен және 47 тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 109-1 бабымен қылмыстық іс басталған.
Полиция қызметкерлері прокуратура, әкімшілік, денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен, психологтар және белсенді жастармен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды жүргізіп, зорлық-зомбылықты басынан өткізген жәбірленушілерге көмек көрсетіп, кешенді шараларды қабылдады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесінде ең маңыздысы – құқық бұзушыны жазалау емес, отбасын қолдау және сақтау. Жазалау шараларынан гөрі алдын алу шараларын қарастыру, құпиялылық, өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен жеке жұмыс жүргізу сияқты принциптер басшылыққа алынады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық – әкімшілік құқық бұзушылық немесе отбасылық мәселе емес, кез-келген басқа зорлық сияқты қылмысқа жатады. Әйелдер күш көрсетіп жатса да төзімділік танытады, жұрт алдындағы абыройын ойлап, күйеулеріне қарсы берген арыздарын да қайтып алып жатады. Біз отбасында зәбір көрген әр әйелге тығырықтан шығудың жолы барын, қоғамның көзқарасынан қорықпай, заң шеңберінде мәселесін шешуге талпыну керектігін түсіндіреміз. Үнемі жұдырық жұмсайтын күйеуіне аяушылық танытып, арызын кейін қайтарып алатын әйелдер өз өмірлерін, денсаулықтарын ойлауға шамасы келе бермейді. Ондай әйелдер көбінесе психологиялық және материалдық тұрғыда күйеулеріне тәуелді болып келеді. Тек күйеуінен ғана емес, жігіт болған баласынан зәбір жейтін аналар да бар.
Тұрмыстық-отбасылық саласындағы құқықбұзушылық жасағаны үшін есепке қойылған отбасылармен сауықтыру жұмыстары үнемі жүргізілуде. Зорлық-зомбылық – жалпыға ортақ мәселе және бұл аналардың қасіреті, бұл – бүлінген тағдырлар. Келешекте өзі құрған шаңырақты шайқалтпасын десек, қыз баланың тәрбиесімен бірге, ұл баланың тәрбиесіне ерте жастан көңіл бөлу қажет. Әр жеткіншек қыз бала мен ананы сыйлауды, әйел затын қадірлеуді бала күнінен бойына сіңіріп өссе, отбасында зорлық-зомбылыққа орын болмас еді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым[1]Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында қоғамдағы зорлық зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау керектігін айтқан болатын. Талқыланып жатқан заң жобасы, тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқы сақталып, тұрмыстағы қысымды болдырмауға көмек болатыны сөзсіз. Осындай ұзақ төзудің соңы әйелдің денсаулығына зиянын тигізіп жатады. Мәселен біздің орталыққа әйелдердің басым бөлігі жағдайдың ушығып, бар амалы таусылған сәтінде барып хабарласады. Тіпті күйеуінен немесе оның туыстарынан қаймығып қоңырау шалуға қорқатынын, олармен біздің сөйлесуімізді өтінетіндер де бар, мүмкіндігінше отбасын сақтап қалу мақсатында ол әйелдің жолдасымен, қажет болса туған-туыстарымен әңгімелесіп, татуластыру жұмыстары жүргізіледі.
ҚАРАТУ АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі
Муратов Жумабай Абаевич