-1.7 C
Shymkent
15 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Абай АПБ қарасты халық көп шоғырланатын жерлерге алаяқтық бйынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.

Миллионнан астам тұрғыны бар мегаполисте құқық бұзушылықтың алдын алу мен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау – оңай шаруа емес. Ұлы Жібек жолы керуен көшінің жолындағы Шымкент халық саны жөнінен республикада үшінші орында. Мұнда түрлі ұлт өкілдері шоғырланған. Осы себепті Шымшаһар жұртшылығының тыныштығын қорғау мен сақтауда салаға тәжірибелі де білікті басшы-полицей керек екені даусыз. Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында 257 374 тұрғын бар, жалпы 231 қызметкер қызмет атқарады. Оның ішінде 13 учаскелік тірек пункті бар. 13 жауапты учаскелік полиция инспекторлары, 65 учаскелік полиция инспекторы қызмет етеді.
Жыл басынан бері 801 қылмыс орын алып, 893 қылмыс былтырғы жылмен салыстырғанда 10,3% -ға төмендеген.
Қоғамдық орында кәмелет жасына толмағандармен жасалған қылмыстар саны былтыр 15 қылмыс, ағымдағы жылы 9 тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 60% төмендеген.
Қоғамдық саласы бойынша жыл басынан бері 21973 әкімшілік хаттама толтырылып, шара қабылданған. 2024 жылдың 10 айында профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. «Таза қала», «Түнгі қала», «Жаяу жүргінші», «Автокөлік», «Қару іс-шарасы», «Қадағалау», «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Мотокөлік», «Пәтер», «Қара сора», «Пробация» «Жасөспірім», «Тұрмыс», «Бір нүктелік», «Броконьер» тағы да осы сынды профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Есірткі сайттарын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына граффити-сурет салу арқылы жарнамалау деректері де полиция назарынан тыс қалған емес. Осындай еңбектің нәтижесінде есірткі сайттары жарнамаланған мекенжайлар анықталып, жойылды. Жастарды бұл жаман әдеттен арашалау үшін «Нашақорлыққа жол жоқ» деген профилактикалық іс-шарасы жүйелі түрде өткізіліп келеді.
Бүгінгі күннің басты проблемаларының бірі-алаяқтық. Оны ішінде интернет- алаяқтық қылмыстары өршіп тұр. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында мопедпен жасалған жол көлік оқиғалары. Ол бойынша Абай ауданында орналасқан «Бекжан», «Алаш», «Самал», «Барыс», «Ақниет» базарлары мен халық көп шоғырланатын орындарда жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары тарапынан ескертпе, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халық назарына жеткізіліп ескертілуде.
Отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық – бүгінгі күннің өткір мәселесі. Осы бойынша 2024 жылғы 15 сәуірдегі Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған. Қабылданған заңның басты міндеті- әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, зорлық-зомбылықты азайту туралы көрсетеді.
Қазақстан Республикасының ҚР ІІМ-нің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1097 бұйрығымен бекітілген ҚР ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бұйрығын басшылыққа ала отырып, Шымкент ҚПД-ның Абай АПБ-нің «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі» тобында 2024 жылдың 10-айында төмендегідей біршама жұмыстар жүргізілді. Шымкент ҚПД-ның Абай АПБ-де әйелдерге қатысты- 1215 қылмыс тіркелді, оның-855 отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында,305-қылмысқа, қылмыстық іс қозғалған, 55-қылмыстық іс өндіріспен қысқартылған, 680-қылмыс, тұрғылықты жері бойынша жасалған, 535-қылмыс қоғамдық орындарда жасалған. Сонымен қатар спирттік ішімдіктерді бірге ішкеннен кейін жасалған қылмыстар-279, 281-қылмыс ұрыстан немесе нашар қарым-қатынастарға байланысты жасалған қылмыстар жасалған.
Абай ауданы полиция басқармасына қарасты учаскелік полиция инспекторлары қазіргі таңда тәртіпті қадағалау, табан асты туындайтын түрлі жағдайларға дайын болу және қоғамда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Сырттай қарағанда форма киіп жүретін қызмет болып көрінгенімен, жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл қызмет – жауапкершілігі мол жұмыс. Ең басты міндеттері – адам өмірі, тұрғындар қауіпсіздігі. “Қауіпсіз ортаны қалыптастыруда тек полиция қызметкерлері ғана жауапты” деген түсініктен арылып, қоғам болып сол жауап­кершілікті сезінуіміз қажет деп санаймын.

Бөлісу

Related posts

Город Шымкент: человек труда -Даулет Ермеков

AdiletTV

Алибек Жамауов стал вице-министром энергетики

РЕФЕРЕНДУМДА ЕҢ ДҰРЫС ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ

AdiletTV

Leave a Comment