2.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы; Абай АПБ ЖПҚ(б) №2 тірек пунктінің құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жүргізіліп келеді.

Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚ(б) №2 тірек пунктінің жауапты учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Торекулов Нурбол Калдыулы, қарамағымдағы учаскелік полиция инспекторларымен атқаратын әкімшілік аумағымыз Шымкент қаласы Қызылжар м/а Ынтымақ-2 м/а және Жиделі елді мекендері толығымен қаматамассыз етеміз.
Жалпы Қызылжар м/а Ынтымақ-2 м/а және Жиделі елді мекендерінің халық саны 23135-азаматтарды құрайды. Оның ішінде ересек азаматтар саны 13027, балалар саны 10108, аумақта тұратын шетел азаматтар саны 3.
Әкімшілік аумақта жалпы орта мектептер саны-3, олар №54, №60 және №133 мектептер.
Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚ(б)-нің №2 учаскелік тірек пунктынің УПИ-ларымен, профилактикалық алдын алу жұмыстары бойынша 2024-жылдың 10-ай көлемінде бір шама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 58-азамат профилактикалық есепке алынып, алкоголдік ішімдікке салынған 1-азамат еріксіз емдеу мекемесіне орналастырылып және 5-азамат наркалогиялық диспансерге орналастырылды.
Қоғамдық қауіпсіздікті қаматамассыз ету барысында, қоғамдық орындарында спирттік ішімдік ішкен 68-азамат ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша уытсыздандыру мекемесіне орналастырылды. Таза қала іс-шарасы барысында қалалар мен елді мекендердің абадтандыру қағидасын бұзған 207-азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ел болашағы жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Ортақ пайдалану ортаны, яғни қоғамдық орынды ластаған 131-азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен әкімшілік хаттама толтырылп, әкімшілік айыппұл салынды.
Елімізде кеңінен тарап жатқан қылмыс түрі, интернет алаяқтық болып отыр. Осыған орай, өзіме бекітілген әкімшілік аумақта, тұрғындармен аула арасында кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ватсап желісі арқылы интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсірілген бейне роликтер таратылды. Соңғы уақытта өзге адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын пайдаланып, қаржылай көмек сұрайтын алаяқтардың әрекеті күшейіп кетті. Мұндай алаяқтықтың құрбандары көбейген. Бұған дейін танымал тұлғалардың, әлеуметтік желі белсенділерінің жалған аккаунттарын жасау арқылы азаматтардан ақша сұрау жиі кездесетін болса, енді алаяқтар қарапайым азаматтарға да көшкен.
Алаяқтық схемасы қарапайым: кез келген адаманың әлеуметтік желідегі жалған аккаунты жасалады. Сол арқылы оның жақын туыстарына, достарына не өзге таныстарына хат жазу арқылы белгілі бір банк картасына ақша аудару сұралады. Мұндай деректер әсіресе Telegram мессенджерін пайдаланушылар арасында жиілеген. Тағыда осында кеңінен тарап отырған қылмыстың түрі, ол синтетикалық есірткі. Өзіме бекітілген әкімшілік аумақта қоғамдық көмекшілер мен және валантерлармен көшелерді аралап, синтетикалық жарнамаларды өшіру бойынша бір шама жұмыстар атқарылып, тұрғындармен аула арасында кездесулер өткізіп, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы орайда интернет алаяқтарынан сақтану үшін KZ-CERT қызметі келесі кеңестерді ұсынады:Интернет жүйесі арқылы келген сілтеме бойынша өткен кезде мекенжай жолына, яғни, доменнің дұрыстығына, акция жүргізетін ұйымның не компанияның ресми атауындағы артық символдарға назар аудару керек.Әлеуметтік желілердегі өз профиліңіздің дербестігін баптауларда байланыс деректерін (қызметтік және жеке телефон нөмірі) көпшілікке қолжетімді етпеген дұрыс. Мобильдік нөмірді (бизнес-аккаунт) көрсету қажет болған жағдайда, жеке және жұмыс нөмірлерін бөлу қажет, яғни, жеке нөмірді туыстармен және жақындармен байланысу үшін ғана пайдаланған дұрыс.Есептік деректеріңізді үнемі тексеріп, көп факторлы аутентификация пайдаланылатын сенімді парольдерді қолданыңыз.Браузерде, операциялық жүйеде және мобильдік құрылғыларда пайда болатын түрлі терезелер мен хабарламаларға қатысты абай болыңыздар.Банк картаңыздың деректерін сақтап, картаның сыртқы жағындағы 3 санды CVV/CVC-кодын ешкімге айтпаңыз. 2024-жылдың 10-айында жалпы 36–қылмыс ашып, оның ішінде ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен 2-қылмыс (есірткі затын сақтау) ҚР ҚК-нің 300-бабымен 1-қылмыс (есірткі затын заңсыз өсіру) ҚР ҚК-нің 190-бабымен –17-қылмыс (алаяқтық) ҚР ҚК-нің 188-бабымен 9–қылмыс (ұрлық) ҚР ҚК-нің 107-бабымен 1-қылмыс (орта дәрежелі дене жарақатын салу) ҚР ҚК-нің 108-1-бабымен 2-қылмыс (денсаулыққа қасақана зиян келтіру) ҚР ҚК-нің 109-1-бабымен (ұрып-соғу) 4–қылмыс.
ҚР ІІМ 06.10.2022 жылғы №792бұйрығын басшылыққа ала отырып, профилактикалық және тізімдік есепте тұратын азаматтармен ұдайы профилактикалық сұқбаттар жүргізіліп, тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.
Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚ(б) №2 тірек пунктіне жауапты учаскелік полиция инспекторы Торекулов Нурбол Калдыулы.

Бөлісу

Related posts

ЕЛОРДАЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР 7-ҚАБАТТАҒЫ ӨРТТЕН ӘЙЕЛДІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

AdiletTV

В Шымкенте за загрязнение мест общего пользования привлечено к ответственности около 13 тысяч человек

AdiletTV

Шымкент қаласы: Есірткі зардабын мектеп кезінен бастап ескерту маңызды

AdiletTV

Leave a Comment