2.3 C
Shymkent
23 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы; Абай АПБ ЖПҚБ №13 тірек пунктінде интернет алаяқтық бойынша Шымкент қаласы,Абай ауданы,Бозарық елді мекенінде орналасқан № 57 жалпы орта мектеп мұғалімдеріне профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚБ №13 тірек пунктінің жауапты
учаскелік полиция инспекторы – полиция майоры Беккулов Жасулан Атыгаевич.
Қарамағымдағы 2 учаскелік полиция инспекторымен атқаратын әкімшілік
аумағымыз- Шымкент қаласы Абай ауданы Бозарық елді-мекені және Асар-2 Сити
мөлтек аудандарын толығымен қамтамасыз етеміз. Жалпы Шымкент қаласы
Бозарық елді-мекені және Асар-2 Сити мөлтек аудандарының халық саны -11385,
оның ішінде ересектер- 7840, балалар- 3545, 24 көше.
Әкімшілік аумақта:
ХҚКО-1
Мешіт-1
Мектеп-1
Дәріхана-4
Бала-бақша-1
Дүкен бар-17
Сауда үйі-1
Қонақ үй-1
Мейрамхана-1
Көп қабатты үйлер-60
Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚ №13 УПИ-ларымен профилактикалық алдын
алу жұмыстары бойынша, 2024 жылдың 10-ай көлемінде біршама жұмыстар
атқарылды.
2024 жылдың 10-ай көлемінде профилактикалық есепке қойылған тұлғалар
саны-22, Арнайы профилактикалық емдеу мекемесіне 3-алкоголдік ішімідікке
салынған азаматтарды емделуге орналастырылды.
Әкімшілік аумақта орналасқан дүкендерге учаскелік полиция инспекторінің
суретін және спирттік ішімдікті ҚР ӘҚБТ кодексінің 200 бабы бойынша, этил
спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21:00 ден келесі күнгі сағат
12:00 ге дейін сатуға тиым салынады. Сонымен қатар кәмелет жасқа толмағандарға
темекі, насыбай, электронды темекі бұйымдарын және спирттік ішімдік сатуға тиым
салу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ҚР ӘҚБТ кодексінің 200 бабы
бойынша 2 хаттама толтырылды.
Пробация қызметкерлерімен бірлесіп сотты болғандардың мекен-жайлары
тексеріліп және тірек пунктіне келіп түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады және
қайта қылмыс жасамау туралы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Халықтың арыз-шағымын тыңдап, көмекке зәру тұрғындардың өтініштерін заң
аясында шешу жолдарын түсіндіріп, біздің құзырымызға кіретін барлық көмек көрсету
жолдары жасалды. Сонымен қатар халықпен кездесу барысында, халықтың өз ара
сайлаған Ауыл биі ауыл арасындағы шешілмей жүрген мәселелерді алға тартты және
бірлесе заң аясында шешуге әрекеттер жасалуда.
Ардагерлермен бірлескен жоспарға сай, ардагерлеріміз өздерінің жоспар
мақсаттарын қағаз бетіне түсіріп, бірлесіп жұмыс жасауға ұсыныстарын алға тартып
келді және қәзіргі таңда ол жоспарлары заң аясында ардагерлер кеңесімен бірге
атқарылуда.

Республика көлемінде өтіп жатқан «Қару» іс-шарасы барысында қару иелерінің
қару ұстау қағидасын заңдылыққа сай тексеріп,анықталған кемшіліктер бойынша ҚР
ӘҚБ туралы кодексінің 484,486 баптарына сәйкес 4 азаматқа әкімшілік хаттама
толтырылып, түсіндірме профилактикалық жұмыстары жүргізілді.
Қәзіргі таңда елімізде кең таралып жатқан Интернет алаяқтық бойынша
Шымкент қаласы,Абай ауданы,Бозарық елді мекенінде орналасқан № 57 жалпы орта
мектеп мұғалімдеріне профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек
өз қарамағымдағы Бозарық мөлтек ауданы және Асар 2 Сити тұрғындарының ватцап
чаттары арқылы интернет алаяқтық бойынша аудио жазбалар және видео роликтер
жіберіліп, алдын алу шаралары жүргізіліп отырады.
Резенке пәтер — жедел профилактикалық іс- шарасы бойынша ҚР Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы 1-бөлігі яғни Қазақстан Республикасы
азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәліксіз немесе
жарамсыз жеке куәлік пен не тұрғылықты жері бойынша,уақытша болатын (тұратын)
тіркеусіз тұруы-Ескерту жасауға әкеп соғатынын.
Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәліксіз
немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша,уақытша болатын
(тұратын)жері бойынша тіркеусіз тұруы -Жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салынатынын.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабы 1-бөлігі бойынша
тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағындағы тұрғынжайлар,ғимараттар және
(немесе) үй жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі -Жеке
тұлғаларға-Он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға соғатыны жайлы
ескерту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар бұл жедел профилактикалық іс- шара барысында ескерту
шарасынан бөлек, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабы 1-
бөлігіне сәйкес хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды.
ҚР ІІМ 06.10.2022 жылғы №792 бұйрығын басшылықа ала отырып, бас
бостандығынан айыру мекемесінен босатылған тұлғаларды қадағалау күшейтіліп,
есепте тұратын азаматтармен профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, уақытысында
есепке алып және жеке үйлерді тексеріп, ҚР ІІМ-нің 06.10.2022 жылғы 792 бұйрығы
бойынша жұмыстар жүргізілді.
Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚБ №13 тірек пунктінің жауапты учаскелік
полиция инспекторы полиция майоры Беккулов Жасулан Атыгаевич.

Бөлісу

Related posts

В Шымкенте за загрязнение мест общего пользования привлечено к ответственности около 13 тысяч человек

AdiletTV

Шымкент қаласы: 2024 жылдың 9 ай қорытындысымен келтірілген шығын соммасы 690 млн теңгені құрайды

AdiletTV

Jusan Bank Қазақстанға қайтарылды

Leave a Comment