5.3 C
Shymkent
22 ноября, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Республика көлемінде “Мал ұрысы” жедел профилактикалық іс шарасы өтіп жатыр.

2024 жылдың қараша айының 18-20 күндері аралығында мал ұрлығының алдын алу және ашу мақсатында Республика көлемінде “Мал ұрысы” жедел профилактикалық іс шарасы өтіп жатыр. Аталған іс шара шеңберінде Шымкент қаласының Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының мамандарымен арнайы топ құрылып Шымкент қаласы Еңбекші ауданында орналасқан ет өнімдерін сататын дүкендер мен сауда орындары және мал соятын орындар мен қораларға рейдтік тексеру жұмыстары жүргізілді. 18.11.2024 жылы жалпы 6 ет өнімдерін сататын сауда нүктелері мен 13 қора тексерілді.
Тексеру нәтижесіне сәйкес 3 сауда нүктелері втеринарлық анықтамаларын ұсына алмады. Осыған орай ҚР ӘҚБтК-нің 406 бабы бойынша әкімшілік шара көру үшін материалдар жинақталып тиісті органға жолданды.
Шымкент қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасы және аудандық бөліністер қызметкерлерімен бірлесіп, «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша рейдтік жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде 63 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы 112 шаруа қожалық пен 204 ет сататын орын тексерілді. Сондай-ақ шара барысында мал сою пункттері, қараусыз жүрген малды ұстау орындары тексеріліп, жануарларды заңсыз тасымалдау жағдайларының жолын кесу жұмыстары жүргізілуде. Ұрланған мал өнімдерін сатуды болдырмау үшін базарлар мен ет өнімдерін қабылдау орындары тексеріліп жатыр. Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға заңсыз тасымалдаулар, белгіленбеген орындарда малды сою, ен-таңбалары жоқ малдарды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында жұмыстар жалғаса беретінін ескертті. Сондықтан малды қараусыз жібермей, бақташы жалдауға, уақытылы ен-таңбаларын салдыртып, құжаттандыруға кеңес берді.
Іс-шара мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған. Сонымен қатар, құжатсыз мал тасымалдайтын автокөліктерді және өрісте қараусыз жүрген малдарды анықтау шаралары қолға алынады. Кінәлілер анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Бұған қоса, тұрғындар малының ұрланғандығы туралы полиция органдарына кеш хабарлайды. Мал иелері өздерінің малдарын жоғалғанын байқаса да полицияға хабарын бермей, көмегіне жүгінбей өз бетінше іздейді, қылмыс орын алған сәттен арада біраз уақыт өтіп, ұрланған мал мен оған қатысты тұлғаларды іздестіруді жеңілдететін маңызды айғақтар мен іздер жоғалады. Осылайша, мал ұрлығы қылмысын жедел түрде ашуға мүмкіндік болмайды. Мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мақсатында қажетті іс-шаралар қабылданып жатыр.
Алайда, бұл жеткіліксіз. Төрт түлігін түлетіп, содан ризығын айырып келе жатқан өңір тұрғындары жауапкершілік танытулары қажет екендігін ескертеміз.

Бөлісу

Related posts

РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚАЛА ӘКІМІ ПӘТЕР КІЛТТЕРІН ТАПСЫРДЫ

AdiletTV

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ №45 тірек пунктінде жыл басынан бері ауқымды іс-шаралар жасалып келеді.

AdiletTV

Голливуд компаниясы Қазақстанда фильмдер түсіруді бастайды

Leave a Comment