-7.7 C
Shymkent
12 декабря, 2024
adilettv

Шымкент қаласы: Жарқын өмір мен денсаулықты — абыройсыздық пен ақымақтыққа айырбастамаңыз! Денсаулық — зор байлық! атты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2024 жылдың басынан бері ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына қарсы 96 операция жүргізген. Нәтижесінде 40-тан аса есірткі жеткізу арнасы жойылған. Соның ішінде 24-і – халықаралық, 17-сі аймақтық есірткі жеткізу арнасы. Сондай-ақ 16 жасырын есірткі зертханасы жойылды.
«1987 жылы 26 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні деп жариялады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқа мемлекеттік органдармен қатар осы қатерлерге қарсы іс-қимылға белсенді қатысады. 2024 жылдың басынан бері ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 96 операция, оның ішінде 23-і шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен жүргізді», – делінген ҰҚК хабарламасында.
1,3 тоннадан астам есірткі мен психотроптық зат заңсыз айналымнан алынған. 4,6 тонна көкнәр мен синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 13, 6 тонна химиялық реагенттің көзі жойылды. Осы «қара нарықтан» алынған есірткінің құны шамамен 17 млрд теңгені құрайды. Ал айналымға жіберілген көлем шамамен 5 млн доза.
ҰҚК дерегінше, Қазақстанның 54 азаматы мен шетелдіктерге қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр. Заңсыз айналымнан 790 кг астам есірткі және психотроптық заттар алынған.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Қазақстан Орталық Азиядағы «синтетикалық есірткі» өндірісінің ошағына айналды деп дабыл қаққан. Соңғы 4 жылда «синтетиканың» заңсыз айналымы 10 есе арып, ал жойылған есірткі зертханаларының саны 27 есе өсті. Есірткіге қатысты қатаң жазаға қарамастан, Қазақстаннан шыққан «синтетика» қазірдің өзінде Қырғызстан мен Өзбекстанның нарығын жаулап алған. Енді есірткі өндіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 21 мамырдағы Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жасырын зертхана ашып, есірткі өндірген азаматтарды өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейтін заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленген. Құжат нашақорлық пен есірткі бизнесіне мемлекеттік және қоғамдық қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге бағытталған.
мысалға алатын болсақ өзімізге жақын өңір Түркістан облысында жыл басынан бері тәртіп сақшылары осы жылдың 10 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 652 дерекке тосқауыл қойды. Оның 267-сі қылмыс болса, 385-і – теріс қылық. Есірткі сату бойынша 42 дерек, аса ірі көлемде есірткі сақтау – 13, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру – 67, есірткіні, психотроптық заттарды заңсыз жарнамалау, насихаттау бойынша 8 дерек анықталған.
Полиция, прокуратура өңір жастарымен бірлесіп, 100-ге жуық есірткіні жарнамалайтын жазбаны жойды. Заңсыз айналымнан 335 келіге жуық есірткі тәркіленді. Есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдаудың 137 арнасының жұмысы тоқтатылды.
Мысалы, контрабанданың 127-сі Өзбекстан шекарасынан Қазақстан аумағына өту кезінде анықталған. Ал 10 жайт ҚР-дан Өзбекстанға өту кезінде тоқтатылды. Күдіктілердің 88-і – Өзбекстан азаматы, 37-сі – Тәжікстан азаматы болған. Ал трамадолға қатысты екі қылмыстық іс, бір теріс қылық тіркелді. Мың трамадол дәрісі тәркіленді.
Сондай-ақ есірткі қойып кетуші 34 тұрғын анықталып, олардан 4 келіден астам синтетикалық есірткі алынды. Тікұшақпен аудандарда есірткі егуге ықтимал жерлерге әуемен барлау жұмыстары жүргізілді.
ал Шымкентта осы бағыттар аясында Жарқын өмір мен денсаулықты — абыройсыздық пен ақымақтыққа айырбастамаңыз! Денсаулық — зор байлық! атты тақырыптарда түрлі бейнероиктер түсіріліп барлық әлеуметтік желілерге таратылған.

Бөлісу

Related posts

ЗАҢСЫЗ САУДАМЕН АЙНАЛЫСҚАН КӘСІПКЕРГЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

AdiletTV

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТЫ САҚТАМАҒАН КӘСІПКЕРЛЕР ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

AdiletTV

АЭС: сенімді энергия көзі

AdiletTV

Leave a Comment